Рисунок 1 - Корреляционная зависимость между экспериментальными и
вычисленными значениями температуры кипения, К
0
50
100
150
200
250
300
350
400
0
100
200
300
400
Т
емп
ера
ту
ра
кип
ени
я, К
, рас
чет
Температура кипения, К, эксперимент
24
В настоящей работе рассмотрена возможность прогнозирования температуры
кипения 102 производных бензола, экспериментальные значения взяты из [7]. Расчет
молекулярных дескрипторов производился при помощи программы Dragon, затем они
были нормированы в соответствии предложенным нами алгоритмом [8].
Результаты представлены на рисунках 1, 2 и в таблицах 2, 3.
Рисунок 2 Гистограмма распределения частот ошибок прогнозирования
температуры кипения производных бензола
Приведенная на рисунке 2 гистограмма распределения частот ошибок
прогнозирования близка к нормальному распределению, что свидетельствует в пользу
адекватности модели.
Таблица 2 Показатели корреляции между экспериментальными и вычисленными
значениями температуры кипения производных бензола
Показатели
корреляции
Весь набор
Тренировочная
выборка
Контрольная
выборка
R
0.9990
0.9988
0.9991
s
2.99
2.58
4.1
Число веществ
102
80
22
Для оценки качества выполненного нами прогнозирования, обратимся к
литературным данным, приведенным в таблице 1, и отметим, что наилучшие результаты
достигаются при использовании набора из небольшого числа близкородственных
соединений. Данные таблиц 2 и 3 позволяют заключить, что проведённое нами
моделирование температуры кипения для всего набора веществ не уступает литературным
аналогам, а моделирование с разбиением на контрольную и тренировочную выборку
превосходит показатели других авторов. Это обстоятельство позволяет судить об
адекватности
алгоритма
прогнозирования
и
отобранных
дескрипторов
для
прогнозирования данного свойства.
0
5
10
15
20
25
30
35
-3.2 -2.6 -1.9 -1.3 -0.7 -0.1 0.5 1.2 1.8 2.4 3.0
Ча
стота
Ошибка прогнозирования, К
25
Таблица 3 Экспериментальные и рассчитанные значения температуры кипения
производных бензола, контрольная выборка
№
Название
CAS #
МW
Эксп
Расч
Разн
1
1-Метил-2-трет-бутилбензол
1074-92-6
148
148.27
150.28
-2.01
2
м-Этилтолуол
620-14-4
120
120.21
121.50
-1.29
3
1,2,3-Триметил-4-этилбензол
61827-86-9
148
148.27
145.69
2.58
4
Толуол
108-88-3
92
92.15
92.34
-0.19
5
Ундецилбензол
6742-54-7
232
232.45
232.20
0.25
6
1,2-Диметил-3-изопропилбензол
22539-65-7
148
148.27
145.85
2.42
7
4-Этил-м-ксилол
874-41-9
134
134.24
135.43
-1.19
8
1-Метил-2,3-диэтилбензол
13632-93-4
148
148.27
148.17
0.10
9
1,2,4,5-Тетраметилбензол
95-93-2
134
134.24
132.91
1.33
10
1,3-Диметил-5-изопропилбензол
4706-90-5
148
148.27
145.25
3.02
11
1-Метил-3-sec-бутилбензол
1772-10-7
148
148.27
146.38
1.89
12
Пентаметилбензол
700-12-9
148
148.27
151.23
-2.96
13
Додецилбензол
123-01-3
246
246.48
247.38
-0.90
14
Тридецилбензол
123-02-4
261
260.51
262.35
-1.84
15
1-Метил-2-пропилбензол
1074-17-5
134
134.24
133.39
0.85
16
м-Ксилол
108-38-3
106
106.18
106.35
-0.17
17
1-Метил-4-пропилбензол
1074-55-1
134
134.24
134.09
0.15
18
Гептадецилбензол
14752-75-1
317
316.63
319.63
-3.00
19
Октадецилбензол
4445-07-2
331
330.66
330.26
0.40
20
Нонадецилбензол
29136-19-4
345
344.69
347.86
-3.17
21
Эйкозилбензол
2398-68-7
359
358.72
357.88
0.84
22
1,2,3,5-Тетраметилбензол
527-53-7
134
134.24
131.72
2.52
Список литературы
1 Sapkota K.R. Study on QSPR Method for Theoretical Calculation of Boiling Point of
Some Organic Compounds // The Himalayan Physics.- 2012.- Vol. 3.- P. 93-95.
2 Al-Malah K.I. Prediction of normal boiling points of hydrocarbons using simple
molecular properties // J. of Advanced Chemical Engineering-2013.- Vol. 3.- P. 1-9.
3 Souyei B., Korichi M.A QSPR study of normal boiling point of organic compounds
(aliphatic alkanes) using molecular descriptors // J.of Fundamental & Applied Sciences.- 2013.-
Vol. 5(2).- P. 166-170.
4 Jiao L., Wang X., Bing S., Xue Z., Li H. Predicting the boiling point of PCDD/FS by
the QSPR method based on the molecular distance-edge vector index // Quim. Nova.- 2015.-
Vol. 38(4). - P. 510-517.
5 Saaidpour S., Bahmani A., Rostami A. Prediction the normal boiling points of primary,
secondary and tertiary liquid amines from their molecular structure descriptors // CMST. -2015.-
Vol. 21(4).- P. 201-210.
6 Begam B. F., Kumar J. S. Computer assisted QSAR/QSPR approaches – A Review //
Ind. J. of Science and Technology.- 2016.- Vol. 9(8).- P. 1-8.
7 Lide, D.R. CRC Handbook of Chemistry and Physics 88TH Edition 2007-2008. CRC
Press, Taylor & Francis, Boca Raton, FL 2007, p. 3-186
8 Важев В. В. Использование ИК- и масс- спектров в QSAR/QSPR –исследованиях.
Костанай: Изд-во КГУ, 2003. - 114 с.
26
УДК 343.775
Г47
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
Гильманова Д.М., Заң ғылымдарының магистрі,
Батыс Қазақстан Инновациялық-Технологиялық Университеті,
Орал қаласы, Қазақстан
Автор мақаласында экологиялық қылмыстардың пайда болуына қатысты себептер мен жағдайларға
тоқталған. Қылмыстың пайда болу себебін негізінен экологиялық құқықтық санамен, жаhандандырумен
байланыстырады.
Автор в своей статье рассматривает причины и обстоятельства способствующие возникновению
экологических преступлений. Возникновение преступлений связывает с экологическим сознанием и
урбанизацией.
The auther reviews the resons and the conditions which promotes the origin of ecological crime, incluoling
the infringement of routine of the special protected natural territory. The author connectes the resons of the crimes
origin with the learning personality of a criminal.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясының
31-бабында «Мемлекет адамның өмір сүру мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны
қорғауды мақсат етіп қояды» деп бекітілген[1]. Қоршаған ортаның ластану проблемасы
мемлекеттің экологиялық дамуына елеулі кедергі келтіреді. Сол себептен әлемдік
шаруашылықтың дамуының бір бағыты ретінде Қазақстан қоғамы экономиканы
экологизациялауды ескере келе, өзінің Ата заңында адамның өмірі мен денсаулығына
қолайлы қоршаған ортаны қорғау туралы мәселелерді заң жүзінде бекіткен.
Қазіргі таңның өзекті мәселесі болып экология мәселесі тұр. Осыған орай
мемлекеттік-құқықтық идеологияның экологиямен байланыс мәселесі бірінші орында.
Қоршаған орта мәселесінің өршуіне байланысты экология мемлекеттің саясаты мен
идеологиясының құрамды бөлігі болып табылады. Мемлекеттің экология аясындағы
идеологиялық жұмысы табиғатты бұзуға байланысты адамдардың іс-әрекеттерін алдын –
алуға септігін тигізеді. Негізінен экология саласындағы идеологияның жоқтығы
экокризистің себебі болып табылады. Экология саласындағы идеология мемлекеттің
экологиялық функциясы арқылы да жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 18, 20 баптары азаматтардың
ақпарат алуға деген еріктілігін білдіреді; сонымен қатар адамдардың өмірі мен
денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың
жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. Бірақ тәжірибеде азаматтардың
экологиялық ақпарат алуға деген мүдделері мен мемлекеттің мүддесі кей жағдайларда
сәйкес келмейді (мысалы: экологиялық ақпарат әскери, стратегиялық мақсаттарда).
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында айтылғандай, еліміз
неғұрлым жоғары дәрежедегі ауасы кәусар, суы тұнық ең таза жасыл ел болуы қажет.
Сонымен қатар, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында төртінші ұзақ
мерзімді басымдық ретінде Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығы, білімі
мен әл-ауқаты деп атап көрсетілген. Бұл басымдықтың ішінде ауруды болдырмау және
салауатты өмір салтын ынталандыру, нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес, темекі мен
алкогольді тұтынуды қысқарту, әйел мен баланың денсаулығын жақсарту, тамақтануды,
қоршаған орта мен экологияның тазалығын арттыру мәселелері алға қойылған[2].
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі әлемдік стандарттарға
толығымен сәйкестендірілген және халықаралық келісімдермен және конвенциялармен
үндестірілген. Осы кодексті іске асыру үшін қолданыстағы 46 заңға қатысы бар актілер
27
қабылданды. Оған мысал ретінде Базель конвенциясына негізделген қалдықтардың жаңа
классификаторы, Орхусс конвенциясына сәйкес жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа
және сот әділдігіне қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі актісі, Монреаль хаттамасына
сәйкес парниктік газдар мен озонды бұзатын заттардың шығарындыларының есебін
жүргізу, түгендеу және нормалау ережесі және бұдан басқаларды да келтіруге болады.
Мына бір мән-жайды да айта кеткен жөн. Үкімет елімізді орнықты дамуға көшудегі
тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 97 ұстаным бар, оның
бүгінде 33-ші орындалды. Осы ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнықты даму
жөніндегі бөлімдері және тиісті нысаналық көрсеткіштері ортамерзімдік жоспарларға
сәйкес келуде. 2008-2015 жылдарға арналған елдің бәсекеге қабілеттілігі және экспорттық
мүмкіндігінің жаңа деңгейдегі сапалыққа қол жеткізу мақсатында біршама жұмыстар
атқарылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты экологиялық
құқықбұзушылықтардың пайда болуын, оның алдын-алу жолдарын кешенді талдау болып
табылады.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру барысында төмендегідей
міндеттерді шешуді алға қойдым:
1) экологиялық құқықбұзушылықтардың жалпы сипаттамасын қарастыру;
2) экологиялық құқықбұзушылықты жүзеге асыратын тұлғаларды криминологиялық
талдау.
Материалдар мен әдістер. Қылмыспен күрес, оның ішінде қылмыстық-құқықтық
тәсілдермен жүргізілетін күрес әрқилы саяси және экономикалық жүйелері бар елдерді
алшақтатпай, қайта біріктіруі керек. Бұл бағытта бірқатар шаруа жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, алдағы уақытта да экологиялық және экономикалық қылмыстармен күресте
халықаралық ынтымақтастық оң нәтиже беретін сыңайлы. Мысалы оны мына
Конвенциялардан көруге болады: Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы (Вена қ,
1985ж 22 наурыз)
ҚР 1997.30.10. № 177-1 Заңымен Қазақстан Республикасы осы
конвенцияға қосылды, Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм
Конвенциясы (2001ж 22 мамыр)
2007 жылғы 7 маусымдағы № 259-III ҚР Заңымен
ратификацияланды, Шекаралық мәтінде қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау
туралы Конвенция (Эспо Финляндия 1991ж 25ақпан)
2000 ж. 21 қазандағы N 86-ІІ ҚР
Заңымен Қазақстан Республикасы осы конвецияға қосылды, Орхуй конвенциясы (Нью-
Йорк и Женева, 2000ж ООН) 2000 жылдың 23 қазанында Қазақстан Республикасы
Конвенцияны ратификациялады.
Экологиялық қылмыстар мәселесін заңнамада бекітудің алғашқы құқықтық қадамы
1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қарастырылды.
Оның Ерекше бөлімінің 11-тарауында бұрын Одақ кезінде қылмыстық заңдарда болмаған
«Экологиялық қылмыстар» тарауы пайда болды. Көрсетілген тарауда қарастырылған қылмыс
құрамдарын қылмыстық құқық теориясында жалпы экологиялық қылмыстарға (ҚР ҚК-тің
277-280, 293-баптары) және арнайы экологиялық қылмыстарға бөледі. Арнайы экологиялық
қылмыстар қатарына өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға бағытталған су
жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (ҚР ҚК 287-бабы), заңсыз аңшылық (ҚР ҚК 288-
бабы), жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу (ҚР ҚК 289-бабы), жануарлар мен
өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер
(ҚР ҚК-290-бабы), ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу (ҚР ҚК 291-бабы), ормандарды жою
және зақымдау (ҚР ҚК 292-бабы) секілді құрамдар жатады.
Қазіргі таңдағы Қылмыстық кодексте экологиялық құқықбұзушылыққа қатысты 13
тарау арналған[3].
Зерттеліп отырған қылмыстардың қауіптілігі: біріншіден, олардың тәжірибеде соңғы
28
уақыттары кеңінен тарап келе жатқандығынан; екіншіден, бұл қылмыстардың сандық
сипатымен қатар, сапалық көрсеткіштерінің де артуынан көрініп, еліміздің ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарының режимін бұзып, ол табиғи аумақтарда мекендейтін сирек
кездесетін жануарлар мен табиғат фаунасының жойылып кетуіне септігін тигізуінде..
Бұл қылмыстардың демографиялық, әлеуметтік сипаттағы зардаптарын мынадан да
көруге болады:
- адамдардың өмір сүру ұзақтығын төмендетуге, халықтың аурушаңдығын өршітуге,
өлімнің көбеюіне;
- экологиялық қолайсыз аумақтардың пайда болуына, қайта жанданып келе жатқан
табиғи ресурстардың азғындауына;
- қайта жандануға жатпайтын табиғи ресурстардың (минералдық шикізат, көмірсутекті
энерготасығыштар т.б.) сарқылуына;
- жер сапасының төмендеуіне әкеп соғады (осының бәрі адамның биологиялық түр
ретіндегі құрып кету қауіпін тудыруға әкеп соғуы мүмкін).
Экологиялық апаттың алдын алуға байланысты мәселелерді шешу үшін көнерген
әдістерді пайдалану экологиялық қылмыстылық болып табылатын келеңсіз салдарға және
қайтарымсыз процестерге әкеліп соғуы мүмкін[4].
Нәтижелер.
1. Ғылымдағы материалистік диалектиканың заңдары мен категорияларына сәйкес
қоғамдағы құбылыстардың өзгергіштік сипатымен түсіндірілетін қоғамдық қатынастардың
құбылып тұруымен қатар қылмыстылыққа деген көзқарастар да әрдайым өзгерістерге
ұшырап отырады, ал экологиялық қылмыстылықтың бірыңғай заңдық анықтамасының
болмауы тәжірибеде біршама қиындықтар тудыруда. Сондықтан қазіргі таңда экологиялық
қылмыстылықтың заңдық анықтамасын беру қажеттігі туындап отыр: Экологиялық
қылмыстылық – экологиялық қылмыстардың күрделі жиынтығы, яғни қоғамға қауіпті,
кінәлі, құқыққа қайшы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиян келтіретін
әрекеттер.
2. Жалпы қылмыстылық кез-келген қоғамда орын алады, ал экологиялық
қылмыстар өте жоғары латенттік сипатқа ие. Экологиялық қылмыстардың пайда болу
себебі қоршаған ортаны қорғау аясындағы ережелерді сақтамау, бұл көбінесе
экономикалық шығындармен байланысты. Егерде табиғи ресурстарды аса ұқыптылық пен
барлық ережелерді сақтай отырып пайдаланатын болсақ, онда бұл жағдайда табиғи
ресурстарды қолдану аясындағы шаруашылық қызметі тиімсіз болар еді. Экологиялық
қылмыстардың пайда болуына көрсетілген себептерден басқа экологиялық құқықтық сана
да орын алады. Экологиялық құқықтық сана бұл құқықтық сананың бір түрі. Оның пайда
болуы өсіп келе жатырған экологиялық дағдарыстың дамуымен және адам өркениетін
сақтап қалумен байланысты. Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің қазіргі таңдағы
міндеттерінің бірі болып экологиялық технологияларды енгізіп, экологиялық заңнаманы
дамытып халықтың экологиялық құқықтық санасын дамыту табылу керек.
3. Құқықтық және демократиялық мемлекет құру жолындағы Қазақстанда
қылмыстық саясат жүйесінде басым бағыттар қылмыстылықтың салдарымен күресуге
емес, қылмыстылықты тудыратын себептерді, жағдайларды анықтап, жоюға бағытталған.
Бұл орайда, қылмыстарды жасамау жазадан қорқуға емес, жоғарғы құқықтық мәдени
санаға және басқа да көптеген алдын алу шараларына негізделуі тиіс. Сапалы, толық та
шынайы мәліметтерсіз қылмыстылықтың алдын алуды тиімді түрде ұйымдастыру мүмкін
емес. Ал, күнделікті өмірде «ақпарат» адамдар арасында ауызша немесе жазбаша түрде
қандай да бір нәрсе туралы мәлім етеді, хабарлайды. Сондықтанда, қылмыстылықпен
күресу жұмысына жаппай халықты қатыстыру, яғни олардың құқықтық сауатын ашуға
мүмкіншілік жасау.
29
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15 бабында көзделгендей,
қылмыс субъектісі тек жеке тұлға болуы мүмкін. Алайда, қылмыстық құқықта заңды
тұлғаның жауапкершілік мәселесі даулы болып табылады.
Экологиялық қылмыстар үшін қолданылатын қылмыстық-құқықтық санкциялар
экологиялық зиянды өндіріс қызметінің барлық жұмысшыларына экономикалық пайдасыз
болуы керек. Одан басқа, лауазымды тұлғаларға айыппұл санкциялары бұзылған
экологиялық балансты орнына келтіруге ықпал ете алмайды, себебі сомалар өте аз. Заңды
тұлғаларға салынатын айыппұлдар осы функцияларды орындауы мүмкін болар еді.
Сондықтанда экологиялық қылмыстар үшін заңды тұлғалардың қылмыстық
жауаптылығын қарастыруды ұсынамыз[5].
Мәселенің талқылануы мен зерттелуі. Отандық зерттеушілердің арасында
экологиялық проблемаларды қылмыстық-құқықтық және криминологиялық тұрғыдан зерттеп
жүргендері санаулы. Олар негізінен экологиялық қылмыстардың жекелеген құрамдарын
қарастырумен шектеледі. Экологиялық қылмыстар мәселелеріне арнайы монографиялық
жұмыстар мен мақалалар арнаған ТМД атақты ғалым-заңгерлері И.Л. Вершок, О.Л. Дубовик,
А.Э. Жалинский, А. Хаджиев, А.С. Шестерюк, Э.Н. Жевлаков, Б.В. Ерофеев т.б.
Зерттеліп отырған мәселеге қатысты қазақстандық ғалымдардың ішінде мына
авторлар өздерінің еңбектерінде зерттеген Е.О. Алауханов, А.Н. Ағыбаев, Д.Л. Байдельдинов,
С.Б. Байсалов, И.Ш. Борчашвили, Н. Ипатова, Б.Әбдірайымов, С.С. Молдабаев, З. Абдуллаев,
Ф.С. Жақсыбекова.
Қорытындылар. Өндірістің нығаюына, жер бетіндегі халықтардың өсуіне
байланысты бүкіл әлемде сол сияқты жеке нақты бір елдің көлемінде қоршаған ортаны
жақсарту, қорғау мәселесі өткір сұрақ болып отыр. Қазақстанның экологиялық
қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, экологиялық қылмыстар үшін жауаптылықтың
нормаларын белгілейтін ҚР Қылмыстық кодексі белгілі бір роль атқарады[6].
Экологиялық қылмыстар – бұл қоғамдық қатынастарға, қоршаған ортаға теріс әсер
ететін немесе оны тиімді пайдалануға кедергі болатын қылмыстық заңмен қарастырылған
қоғамдық қауіпті әрекеттер.
Қылмыстылық құбылысының, әсіресе оның кейбір аса қауіпті нысандарымен
күресу, олардың алдын алу тәуелсіз Қазақстанның қылмыстық саясатының басым
бағыттарының бірі болып отыр. Бұл орайда қылмыстылықтың алдын алу қызметін
ұйымдастырудың жекелеген мәселелеріне жан-жақты талдау жасап, зерттеулер жүргізу
ерекше маңызды.
Қылмыстылық – бұл қоғамның өзі туындатқан әлеуметтік құбылыс екендігі белгілі,
сондықтан ол кешенді зерделеуді, соның ішінде ең бастысы, оның алдын алуды талап
етеді [7]. Қылмыстылықты әлеуметтік құбылыс дейтініміз, қылмыс жасаған тұлғалардың
өзі сол қоғамда өмір сүріп отырған оның мүшесі, ал одан зардап шегетіндер де қоғам
мүшелері екендігінде де.
Әдебиеттер тізімі:
1
Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995. толықтырулары мен
өзгертулерімен бірге - Алматы: «Елорда», 2011.
2
Н.А. Назарбаев. Казахстан - 2030: Процветание, безопасность и улучшение
благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана. -
Алматы: «Білім», 1998. – 50 б.
3
Қазақстан
Республикасының
Қылмыстық
кодексі
03.07.2014.
(толықтыруларымен және өзгертулерімен бірге) // «ПАРАГРАФ» құқықтық жүйесі.
4
И.Ш.Борчашвили. Резерв для совершенствования уголовного кодекса
30
Республики Казахстан есть. В кн. Актуальные проблемы уголовного права, криминологии
и уголовно исполнительного права.- Караганда: «Баспа», 2005. – 4 с.
5
Д.Л.Байділдинов.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы-Алматы:
«Интерлигал», 2005. – 38 б.
6
С.М. Рахметов, Т.А. Бапанов. Қылмыс құрамы – Алматы: «Баспа», 1999.- 135 б.
7
Криминология. Учебник для вузов / Под общ.ред.д-ра ю.н., проф. А.И.
Долговой. – М., «Норма», 2001. – 515 с.
8
Экологический кодекс Республики Казахстан // Официальная газета - №6.
Февраль. 2007. - Б.19-21.
9
О.Л. Дубовик, Жалинский А.Э. Причины экологических преступлений – М.,
«Норма», 1988. - С.11, 13, 51-57, 120, 121.
10
В.И. Кудрявцев. Причинность в криминологии – М., «Норма», 1968. – 33 б.
Достарыңызбен бөлісу: |