Международная Академия Бизнеса материалы VI международной студенческой научно-практической конференции «Молодые акулы бизнеса»


Агро өнеркәсіп кешеніндегі тәуекелдіктерді басқару



Pdf көрінісі
бет14/41
Дата25.12.2016
өлшемі4,22 Mb.
#401
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41

Агро өнеркәсіп кешеніндегі тәуекелдіктерді басқару
Қаимов М. Д.
ХБА, «Экономика», 3 курс, Алматы қ.
Ғылыми жетекшісі:
Қарғабаева С.Т., э.ғ.к., ХБА доценті 
Қазіргі  қоғам  ағымында  пайда  бола-
тын  өндірістегі,  ауыл  шаруашылығындағы 
жаңалықтарды  жасау  және  оларды  еңгізу 
сол  ортада  пайда  болған  белгілі  мәселелер 
әсерінен  пайда  болады.  Әрине,  мұндай 
жағдайда  мәліметтің  шектеулігі  әсерінен  жо-
спарда көрсетілген нәтижемен фактілі нәтиженің 
арасындағы амплитуда өте қомақты. Сондықтан 
да,  қайбір  істі  АӨК-де  бастамас  бұрын  әлеуетті 
тәуекелдерді  ескерген  жөн.  Бұл  салада  біз 
тәуекелдікті  екі  өлшеммен  қарастырамыз: 
тәуекел  деңгейі  және  тәуекел  бағасы.  Яғни, 
күтпеген жағымсыз жағдай залалының және сол 
жағдайдың орын алу мүмкіндігін қарастырудың 
АӨК-де  маңыздылығы  айқындалады.  Бұл 
сөздерге  дәлел  ретінде  соңғы  мәлімет  ретінде 
2011 жылғы астықтың мыңдаған тоннасы ашық 
аспан астында жатып қалғандығы болады. Қазір 
әр  солтүстікқазақстандық  ауылдағы  жағдай 
осындай. Алдымен ол жауынның астына қалды, 
енді  тіпті  қар  басып  жатыр.  8  миллион  тонна 
рекордтық өнімді жіберетін жер жоқ. Ең болмаса 
астықтың бір бөлігін сақтау үшін шаруалар олар-
ды дамыл-дамыл бір орыннан келесі орынға ауы-
стырады. Шенеуніктер диқандардың қайғысынан 
пайда көріп қалуды шешті. Бүгінде бидайды түкке 
тұрмайтын бағаға – тоннасын 6 мың теңгеге са-
тып  жатыр,  бұл  өзіндік  құнынан  да  төмен  [1]. 
Дабыл қағатын тәуекел осы деп қарастырсақ бо-
лады. Себебі өнім көлемі өсіп жатыр, ал біз бұл 
ризықты ысырап қылып жатқанымыз. Бұл сөзге 
дәлел төменде келтірілген мәлімет болып табы-
лады. Тәуекелдерді басқарудың ең негізгі міндеті 
шығындарды минимизациялау мен жоспардағы 
есептеулердің  сәйкессіздігі  болып  табыла-
ды.  Қазақстан  Республикасының  Статистика 
агенттігінде көрсетілген ең соңғы 2012 жылғы же-
дел деректер бойынша ауыл шаруашылығының 
жалпы  өнімінің  (қызметінің)  нақты  көлем 
индексі  (НКИ)  126,7%  құрады.  Өсім  2010  жыл-
мен салыстырғанда өсімдік шаруашылығы өнімі 
өндірісінің  58,6%-ға  ұлғаюына  негізделген.  Бұл 
өсім  еліміздегі  өнімге  әсер  ететін  тәуекелдерге 
көңіл аударудың маңыздылығын көрсетеді [2].
АӨК-де  тәуекелдерді  басқаруды  еліміздегі 
ауыл  шаруашылығындағы  инвестициялардың 
әр 
шаруашылықта 
дұрыс 
қолданылуын 
және  бұл  капиталдың  құрылу  барысында 
тексеріске,  бағалауға,  ескертулерге,  форс-
мажорлық  ықтималдылықтарға  негізделген 
ұйымдастырушылық-экономикалық 
және 
қаржылық  іс-шаралардың  жиынтығы  ретінде 
қарастырамыз. 
Тәуекелді 
басқарудың 
механизмінің  құрамын  сараласақ:  тәуекелді 
анықтау; тәуекелді талдау мен бағалау; жаңалық 
енгізумен  байланысты  тәуекел  факторларын 
азайтуға бағытталған іс-шараларды ойластыру. 
Негізгі  мәселелерді  қозғап  өтер  болсақ, 
барлық  инновациялық  үрдістер  жоғарғы  са-
яси  және  экономикалық  тәуекелдермен 
қатар  жүретіні  баршаға  мәлім.  Әрине,  мұның 
нәтижесінде  АӨК-дегі  көптеген  кәсіпорындар 
дәстүрлі қаржыландырылу көздеріне қол жеткізе 
алмайды (банктік несие, капитал нарығынан өнім 
алу т.б.). Сонымен қатар мемлекеттік субсидиялар 
тарқатылу  аясы  біршама  азайып  қалатындығы 
тағы  бар.  Нәтижесінде,  АӨК-дегі  кәсіпорындар 
мақсатты 
түрде 
қаржыландырамыз 
деп 
тәуекелдіктерді өзара бөлісіп алады. Ал мұндай 
тәуекел  еліміздің  қарапайым  жұртшылық  сек-
торында  өте  қауіпті  болып  табылады.  АӨК-
мен  байланысты  кез-келген  шаруашылықтың 
әрдайым  тәуекелмен  байланысты  болуы  бұл 
саланың маңыздылығын көрсетеді. 
Екінші  мәселе  басқару  бөлімінің  көзқарасы 
бойынша 
АӨК-де 
жалпыэкономикалық 
тәуекелдер  болып  табылады.  Оның  құрамына: 
шикізат 
бағасының 
өзгергіштігі, 
валюта 
курсының динамикасы, пайыздық ставкалардың 
артып  отыруға  бейімдігі.  Осы  факторлардың 
тәуекелділігінің көп болуы басқа да тәуекелмен 
тығыз  байланыста  болуымен  түсіндіріледі.  Ал 
бірінші кезекке саяси тәуекелдерді қойсақ бола-
ды. Тағы да қарастырып өтер жайт мемлекеттік 
бюрократиялық  интервенция  болып  табыла-
ды. Яғни, мемлекеттік бағдарламалармен толық 
ақпараттанбаған  қарапайым  халықтың  қағаз 
бастылыққа  тәуелді  болып  қала  беруі  болып 
табылады.  Жоғарыда  аталған  экономикалық 
факторлардың  кез-келген  агрошаруашылықпен 
тікелей байланыста болып, шығындардың табыс 
есебінен  ақталмай  қалуы  жергілікті  бюджет-
ке  қосымша  салық  түсірмек  түгілі  қарызданған 
кәсіпкерлерді 
көбейтіп 
қана 
қоймай, 
жасөспірімдерге  үлгі  боларлық  нәтижеге  ие-
ленбеген әсерінен тәуекел арты жоқтыққа алып 
барады.
Мәселелерді  шешу  жолдарына  кезекті  бер-
сек, алдымен экономикалық ортаның өзгеріске 
жақын екенін ескеріп, АӨК-дегі әрбір жобаның 
жүзеге  асып  жатқан  әрбір  тармағында,  әрбір 
деңгейінде,  әрбір  мезгілінде  экономикалық 
талдауға негізделген тәуекелдерді басқару үшін 
түзету  жұмыстарын  жүргізу  қажет.  Бұл  үшін 
нарықтық  күйге  идентификация  жүргізетін 
талдау  жүйесін  ұйымдастыруға  міндеттіміз. 
Инвестицияға байланысты шешімдер қабылдау 
барысында  осындай  талдаулардың  есебі 

102
әрдайым  нарық  қозғалысының  болашағын 
анықтауға мүмкіндік береді. Тәуекелдің азаюына 
септігін тигізері сөзсіз түсінікті.
Мәселелерді  шешудің  келесі  тәсіліне  на-
зар  аударсақ,  тәуекелдерді  басқару  үшін 
қорғаныс  шараларын  оптимизациялау  екенін 
көрсетеді.  Бұл  механизмнің  ең  танымал 
түрі  –  сақтандыру  болып  есептеледі.  Әрине, 
сақтандыру  компаниясының  жағымсыз  жайт-
тарда  шығыныңызды  компенсациялауы  хақ, 
алайда  алдын-ала  төленген  жарна  болуы  тиіс. 
Уайымға  бой  алдырған  ұйқысыз  түндерге 
қарағанда  бұл  төлем  пайдаға  асатыны  анық. 
Бұл  жерде  шаруашылық  тәуекелді  сақтандыру 
компаниясымен  бөлісетін  болғандықтан  бұл 
амалды тәуекелді келісімшарт ретінде беру деп 
атаймыз.  Яғни,  трансферт  ретінде  сақтандыру 
компаниясын  қарастырамыз.  Егер  сақтандыру 
компанияларының  қазіргі  дамыған  замадағы 
маңызды  рөліне  көз  жүгіртсек,  бұл  трансфертті 
минимизацияның жеке бір тармағы ретінде ала 
аламыз. 
Cтатистика бойынша бидай, мақта егістіктерін 
сақтандырған  ұйымдар  736  миллион  теңге 
сыйақы жинап, 1 миллиард 776 миллион теңге 
сақтандыру  төлемін  төлеп,  шығынға  батқан 
еді.  Алайда  «Өсімдік  шаруашылығын  міндетті 
сақтандыру  туралы»  заңға  сәйкес,  сақтандыру 
төлемдерінің  тең  жартысын  Үкімет  өз  мойны-
на  алады.  Сондықтан  болар,  сақтандыру  ком-
паниялары  биыл  да  бидай,  мақта,  қызылша, 
күнбағыс  егістіктерін  сақтандыру  науқанына 
кірісіп  кетті.  Олардың  басты  бәсекелесі  –  ау-
дандарда 
құрылатын 
өзара 
сақтандыру 
қоғамдары  көрінеді.  Өйткені  бұл  қоғамдар 
сыйақыны  сақтандыру  компанияларынан  екі 
еседей  аз  алады.  Сақтандыру  жарнасын  былай 
қойғанда, жанар-жағармайға қаржыны әрең та-
уып, егін әупірімдеп жүріп салатын шаруаларға 
тарифтің  төмен  болғаны  жақсы-ақ.  Алайда 
сақтандыру  компаниялары  «өзара  сақтандыру 
ұйымдарының егінін күйіп немесе шіріп кеткен 
жағдайда  төлем  төлеу  ықтималдығы  аз»  деп 
отыр. Шаруалардың өз еркі болса, сақтандыруға 
жоламас та еді. Бірақ заң талабы бойынша, олар 
егінді  сақтандыруға  міндетті.  Әйтпесе  айыппұл 
төлейді [3].
Шетелдік 
тәжірибеден 
үйренеріміз 
сақтандыру 
кәсіпкерлік 
шаруашылықтар 
спецификасына  қарай  тікелей  және  жанама 
зардаптарға,  тәуекелдерге  бағытталған.  Мұнда 
жұмысшы  қателігі,  алаяқтық,  басшының  ауруға 
немесе  өлімге  душар  болуы,  коммерциялық 
құпияның  жария  болуы  секілді  бөлімдер  бар. 
Бұл  Қазақстан  Республикасында  тәуекелдерді 
басқарудың сақтандыру саласын әртараптандыру 
қажеттігін аңғартады.
Үшінші тәуекелдерді басқарудағы мәселелерді 
жою  жолы  арнайы  қаражат  резервтерін  құру 
болып  табылады.  Бұл  резервтерді  құруда  орын 
алатын  тағы  бір  мәселе  әлеуетті  тәуекелді 
бағалаудағы  күмәндік  болып  табылады.  Бұл 
шараларды  жүзеге  асыруда  біз  сапалық  және 
сандық талдау көмегіне жүгінеміз. 
Осы  мақаладағы  ең  негізгі  ұсыныс 
тәуекелдерді жою мақсатында сол тәуекелдерді 
әртараптандыру ең тиімді тәсіл болып табылады. 
Яки  шикізаттың,  құрал-жабдықтардың,  жұмыс 
күшінің  барлық  қолдану  аясын  қамту  қажет. 
Мұнда  капиталды  әртүрлі  қаржылық  тәуекел 
мен әртүрлі табыс көздеріне бөліп тастауға бо-
лады.  Кәсіпорынның  бекемділігіне  қосымша 
жауапкершілік  деңгейі  арта  түседі.  Сонымен 
қатар, кәсіпорынға бір саланың жетегінде қалуға 
рұқсат бермей, нарықтың басқа да секторларын-
да өзін көрсете алуына жағдай жасайды. Бір са-
лада қиындық көрінсе, екінші салада белсенділік 
таныту  мүмкіндігі  тәуекелді  біршама  азайтады. 
Әрине,  бұл  жағдай  шығындарды  өтеуге  лайым 
дайын. Себебі нарықтың бір мезетте барлық ко-
ньюнктурасы сұраныссыз қалу ықтималдылығы 
төмен.
Нәтижеге келер болсақ, әр амалды зерттеу ба-
рысында тәуекелді нейтралдау үшін несие және 
басқа да қаржы ресурстарының көздерін лимит-
теу қажет екендігі белгілі болды. Бұл амал банк-
инвестор тарапынан қолданылса игі болады.
Деректер:
1.  Солтүстік Қазақстан Баспасөз қызметі: «Қаншама жиналмаған астық далада қалды?» 21 қа-
раша 2011 жыл  Авторы: Елена Шаерман 
2.  Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. www.stat.kz2012 жылғы 26 қаңтар № 07-02/46
3.  «Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет Автор: Анар Қуанышбекова 
http://www.alashainasy.kz/economica/15359/
4.  Кожабаев Ж.И. Эффективность возделывания ячменя в севообороте. – Алматы: Бастау, 1992. 
– 16 с.
5.  Кожабаев Ж.И. Ячмень в условиях богары. – Алматы: Бастау, 1994. – 32 с.
6.  Кожабаев Ж.И. Фотосинтез и вопросы продуктивности растений // Аналитический обзор. - 
Алматы: Баспагер, 1998. – 46 с.
7.  Кудайбергенов М.С., Кожабаев Ж.И.   Влияние экологических факторов на изменчивость и 
адаптивный потенциал генотипов ячменя. – Алматы: Бастау, 2000. – 25 с.

103
Экологиялық проблемаларды биогазға айналдыру
Қаимов М. Д.
ХБА, «Экономика», 3 курс, Алматы қ.
Ғылыми жетекшісі:
Даулетбек Т., э.ғ.к. , ХБА доцент 
    Ірі өндіріс кәсіпорындарынан ылғи шығып 
отыратын  түтін  мен  оның  зияндығы  бәрімізді 
алаңдатады. Алайда, қазіргі елімізде тұрғылық-
ты халық бар әр аумақта, әр үй төңірегінде жа-
ғылып жататын жапырақтардың тигізетін зиян-
ның  мөлшері  өндіріс  орындарынан  кем  түс-
пейтіндігін  барлығымыз  біле  бермейміз.  Ауа-
сыз өмір жоқ екендігін біле тұрып, өзімізді улап 
отыруымыз, әрине, талқыға түсер өзекті проб-
лема екендігі еш күмәнсіз. Қағып алар дерттер 
ішінен астма, онкологиялық және мутациялық 
кесірлерді  атап  өтуге  болады  [1].  Ең  алдымен, 
жапырақтардың қомақты фильтр екендігін атап 
өтеміз.  Ауаны  тазарту  процесінде  олар  ауыр 
металдарды  жұтып  жатса,  ағаш  өз  тамырына 
токсинді заттарды жинайды. Яғни, жапырақ өр-
телген уақытында атмосферадан, тамыр арқы-
лы грунттан жиналған  зиян дүниелерді сыртқа 
шығарады.  Нақтылай  кетсек:  көміртек  оксиді, 
ангидрид,  азот  қышқылы  және,  ең  маңызды-
сы, токсинді диоксиндер. Ең соңғы аталғандар 
мутагендік, канцерогендік әсер береді, ал ол өз 
кезегінде  иммунитетті  азайтып,  аномалияның 
дамуына күш береді [2]. Бір тонна өртеніп жат-
қан жапырақ 30 кг көміртек оксидін бөледі. Бұ-
ның  қандағы  гемоглобинмен  араласу  қабілеті 
күшті болғандықтан жасушаға оттекті жеткізуге 
шектеуге болады. Ал өртеніп жатқан жапырақ-
тар арасында полиэтиленді қорап, пластикалық 
бөтелке болса, онда 70 түрлі зиянды заттардың 
пайда болуына әсер береді. Өскелең ұрпақтың, 
қартайған қауымның дертіне «жығылған үстіне 
– жұдырық» принципімен қауіпті болып жатқа-
нын білуіміз шарт. 
Бұл  проблеманы  шешу  жолдары  ретінде 
посткеңестік  Украина  мемлекетін  алсақ  бо-
лады.  Оларда  жапырақты  өртеуге  тиым  са-
лынған  2  құжатты  ауыз  толтырып  айта  алады 
–  «Жергілікті  тұрғылықты  орындардың  сани-
тарлы  ережелері»  мен  «Атмосфералық  ауаны 
қорғайтын  санитарлы  ережелері».  Максимал-
ды штраф 425 гривна болып саналады. Ал бұл 
көрсеткіш біздің валютада 7904 тенге көлемін-
де болады. 
Ал  енді  біздің  алдымызда  жиналған  жапы-
рақ  қалдықтарынан  үйінділерді  тиімді  пайда-
лану  сұрағы  туындайды.  Бұл  жерде  тағы  сол, 
алысқа  бармай,  Украина,  Молдава,  Азербай-
жан  елдерінің  тәжірибелеріне  жүгінеміз  [3]. 
Олар энергия алудың жаңа көзі – биогаз қон-
дырғыларын қолдануды жүзеге асыра бастады. 
Мысалы, Молдова мемлекетінің өзінің қаржы-
сы мен Евроодақтың қолдауымен 14,5 миллион 
евро көлеміндегі қаржыға Гагаузия, Штефан Во-
дэ, Леова, Кантамиреде жапырақ, өсімдік арқы-
лы биогаз өндіретін қондырғылар ашылуда. Әр 
жыл сайын Молдовада 700 мың тонна жапырақ 
қалдықтары мен басқа да өсімдіктер жиналса, 
бұдан олар 700 миллион Квт/сағатына энергия 
алуда [4].
Шикізат түрі
Газ шығу мөлшері  


килограмм құрғақ шикізатқа)
Метан мөлшері %
Шөп
0,280 - 0,630
70
Жапырақ
0,210 - 0,290
58
Жапырақ қалдығындағы метан мөлшері [3]
Биогаз құрамы:
Газ 
Химиялық формуласы
Көлемдік мөлшері
Метан
CH
4
40-70%
Көмірқышқыл газ
CO
2
30-60%
Басқа да газдар
1-5%
Сутек
H
2
0-1%
Күкіртті сутек
H
2

0-3%
Когенерацияға  тоқталып  кетсек,  мұнда  біз 
электр энергиясымен жылу энергиясына қатар 
қол жеткіземіз. Таң қалдыратын жайт, өзге тех-
нологиялар  жұмыс  жасау  үшін  электрэнергия-
сын қолданса, бұл қондырғы утилизация бары-
сында энергияны өндіретін болып саналады [5].

104
Жоғарыдағы  көріністен  еліміздің  шаруала-
рына  таптырмас  бұл  қажетті  технологиялар-
дың экологиялық салықтардың жоқ болуымен 
тиімділігі айқындала түседі. Біздің тыңғылықты 
назарымыздан  тыс  қалған  бұл  биогаздардың 
Қазақстан  Республикасының  шаруалары  үшін 
ерекше болу себептерін талқылай өтсек:
Ұзақ уақыт шірімейтін, утилизацияны, қайта 
өңдеуді  қажет  ететін  қалдықтарды    биогазды 
алу үшін шикізат ретінде қолданады
Биореакторда қайта өңдеуге ұшыраған бұл 
қалдықтар органикалық құнды тыңайтқыштар-
ға айналады. 
Электр энергиясын алуға көмектеседі, жылу 
энергиясы  мен  табиғи  газ  ретінде  қолдануы-
ңызға болады. 
Өз  шаруашылығыңызды  өзіңіз  электрэнер-
гиясымен  қамтамасыз  ете  аласыз,  сонымен 
қатар тыңайтқыштарды сату арқылы қосымша 
табысқа кенелу мүмкіндігі болады
Енді проблемалар кезегіне жол берсек, мем-
лекеттік  «жасыл»  энергия  өндірушілерді  қол-
дау деген арнайы бағдарламалардың болмауы 
-  бір  мәселе.  Екіншісі  -    энергияжүйелер  рет-
телген арнайы қатынастың болмауы. Үшіншісі – 
бір ғана жапырақ пен жануарлар қалдықтары-
нан энергиялық қамсыздандыру проблемасын 
шеше  алмайтынымызды  білмеу.  Яғни,  арнайы 
мамандардың жоқтығы. 
Шешу  жолдарына  келсек,  меммлекеттік 
бағдарламаны  жандандыру,  жаңашаландыру. 
Биогаздар  мәселесін  фундаментальді  зерттеу 
жұмыстары  елімізде  90  жылдардың  ортасын-
да басталғандығын ескеруіміз қажет. Идеяның 
басын  ұстағандар  Органикалық  синтез  бен 
углихимия  институтының  мүшелері  болған-
дығын ұмытпағанымыз жөн. Яғни, мұндай ма-
мандардың биогазды қондырудағы климаттық 
ерекшеліктерді  ескеру  қажеттігі  екендігі  мен 
сол  қондырғылардың  жаңа  заман  деңгейдегі 
үлгісін  жасауға  ниетін  мемлекеттік  деңгейде 
қолдау. 
Шетел тәжірибесінен мысал келтірсек, Гер-
мания  мен  Францияда  атом  электр  стансы-
ларынан  өндірілетін  электр  қуатының  өзіндік 
құны  біздің  ақшамен  киловаты  10-12  теңгеге 
түседі екен. Ол елдердің Үкіметі жұртқа биогаз 
құрылғыларын  алуға  арнайы  субсидия  бөліп, 
жыл  сайын  электр  қуатының  арзан  әрі  эко-
логиялық  таза,  қауіпсіз  түрін  тұтынуға  үндеп 
келеді.  Осы  елдердегі  биогаз  қондырғылары 
өзін-өзі жеті жыл ішінде толығымен ақтап, тек 
таза пайда үшін қызмет етіп келеді екен. Тұтас 
ел қазынасының қомақты бөлігін жел энергия-
сы арқылы үнемдеп отырған Голландия туралы 
әңгімені қайталау да артық шығар [6].
Ал  экологиялық  ахуалдан  туындаған  бұл 
әңгіменің бір ұшы ел ішінде электр энергиясы-
ның қымбаттауы мен энергетикалық дағдарыс-
қа қарсы қолданар жақсы әдіс болар еді.
 
 
Деректер:
1.  «Комсомольская правда в Украине» газеті «Дәрігерлердің жапырақты өртеуге тиым салуы»  
http://dn.vgorode.ua/news/21042/
2.  «Коментарии Луганск» ғаламторлық-ақпарат көзі «Жапырақтарды өртеу зиян әрі қымбат» 
http://lugansk.comments.ua/digest/2011/10/04/140529.html
3.  «Квадрат» архитектура саласындағы компанияның жеке веб порталы  «Биогазды болашақ» 
http://www.kvadart.su/biogas
4.  GAGAUZINFO ақпараттық порталы «Гагаузияда жапырақ түсімдерінен электрэнергия алатын 
болды»  http://gagauzinfo.md/index.php?newsid=1684
5.  Биогаздыққондырғылар  ЖШС  "ЛУГОВСКОЙ  КОННЫЙ  ЗАВОД"http://www.lkz.kz/sections/
Biogaz
6.  «Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет «Энергетикалық тәуелділік-
тен құтылу жолы бар ма?» http://www.alashainasy.kz/economica/8477

105
Экономика здравоохранения РК на пути к новому курсу
По определению ВОЗ, здоровье – состояние 
полного физического, душевного и социально-
го  благополучия при отсутствии болезни или 
физических  дефектов.  Его  поддержание  –  за-
дача многих  наук  и разных  сфер жизни. На 
него  влияет образ жизни – качество, уровень 
и стиль жизни. Из общего числа заболеваний 
больше  половины  являются  следствием  пло-
хой  заботы  самого  человека  о  собственном 
здоровье и здоровье своих детей. Легче устра-
нить условия, приводящие к заболеванию, не-
жели лечить саму болезнь [1]. В РК у людей есть 
право  на  охрану  здоровья,  которое  должно 
обеспечиваться  эффективным  государствен-
ным  контролем.  Уже  в  настоящее  время  важ-
но  состояние  морального  здоровья    -  оно  не 
всегда может быть обеспечено обычными ме-
рами  государственного  контроля.  Сегодня  на-
ше здоровье во многом зависит от реализации 
экологической стратегии и,   вообще, от  реали-
зации  стратегии  устойчивого  развития,  поэто-
му  должна  быть  сбалансированная  стратегия 
достижения  целей.  Любая  отрасль  зависит  от 
современных потребностей, на которые влияет 
множество факторов, среди которых и нацио-
нальная  культура, политическая безопасность 
и конкурентоспособность. Также на экономику 
медицины  положительно  влияют  инновации 
в  различных  сферах  жизни  и  наук:  в  образо-
вании, педагогике, менеджменте, информаци-
онных  технологиях.  Наша  страна    имеет    не-
которые положительные  природные условия:  
количество  света,  ветра,  количество    почвы, 
дающие возможность применения разных эко-
номичных технологий.
Гармония  экономической стороны и реаль-
ных представлений и нужд населения  служит 
для слаженности механизма охраны здоровья.  
Ее  существование  поддерживается  развитием 
отрасли здравоохранения  и основано на Госу-
дарственной программе развития здравоохра-
нения на 2011-2015 годы, которая имеет целью 
улучшение  здоровья  граждан  Казахстана  для 
обеспечения устойчивого социально-демогра-
фического развития страны [1]. Согласно стати-
стике  основные  показатели  здоровья  населе-
ния  РК  улучшаются:  показатель  естественного 
прироста  населения  на  1000  человек  –  14,47, 
показатель  рождаемости  –  23,68,  показатель 
смертности  –  9,21.  [2]  Программа  ФИИР  под-
держивает  здравоохранение:  строительство 
медицинских  объектов,  производство  меди-
цинской продукции. Медицинский холдинг яв-
ляется  реализованным    шагом  в    достижении 
целей государственной стратегии.
Уровень здравоохранения должен влиять на 
рост экономики, а также на конкурентоспособ-
ность страны в сфере человеческих ресурсов. 
В  Казахстане  вступила  в  действие  солидарная 
ответственность за состояние здоровья отдель-
ного гражданина по принципу «государство — 
гражданин  —  работодатель»  [3].  Особенности 
отрасли:  зависимость  от  экономического  ро-
ста,    источник  и  методы  финансирования.  На 
улучшение здоровья населения РК в 2012-2015 
годах будет выделено  1,5 трлн. тенге. Как пра-
вило,  государство  предпринимает  различные 
меры, нацеленные на поощрение социальной 
ответственности. Как заявляет Всемирная  ор-
ганизация  здравоохранения,  почти  41%  всех 
расходов  на  здравоохранение  в  Казахстане 
несет  частный  сектор,  из  них  большую  часть, 
а  именно  99%,  тратит  население  и  только  1% 
- страховые компании. Доля расходов на здра-
воохранение в Казахстане мала по сравнению 
с  аналогичной  долей  в  развитых  странах.  По 
Программе    развития  здравоохранения  на 
2011-2015 в РК все большая доля средств вы-
деляется из местных бюджетов [1].
В  условиях  конкуренции  в  погоне  за  при-
былью  могут  быть  использованы  препятству-
ющие  развитию  методы.  И  стимулы  должны 
не основываться на  объеме спроса, а должны 
быть связаны с достижением  качества.  Долж-
на быть действенная стабилизационная  систе-
ма  управления  финансовыми  средствами    на 
всех  уровнях  и  четкое  разграничение  управ-
ленческих  функций  среди  государственных  и 
других  организаций  в  системе  здравоохране-
ния;    государство  должно  планировать  пред-
ложение  медицинских  услуг  и  товаров  так, 
чтобы цены на товары единичного спроса не 
были высокими, а дорогое производство под-
держивалось  поддерживаться  государством. 
Медицинский бизнес может использовать по-
мощь  государства,  используя  поощрительные 
инструменты, не допуская излишней экономии: 
в структуре предложения, оборудовании и т.д. 
из-за того, что любое предложение выходит на 
общий  рынок  услуг,  в  котором  подвергается 
силе конкуренции.  С другой стороны, фактор 
удовлетворения  физиологической  потребно-
сти как фактор спроса, требует совершенство-
вания подходов в контроле и стандартизации. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет