«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет17/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Дәрет ыдысын беру
Төсек тартып жатқан науқастарға ішегін және қуығын (әйелдер) босату үшін дәріт ыдысын беру қажет. Қалыпты жағдайда адам үлкен дәрітке тәулігіне 1 рет, ал кіші дәрітке тәулігіне 5-6 рет отырады. Дәріт ыдысы резеңке, эмалданған, пластмасс болады.
Дәріт ыдысын, шымылдық дайындау.
Іс-әрекет:

  1. Таза зарарсыздандырылған дәріт ыдысын ағынды жылы сумен шайыңыз. Дәрет ыдсында біраз су қалдырыңыз.

  2. Қолдарыңызды жуыңыз, қолғап киіңіз.

  3. Науқастың төсегін қоршағандардан шымылдықпен бөліңіз.

  4. Науқастың оң жағына тұрыңыз.

  5. Науқастың жамбасының астына клеенка төсеңіз.

  6. Сол қолыңызды науқастың құйымшағының астына салып, бөксесін көтеріңкіреңіз (науқастың аяқтарын тізесінде бүгілген).

  7. Оң қолыңызбен дәрет ыдысын науқастың боксесінің астына қойыңыз.

  8. Үлкен дәрітке отырғаннан кейін дәріт ыдысын, клеенканы алып тастаңыз. Дәріт ыдысын клеенкамен жабыңыз, дәрітханаға апарып, ішіндегісін төгіңіз. Науқастың астын жуып шайыңыз. Шымылдықты алып тастаңыз.

  9. Дәрет ыдысын босатқаннан кейін оны ыстық сумен мұқият жуып, 1-2% хлорлы әк, 3% хлорамин ерітіндісімен зарарсыздандырылады.



Зәр қабылдағышты беру
Іс-әрекет реті:

  1. Қолғап киіңіз.

  2. Зәр қабылдағышты жылы сумен шайыңыз.

  3. Науқастың төсегін қоршағандардан шымылдықпен бөліңіз. Мүмкіндігіне қарай басқа науқастардың палатадан шығуын сұрайсыз.

  4. Зәр қабылдағышты беріп, үстін жабыңыз.

  5. Зәр шығарғаннан кейін, зәр қабылдағышты босатып, оны зарарсыздандырыңыз да артынан жуыңыз.

  6. Клеенканы алып, науқасты ыңғайлы жатқызыңыз, оның үстін жауып, шымылдықты алып тастаңыз.

Зәр қабылдағышты тәулігіне 1 рет калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен шайып тұру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет