«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет20/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97
Ойылулардың алдын алу:

1.Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру.


2.Үнемі төсек-орын, іш-киім жағдайын бақылап отыру, төсек орын жапқыштарын тегістеу, дымқыл және кір іш киімді дереу ауыстыру.
3.Терісін күніне 2-3 рет сабынды суық сумен жуып отыру, камфор спиртіне немесе одеколонға батырылған сүлгімен сүрту, ұнтақ себу.
4.Резеңке шеңберлер қолдану.
5.Науқастарды уақытында жуындыру және әр дәретке отырғаннан кейін астын шайып жуу.
Алдымен бозару, содан кейін тері қызарып, ауырсыну, ісіну пайда болады. содан соң сүйек қабығының қамтылуымен жаралар және сему дамиды. Зақымданған тері арқылы инфекция түсуі мүмкін, бұл іріңдеуге және қанның қағындысына (сепсис) әкелуі мүмкін. Ойылулардың пайда болуы – науқас күтімінің жеткіліксіздігін көрсетеді!
Ойылулардың емі алдын алу шараларынан күрделі. Алғашқы кезеңдерде зақымданған жерді 5-10% йод ерітіндісімен, 1% бриллиант жасылмен сүрту, физиотерапиялық ем жүргізіледі. Асептикалық таңу жасалады. Егер ойылулар пайда болса, оны калий перманганатының 5-10% ерітіндісімен сүртіп, Вишневский майымен, синтомицин және т.б. таңу қажет. Некрозда-маймен таңу, жалпы күшейту емі (қан құю, плазма), кейде операция – теріні ауыстыру қолданылады. Кейінгі кезде – ируксол деген препарат ұсынылады.Ол тәулігіне 2 рет 2 мм қалыңдықта дымқыл таңу түрінде жасалады.


Ауыз қуысы, көз, құлақ,
мұрын және шаш күтімі
Ауыз қуысының күтімі

Ауыз қуысын қарау. Науқас ауызын ашады.Мейірбике науқастың еріндері мен беттерін шпательмен тартады.Бадамша бездері мен жұтқыншақтың артқы қабырғасын қарағанда шпательмен тілдің түбірін басып, науқасқа «а» дыбысын айтуды сұрайды.


Ауыз қуысын, бадамша безі мен жұтқыншақты қарағанда күшейтілген жарық керек.
Бұл үшін рефлектор-шамын немесе кез келген басқа рефлекторды қолдануға болады.
Әр адамға ауыз қуысы күтімінің қарапайым ережелерін сақтаған жөн: әрбір тамақ ішкеннен кейін ауыз қуысын сумен шаю, түнде және таңертең тісті тазалау, өйткені түні бойы ауыздың шырышты қабығы мен тістер эпителий клеткаларынан, шырыштан және микроағзалардан тұратын жұмсақ жұқа қабатпен жабылады. Қатты тағамдарды шайнағанда және тамақты жұтқанда ауыз қуысы өздігінен тазартылып отырады. Науқастарда жұқа қабатпен жабылу күшеюі мүмкін, өйткені ауыздың шырышты қабығы арқылы зат алмасу бұзылуының өнімдері шығарыла бастайды: бүйрек жетіспеушілігі кезінде азотты заттар , қант диабетінде – қант, сынап- сынапты улануда және т.б.
Бұл заттар шырышты қабатты ластайды және микроағзалардың қарқынды дамуына әкеледі.
Сондықтан ауыр науқастардың ауыз қуысының күтімі өте мұқият, мейірбикемен жүргізілуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет