Талу кезіндегі алғашқы медициналық көмек:
Науқастың басын төмен, аяқтарын көтеріңкі қылып жатқызу (бас миындағы қан айналымы жақсарту үшін)
Таза ауамен қамтамасыз ету
Қысып тұрған киімдерін шешу
Бетіне суық су бүрку, шапалақтау
Мүсәтір спиртіне матырылған мақтаны иіскету
Коллапс қан қысымының күрт түсуімен және перифериялық қан айналымының бұзылуымен өтетін жедел жүрек жетіспеушілігінің клиникалық көрінісі. Көп қан жағалтқанда, ортостазда байқалады. Клиникалық көріністері талу кезіндегі сияқты, бірақ коллапсиа естен тану бола бермейді, науқас тек бей-жай, болып жатқан нәрселерге қатысусыз болуы мүмкін, ұарашығы кеңейеді.
Көмек: қан кетсе тоқтату, науқасты жылыту, бас жағын төмендетіп жатқызу, қажет болған жағдайда дәрігердің тағайындауымен қан құю, қан тамыр тонусын көтеретін дәрілер енгізу (кордиамин, сульфокамфокаинб мезатон , т.б.).
Коллапс кезіндегі алғашқы медициналық көмек:
науқастың басын төмен, аяқтарын көтеріңкі қылып жатқызу (бас миындағы қан айналымын жақсатру үшін)
таза ауамен қамтамасыз ету
қысып тұрған киімдердін шешу
коллапстың пайда болу себептерін жою (қан кетуді тоқтату, ағзадан уларды шығару)
науқасты жылыту
артериялық қысымды көтеретін препараттарды енгізу (адреналин, норадреналин, мезатон, дофамин, глюкокортикоид)
айналымдағы қан көлемін арттыру (колоидті және кристалоидті ерітінділерді, қан мен онің құраушыларын құю).
Жүрек қан тамыр жүйесі ауруларымен ауратын
науқастардың тамақтану ерекшеліктері
Науқастардың тамақтары құнарлы болуы керек, калий тұздарына бай (банан, піскен картоп, орамжапырақ, кептірілген жемістер және т.б.) өсімдік талшықтары бар, витаминдері көп тағамдарды беру қажет. Артериялық гипертензиясы және жүрек жетіспеушілігі бар науқастарға ас тұзын 1,5-3 гр. Мөлшеріне дейін және сұйықтықты тәулігіне 800-1000 мл-ден аспайтындай шектеу керек. Тамақ құрамында холестерині және қиын еритін майлары (шошқа қой еттері, өзеннің майлы балығы және т.б.) өкп өнімдер болмауы шарт, өйткені олар қан тамырларының, ең алдымен жүрек артерияларының зақымдануының өршуіне әкеліп соғады. Тәулігіне 5-6 ретке бөліп аз мөлшерде тамақтанған жөн. Жүрек-қан тамыр ауруларының қосымша қауіп факторы ретінде дененің артық салмағымен күресу және ашығу күндері (Карель диетасы) ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |