«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет77/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Асқазанды жуу – көп мөлшерде ішке дәрілік заттарды қолданып уланғанда, сапасы төмен тамақпен ішімдікпен, саңырауқұлақпен және т.б заттарымен уланғанда көрсетілетін көмек ол- асқазанды жуу болып табылады. Бұл шараға қажетті жабдықтарды дайындау қажет:

  1. Жуан асқазан зондты (оның ұзындығы 100-120см, сыртқы диаметрі 10-15мм, бітеу ұшында екі бүйір сопақша тесіктері бар, асқазанды жуу кезінде зондтвң қаншалықты енгенін анықтау үшін бітеу ұшынан 45,55,65см қашықтықта белгілері бар. Зондтың ұзындығы анықтау қиын емес: науқастың бойынан 100см алып тасталынады. Мысалы, науқастың бойы 155см болса, екінші белгілеу 55см тісінің деңгейінде болуы тиіс.);

  2. Ұзындығы 70см болатын резеңке түтік (зондты ұзарту үшін) және түтік, оның диаметрі 8мм –ден аз емес болуы керек,

  3. Сиымдылығы 1л болатын оймыш

  4. Вазелин майы

  5. Шайынды суларға арналған ыдыс немесе шелек

  6. Бөлме температурасына сәйкес келетін 10-12 л таза су және литрлік тостаған

  7. Ауызкергіш, тілұстағыш және металлдан жасалған саусақ кигіш.

  8. Резеңке қолғаптар мен клеенкалар алжапқыштар.

Асқазанды жуу- жағымсыз іс шара, сондықтан науқасқа оның мақсатын, маңызын және орындау тәртібін түсіндіру қажет.
Қимыл әрекеттердің тәртібі:

  1. Асқазанды жууға қажетті жабдықтарды жинап аламыз: зонд, шыны және резеңке түтіктер (зондты асқазанға енгізгеннен соң оймышты қосады)

  2. Науқасқа және өзіңізге алжапқыш кигіз, оны отырғызып, қолын орындықтын

арасына қарай қайырып осы қалыпта орамалмен бекітеміз

  1. Науқастың бүйір жағынан немесе артынан тұрмыз

  2. Сол қолдың 2- саусағымен немесе ауыз кергішті науқастың азу тістерінің арасына енгізіп, басын артқа шалқайтамыз

  3. Оң қолыңызбен науқастың тілінің түбіріне вазелин майы жағылған немесе суға малынған соқыр ұшын салып, науқасқа жұтуды және мұрынмен терең дем алуды ұсыныңыз.

  4. Науқас жұтынғанда зондты өңешке өткіземіз (мұны жәй жасау керек, себебі шапшаң өткізгенде зонд бұралып қалуы мүмкін). Егер зондты енгізгенде науқас жөтеліп,тұншығып,беті көгеріп кетсе, тез арада зондты шығарып алу керек , себебі ол өңешке емес, көмей немесе трахеяға түсіп кеткен

  5. Зондты қажетті деңгейге дейін жеткізгеннен кейін оны енгізуді тоқтатыңыз, оймышты қосып, оны науқастың тізесіне дейін түсіріңіз. Сонда одан асқазан сөлі бөлінсе зонд дұрыс орналасқан егер асқазан сөлі бөлінбесе, зондты артқа немесе алдыға қарай жылжытып орналасуын өзгерту қажет.

  6. Оймышты тізе деңгейінде сәл еңкейтіп, оның ішіне 1литрдей су құйыңыз.

  7. Оймышты жәйлап жоғары көтеріңіз. Суоймыштың тесігіне жеткенде, оны бастапқы қалпына түсіріңіз.Шыққан су мөлшері құйған су мөлшеріне сәйкес келуі тиіс.

  8. Оймыш ішіндегіні ыдысқа төгіп тастаңыз.

  9. 8,9,10-іс әрекеттерді шайынды су тазарғанша қайталап отырыңыз.

  10. Жуып болғаннан соң , оймышты алып, зондты асқазаннан шығарып, олардың ішкі және сыртқы жағын жуыңыз.

Ес түссіз жатқан науқасқа асқазанды жуу алдында жөтелу және ларингеальді рефлекстердің болмауына байланысты сұйықтық аспирациясын болдырмау үшін дәрігер немесе фельдшер трахея интубациясын жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет