«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет82/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Эзофагогастродуоденноскопия арнайы дайындауды қажет етпейді, ол таңертең аш қарынға жүргізіледі.
Ультродыбыстық зерттеу де таңертең аш қарынға жүргізіледі, айқын метеоризм болса – зерттеудің алдында 2-3 күн бойы арнайы емдәм және белсенді көмір ұсынылады, бұл ағзалардың (бауыр, өт қабы, ұлтабар без) ультродыбыстық жақсы көрінуіне мүмкіндік береді.
Зертханалық зерттеуге нәжісті алу: нәжісті дефекациядан кейін бірден, жылы күйінде жинаған жөн. Нәжісті таза, құрғақ және мүмкіндігіне қарай шыны ыдысқа жинау керек. Ыдыстын сыртында науқастың аты- жөні, бөлімшесі, палатасы, зерттеу мақсаты, меззімі және жолдаушының қолы болуы керек. Мейірбике ыдыстан нәжісті ағаш қалақшамен немнсе шпатльмен алады. Құрт жұмыртқаларына тексеру үшін нәжісті үш жерден алу керек және зертханаға жылы күйінде жіберген жөн. Жасырын қанға тексеру үшін науқасты үш күн бойы дайындайды, бұл кезде ет және балық тағамдарын, сондай-ақ құрамында йод, бром және темір бар дәрілерді қабылдауға болмайды. Төртінші күні алынған нәжіс зертханаға жіберіледі.


Газ шығаратын түтіктер мен ұштықтарды залалсыздандыру.
Клизма қоюға арналған резеңке құралдармен ұштықтар қолданыоғаннан кейін 30 минутқа ішінде зарарсыздандырғыш ертіндісі (1% хлорамин) бар жеке, арнайы белгіленген ыдыстарға салынуы қажет, содан кейін ағынды сумен жуып, 30 минут бойы қайнату керек. Оларды таза, құрғақ, арнайы белгіленген ыдыста сақтаған жөн.


Бүйрек пен несеп шығару жолдарының қызметі бұзылған сырқаттарды бақылау және күту
Бүйрек пен несеп шығару жолдарының әр түрлі аурулары клиникалық тәжірибеден едәуір жиі кездеседі. Әдетте консервативті емді қажет ететін бүйрек паренхимасының көптеген аурулары мен олардың асқынуларын ішкі медецина бөлімі нефрология зерттейді. Несеп жолдарының, ер адамдардың жыныс мүшелерінің, сондай –ақ бүйректің хирургиялық емді қажет ететін ауруларының, емі және алдын алуы сұрақтарымен клиникалық медецина бөлімі уроллогия айналысады. Бүйрек пен несеп жолдары ауруларының диагностикасында әр түрлі лабораторлық және аспаптық зерттеу әдістері қолданылады. Күрделі және деректі зерттеу әдістері енгізілсе де салыстырмалы қарапайым тексеру әдістері диагностикалық маңызын жоғалтқан жоқ.
Белгілі бір уақыт аралығында зәрдің жасалып, шығарылу процесі диурез деп аталады, ал тәулік бойы шығаралатын зәр көлемі тәуліктік диурез деп аталады. Оның көлемі 1000-1800 аралығында тербеледі, бірақ физиологиялық жағдайға, қабылданған сұйықтық мөлшеріне, тамақтануға, жұмыс сипатына, ауа температурасы мен ылғалдығына немесе кейбір аурулардың болуына байланысты көбйіп немесе азйып отыруы мүмкін. Қалыпты жағдайда зәрдің тәуліктік мөлшерінің 60-80% күндіз сағат 8-20 аралығында шығарылады. Сонымен қатар, әдеттегі жағдайда адам өкпесі арқылы 300-400 мл –ге, ал физикалық күш түскенде 500 мл-ге жуық су шығаратынын ескерген жөн. Адам терісі арқылы тәулігіне 300-400 мл-ге жуық су жоғалтады, 100 мл-ге жуығы нәжіспен шығарылыды, іш өткенде- анағұрлым көбірек. Физикалық күш түскенде және ауа райы ыстық болғанда, көп тер бөлінгенде тәуліктік диурез азаюы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет