«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы


ІІІ. Туберкулез микробактериясын қақырық алу



бет71/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   97
ІІІ. Туберкулез микробактериясын қақырық алу
Мақсаты: өкпе туберкулезінің диагностикасы. Флотация әдісі қолданылады.
Жабдығы: тезе құрғақ түкіргіш немесе қақпағы бар банка.

  1. Науқас қақырықты үш тәулік бойы бір ыдысқа жинайды.

  2. Ыдыс (түкіргіш) салқын жерде сақталады.

  3. Үш тәуліктен кейін мейірбике түкіргішті лабораториға жеткізеді.

  4. Тексергеннен кейін қақырық муфельді пештерде жағылады.

ІV. Атипиялық клеткаға қақырық алу.
Мақсаты: өкпенің ісік ауруларының диагностикасы.
Жабдығы: құрғақ залалсыздандырылған түкіргіш.

  1. Тексеруге таңертеңгі жаңа қақырықты жібереді.

  2. Тексерудің қарсаңында мейірбике науқасқа анализ өткізудің уақыты мен тәсілін ескертеді. Таңертең құрғақ, залалсыдандырылған, белгіленген түкіргішті береді.

  3. Таңертеңінде науқас тісін тазалайды.

  4. Түкіргіштің шеттеріне тигізбей қақырады (5мл жеткілікті).

  5. Түкіргіштің қақпағын тығыздап жауып, оны салқын жерге қояды.

  6. Мейірбике жолдама жазады да қақырықты зертханаға тез арада жеткізеді, өйткені ісік клеткалары тез бұзылады.


Жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды бақылау және күту
Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларының негізгі белгілері


Жүрек тұсындағы ауырсынулар

Жүрек тұсындағы ауырсыну шағымдарын бағалау кезінде олардың барлығы жүрек-қан тамырлар жүйесінің зақымдануына байланысты бола бермейтіндігін есте сақтаған жөн. Бұл маңдағы ауырсыну сезімі плевраның (құрғақ плеврит), омыртқа бағанасы мен қабырға аралық жүйкелердің (омыртқа остеохондрозы, қабырға аралық невралгия) зақымдануы, миозит, көк еттің өңештік тесігінің жарығы және т.б. кездерде пайда болуы мүмкін.


Қан айналу жүйесінің ауруларымен байланысты көкірек қуысындағы ауырсынулар перикард, қолқа, жүйке патологиясымен туғызылуы мүмкін. Бірақ аурудың диагностикасы, ары қарайғы тактикасы мен болжамы үшін науқаста стенокардия ұстамасның пайда болуы неғұрлым маңызды болып табылады.
Стенокардия ұстамасы жүрек артерияларының атеросклероз салдарынан тарылуы кезінде дамиды, бұған тамырлардың тартылуы қосылуы мүмкін.
Стенокардия ұстамасы кезінде миокардтың оттегіне мұқтаждығы мен короналық қан айналымының мүмкіндіктері арасында сәйкессіздік пайда болады. Бұл жүрек бұлшық етінің гипоксиясына, ишемияға әкеледі. Олардағы зат алмасу бұзылады, зат алмасудағы тотықпаған өнімдер миокардтың сезімтал рецепторларын тітіркендіреді де ауырсыну сезімін тудырады. Әдетте стенокардия ұстамасы физикалық және эмоциональді күш түскенде пайда болады. Төс артында басып, қысып, күйдіріп ауырсыну сезіміне өліп қалу қорқынышы қосылады, сол жақ иыққа, қолға, мойынның сол жақ жартысына, төменгі жақ сүйегіне беріледі, 1 минуттан 10 минутқа дейін созылады және өздігінен тыныштық қалыпта немесе тіл астына нитроглицерин салған соң 1-3 минуттан кейін басылады.
Көрсетілген көмек: толық тыныштық жағдай жасау, тіл астына нитроглицерин беру, кейде жүрек тұсына қыша қағазын қою. Әдетте, ұзақ басылмаған стенокардия ұстамасы өте қауіпті миокард инфаркты ауруымен асқынады. Оның негізінде жүрек бұлшық етінің некрозы жатыр.
Миокард инфарктының неғұрлым жиі кездесетін әдеттегі варианты төс атындағы ауырсынудың пайда болуымен сипатталады. Оның белгілері тыныштықта да, нитроглицерин қабылдаса да басылмайтын 30 минуттан ұзақ уақытқа (бірнеше сағатқа дейін) созылатын төтенше қатты ауырсыну. Бұл ауырсынулар өліп қалу қорқынышымен, тұншығумен, әлсіздікпен, қысымның төмендеуімен және т.б. өтеді. Мұндай науқастарды аурудың алғашқы сағаттарында-ақ интенсивті емдеу палатасына жедел жатқызу үшін барлық қажетті құрал-саймандармен жабдықтау қажет. Аурудың алғашқы күндерінде қатаң төсектік тәртібі белгіледеді, осы кезеңде төсектің, төсек жапқыштар мен іш-киімдердің жағдайын бақылау, барлық гигиеналық іс-шараларды жүргізу, дәрет ыдысын, зәр қабылдағышты беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет