Клизманың түрлері (тазалау,
сифонды, қоректендіру, дәрі-дәрмектік)
Газ шығаратын түтікшені енгізу тәсілі
Клизма (грекше Klysma- шаю)-бұл диагностикалық немесе емдік мақсатпен әр түрлі сұйықтықтарды тік ішек арқылы енгізу тәсілі. Диагностикалық клизма, мысалы, ішектің тарылуын анықтау үшін жүргізіледі. Тоқ ішекті ренгендік зерттеу үшін (ирригоскопия) ренген контрасты препараты бар контрасы клизма қолданылыды. Емдік мақсатта тазалау, сифонды және дәрілік клизмалар қолданылады.
Тоқ ішектің төменгі бөліктеріндегі нәрселерді жұмсартуға және шығаруға арналған тазалау клизмалары тұрақты іш қатуда, уланулар кезіндегі уытты заттарды шығару үшін, операциялар және босанулар, асқорыту жолдарын ренгендік зерттеу және тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеу, дәрілік клизмалар жүргізер алдында қолданылады. Дәрігердің тағайындауы бойынша орындалады.
Тазалау клизмалар тоқ ішектің жедел қабынулық және эрозивті –жаралық зақымдануларда, құрсақ қуысы ағзаларының кейбір жедел хирургиялық аурулары(жедел опендецит, жедел перитонит) кезінде, сондай-ақ асқазан –ішек қан кетулерінде, тоқ ішектің ыдыраған ісіктерінде, құрсақ қуысы мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі алғашқы күндерде, қанталаған геморройда, тік ішектің түсуінде, ауыр жүрек-қан тамыр жетіспеушілігінде жасауға болмайды.
Тазалау клизмасы жұмсақ әсер етеді. Бұл кезде ішектің төменгі бөлігі босайды. Енгізілген сұйықтық ішекке механикалық, термиялық, химиялық әсер етеді, бұл перистальтиканы күшейтеді, нәжісті жұмсартады да оның шығуын жеңілдетеді. Науқасқа қатты күшенбеуге болады, клизманың әсері бірнеше минуттан кейін байқалады.
Егер науқастың жағдайы мүмкіндік берсе, онда бұл шара клизма жасайтын арнайы бөлмеде жүргізіледі. Бұл жерде кушетка, эсмарх кружкпсын іліп қоятын штатив, раковина, клизмаларға арналған “таза” және “кір” ұштықтарды салатын белгіленген ыдыстар, зарарсыздандырған ерітінділер, вазелин және т.с.с.болады. Мұнда дәретхана бөлмесі де болуы керек. Тазалау клизмасын жасау үшін 1) эсмарх кружкасын және ұштықты (шыны, пластмасс немесе эбонитті); 2) вазелинді, клеенканы; 3) дәрет ыдысын (егер іс шара палатада орындалса) дайындап алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |