«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет80/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Жүргізу реті :

  1. Бөлме температурасындағы (20 C)1,0-1,5 л суды эсмарх кружкасына құйыңыз. Атониялық іш қатуда судың температурасы 12 С-тан төмен, ал спастикалықта –жоғары(42 С-қа дейін) болуы керек. Нәжісті жұмсартып, шығуын жеңілдету үшін суға май (майсана –кастор майы, күнбағыс, вазелин) немесе 1ас қасық сабын жоңқаларын қосуға болады.

  2. Резеңке түтіктері тетікті ашып, оны суға толтырыңыз. Тетікті жабыңыз.

  3. Кружканы іліп қойыңыз, ұштыққа вазелин жағыңыз.

  4. Шеті легенге түсіп жатқан клеенкамен жабылған(егер науқас суды ішегінде ұстай алмайтындай болса) кушеткаға науқасты сол қырымен жатқызыңыз, бұл кезде оның аяқтары тізесінде бүгілген және ішіне сәл жақындатылған болуы керек(егер науқасты қырына жатқызуы мүмкін болмаса, науқасты арқасына жатқызып жасайды).

  5. Нәжістің неғұрлым жақсы жұмсаруы үшін ішекте суды бірнеше минутқа ұстауға тырысу қажеттігін науқасқа түсіндіріңіз.

  6. Сол қолдың 1және2 саусақтарымен жамбастың арасын ашыңыз, ал оң қолмен ұштықты жайлап алдымен кіндікке қарай (3-4см ), ал содан кейін омыртқаға паралель 8-10см тереңдікке артқы тесікке кіргізіңіз.

  7. Тетікті ашыңқыраңыз – су ішекке кіре бастайды(судың тез ақпауын қадағалаңыз, өйткені ауырсынуы болуы мүмкін) егер су ішекке кірмей жатса кружканы жоғары котергіз, және ұштықтың бағытын өзгертіңіз: оны тереңірек енгізіңіз немесе сыртқа тартыңыз. Егер бұл көмектеспесе (ұштық нәжіспен бітеліп қалуы мүмкін), ұштықты шығарып алыңыз да оны қатты ағынды сумен жууыңыз, қайтадан енгізіңіз.

  8. Ішекке суды енгізгеннен кейін тетікті жабыңызда ұштықты жайлап шығарып алыңыз.

  9. Дәрет ыдысын тезірек беріңіз(егер іс шара “клизма” бөлмесінде жасалмаса)

Егер сумен бірнеше минуттан кейін нәжіс те шықса тазалау клизмасын сәтті болды деп есептеуге болады.
Босаңсыту клизмалары(майлы және гипертониялық) тазалау клизмасы нәтижесіз болғанда, құрсақ қуысына операция жасағаннан кейін алғашқы күндерде және босанғаннан кейін, сондай ақ үлкен ісінулерде қолданылады.
Майлы клизма. Ішекке енгізілген май нәжісті қаптап алады және жұмсартады. Майлы клизмадан ішек 10-12 сағаттан соң босайды. Майлы клизманы жасау үшін:

  1. Алмұрт тәріздес баллон немесе және шприці;

  2. Газ шығаратын түтікше, вазелин;

  3. 37-38 С- ка дейін жылытылған 100-200 мл өсімдік немесе вазелин майы қажет. Майлы клизманы жасағаннан кейін науқас бірнеше сағат жатуы керек, әйтпесе ішекке енгізілген май ағып кетеді.Сондықтан бұл клизма түге қарай жасылынады.

Жұмыс реті:

  1. Науқасқа клизмадан кейін таңертенге дейін төсектен тұруға болмайтындығы туралы ескерту.

  2. Алмұрт тәріздес баллонға 100-200 мл жылы майды алу

  3. Газ шығаратын вазелинді жазу

  4. Науқасты сол қырымен бүгілген аяқтарын ішіне жақындатып жатқызу

  5. Жамбастарының арасын ашыңқырап, газ шығаратын түтікті ішекке 10-20см –ге кіргізу

  6. Түтікке алмұрт тәріздес баллонды жалғап, майды ақырындап енгізу. Газ шығаратын түтікті алып, оны зарарсыздағыш ертіндіге салыңыз, ал баллонды ағынды сумен сабындап жууыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет