Негізгі белгілері:
Дене салмағының өзгеруі – тән емес симптом, бірақ ол эндокринді ауруларда жиі кездеседі, дене салмағының аса үдемелі азаюы қалқанша без қызметінің жоғарлауына, дене алмағының артуы қалқанша без қызметінің төмендеуінде байқалады, майдың біркелкі емес таралуы гипоталамикалық семіздікте болады.
Бұлшық ет әлсіздігідиффузды токсикалық зоб, гипотиреоз, қант диабеті кезінде байқалады.
Жүйке жүйесі қызметінің өзгеруі ішкі секреция бездерінің ауруларының жиі кездесетін белгісі. Қалқанша без қызметінің жоғарлауында психоэмоциональды бұзылыстар, жоғары жүйелік қозғыштық, күйгелектік, көңіл күйдің тез өзгеруі, көп сөйлегіштік байқалады. Ал бұл без қызметінің төмендеуі сөйлеудің баяулығымен, есте сақтаудың нашарлауымен, ұйқышылдықпен, әлсіздікпен өтеді. Кейде полиневрит (аяқтағы ауырсыну, парестезия, тартылу) түрінде шет жүйке жүйесінің зақымдануы болады (қант диабеті).
Шөлдеу мен полиурия қант емес диабеттің маңызды белгілері.
Ас қорыту қызметінің бұзылуы. Тәбеттің жоғарлауы қант диабеті кезінде семіздігі бар науқастарға, қалқанша без қызметінің жоғарлауына тән.
Іштегі ауырсыну, лоқсу, құсу – гипергликемиялық кома, тиреотоксикоз кезінде жиі кездесетін белгілер. Іш қату гипотериозда болады.
Қант диабетінің негізгі белгілері: гипергликемия, глюкозурия, полиурия, полидипсия. Диабетке тән белгі – гипергликемия-ашқарынға глюкозаның қандағы мөлшерінің ммоль мөлшерінен жоғары көтерілуі. Жеңілдету түрінде қандағы глюкоза мөлшері қалыпты болуы ықтимал. Мұндай кезде қандағы глюкоза деңгейін тәулігіне 3-4 рет анықтайды. Егер де осы жолмен алынған корсеткіштер қалыпты болса, мысалы жасырын қант диабетінде, онда глюкозаға біріктілік сынамасын жүргізеді. Аш қарынға қандағы глюкоза мөлшерін анықтағаннан кейін науқасқа 50 г глюкозаны 200 мл суға ерітіп береді. Одан кейін үш сағат бойы әрбір 30 минут сайын қандағы глюкоза деңгейін анықтайды. Бұл кезде сау адамдарда бір сағат ішінде қандағы глюкоза мөлшері алғашқы деңгейімен салыстырғанда 50% - ке артады (бірақ 9,4ммоль \л ден артық емес). Екінші сағаттың соңында қандағы глюкоза деңгейі алғашқы корсеткішке дейін немесе оданда төмен түседі. Қант диабетімен сырқаттанатын науқастарда қандағы глюкозаның көтерілуі кейінірек және анағұрлым айқынырақ болады, ал алғашқы деңгейге дейін үш сағат өтседе түспейді.
Қант диабетімен сырқаттанатын науқастардың күтімінде тері жабындыларының тазалығын қадағалау, гигиеналық ванналарды уақытымен жүргізу, астын жуып шайып отыру қажет. Төсек тартып жатқан науқастарда ойылулардың алдын алу шараларын жүргізу қажет. Дене салмағын үнемі өлшеп отырудыңда маңызы зор. Өйткені дене салмағының өзгеруі емнің нәтижелілігін көрсетеді. Науқастардың емінде дұрыс тамақтануға көңіл бөлген жөн. № 9 емдеу тағайындалады (көмірсуларымен майларды шектеу). Тез сіңірілетін көмірсулар (қант бал және т.б.) тамақтың құрамынан мүлдем алынып тастайды. Ішімдіктер қабылдауға болмайды.
Гипогликемия– гликемия деңгейі 3 ммоль –ден төмен болған кездегі жағдай. Себептері:инсулиннің артық берілуі, тамақты уақытынан кеш қабылдау немесе қабылдау ретін өткізіп жіберу, физикалық көп күш түсу, аса көп ішімдік қабылдау, султфанилмочевинаның көп мөлшерін ішу. Белгілері: діріл, жүректің қағуы, тершеңдік, аштық сезімі. Бұл белгілер гипогликемиялық команың жаршалары. Егер осы кезеңде науқас көмірсуларын қабылдаса, кома болмайды. Команың белгілері: естен танады, терісі дымқыл, бұлшық еттер тонусы жоғары, тырысулар болады, сіңірлік рефлекстер жоғары, көз қарашығы кеңейген, тыныс алуы үстірт, ацетон иісі жоқ, АҚ мен тамыр соғуы қалыпты.