«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы


Зәрді жалпы анализге және Нечипоренко бойынша анализге жинау реті



бет84/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   97
Зәрді жалпы анализге және Нечипоренко бойынша анализге жинау реті:
1.Несепжыныстық мүшелерін мұқият жуғаннан кейін науқас таңертеңгілік зәрдің бірінші порциясын дәрет ыдысына немесе унитазға төгеді,ортаңғысын-диурезницаға,соңғысын тағы да дәрет ыдысына немесе унитазға тәгеді.
2.Науқас немесе мейірбике оймыштың көмегімен зәрді ыдысқа құяды.(100-мл ден кем емес)да қақпағын тығыздап жабады,банкаға науқастың аты жөні,палатысының нөмірі жазылған қағаз жапсырылады.
3.Зәрді зертханаға жинағаннан кейіннен бір сағаттан кешіктірмей апару керек.
Бүйрек пен несеп шығару жолдарының жұқпалы қабыну ауруларында зәрді бактериологиялық зерттеу жүргізіледі:10мл зәрді залалсыз пробиркаға жинап,арнайы қоректік ортаға егу үшін бактерологиялық зертханаға жібереді.
Тәуліктік протеинурияны немесе глюкозурияны анықтау үшін зәрді тәулік бойы сағат танертенгі 8 ден келесі күнгі 8 дейін ыдысты салқын жерге қойып жинайды. Зәрдің жалпы мөлшері өлшенеді де 200 мл зертханаға жіберіледі.
Бүйректің концентрацилық қызметі. Зимницкий сынағының көмегімен анықталады. Зәрдіді жеке жеке белгіленген ыдыстарға таңертеңгі сағат алтыдан келесі күнгі таңғы сағат алтығдан келесі күнгі таңғы сағат алтыға дейін әр үш сағат сайын жинайды. Күндізгі және түңгі диурезді жеке жеке есептейді. Әр порциядағы зәрдің көлемі мен салыстырмалы тығыздығын анықтайды. Күндізгі және түнгі диурездің қатынасын, зәрдің ең жоғары және ең төменгі тығыздығы арасындағы тербелуді бағалайды. Бүйректің концентрациялық қызметі төмендегенде зәрдің бір қалыпты салыстырмалы тығыздығы (мысалы 1007-1012)-изогипостенурия, сондай-ақ никтурия анықталады.
Зимницкий бойынша зерттеуге зәрді
жинау реті:
1.Науқасқа уақыты көрсетіліп реті белгіленген сегіз ыдыс беріледі.
2.Таңертеңгі сағат 6да науқас кіші дәретке унитазға отырады,содан кейін әр 3 сағат сайын сәйкес ыдысқа келесі күнгі таңғы сағат 6 ға дейін зәрін жинайды.
3.Мейірбике науқасты түнде зәрдің түнгі порциясын жинау үшін оятып отырады.
4.Ыдыстар тығыз жабылып,зертханаға жеткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет