«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет90/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97
Семіздікпен сырқаттанатын науқастардың күтімі кезінде тыныс пен жүрек қан тамыр жүйесінің қызметіне ерекше көңіл бөлген жөн (тыныс жиілігін санау, тамыр соғуын, қан қысымын анықтау). Мұндай науқастарда тершеңдік жиі байқалады, соның салдарынан тері қатпарларында баздану, іріңді зақымданулар дамиды. Сондықтан тері жабындыларн мұқият күту, гигиеналық ванналар мен душты үнемі қабылдау қажет. Науқстардың салмағын үнемі өлшеп отырудың да маңызы зор.
Семіздіктен сырқаттанатын науқастардың емі мен күтімінде дұрыс тамақтану тәртібін ұстану елеулі орын алады, яғни энергиялық құндылығын шектеу, ашығу күндері, физикалық күш түсіру, көбірек қимылдау.
Диетотерапияның қағмдалары: көмірсулар мен майлардың есебінен энергиялық құндылықты төмендету, белок мөлшерін аздап көтеру, ас тұзын тәулігіне 5-7 г дейін шектеу, сұйықтықты 1-1,2 л дейін қабылдау, татымдылықтарды, түздалған, кептірілген тағамдарды, ішімдіктерді пайдаланбау, бес-алты рет тамақтану тәртібін ұстану.
Семіздіктің ауыр түрінде 2-3 апталық ашығу мүмкін, тек дәрігердің тағайындауымен және медициналық мекемеде.
№ 8,8а емдеу, аптасына 1-3 рет ашығу күндерімен тағайындалады.
Емдік жаттығулар емдік әсер ету факторларының бірі болып табылады.


ӘР ТҮРЛІ ШҰҒЫЛ
ЖАҒДАЙЛАРДЫ АНЫҚТАУ,
ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ КӨМЕКТІ КӨРСЕТУ



Әртүрлі уланулрды анықтау және дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.
(Иісті газбен, ішімдікпен, қышқылдармен, сілтілермен, дәрілік заттармен)
Ішкі мүшелердің қызметтерінің кейде өлімге дейін әкелетін бұзылуларын туғызатын әртүрлі заттардың ағзаға түсуінің салдарынан дамитын патологиялық жағдайды улануларға жатқызады. Ауылдық жерлерде пешпен жылыту жүйесін қолдану ережелерін дұрыс сақтамаған кезде иісті газбен улану болады(әсіресе өрт кезінде неғұрлым ауыр уланулар байқалады). Ішімдік және оның өнімдерімен - әртүрлі лосьондармен, иіс сулармен, эликсирлермен, жиһазды тазалауға және жылтыратуға арналған заттармен, сондай-ақ ішімдік екен деп қателесіп қабылданған заттармен улану жиі кездеседі. Дәрілік заттармен көбінесе ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілермен, әртүрлі дәрілік заттардың спирттік тұнбаларымен улану да жиі кездеседі.
Улану жағдайлары да әртүрлі болуы мүикін. Байқаусызда улану, әсіресе мектеп жасына дейінгі балаларда, жиі тіркеледі. Кей кездерде улы заттармен және ядохимикаттармен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан уланады. Улы заттарды ішімдік орнына қателесіп ішу, ал кейде (мысалы, бензин буларын иіскеу) токсикомания кезінде әдейі қабылдау байқалады. Күшті әсерлі немесе улы дәрілік заттардың мөлшері артық болғанда немесе оларды қателесіп енгізгенде уланулар болуы ықтимал. Кей кезде улы заттарды өзін өзі өлтіру мақсатында қабылдайды.
Улы заттардың ағзаға түсу жолдары әр қилы: ауыз арқылы, ингаляциялық, тері арқылы, инъекция арқылы енгізгенде. Уланудың белгілері улы заттарды қабылдағанан соң бірнеше сағаттар немесе тәуліктер өткенне кейін, ал кейбір кезде, мысалы, күкірт қышқылының көп мөлшерімен уланғанда – бірден байқалады. Уланулардың клиникалық көрінісінде орталық жүйке жүйесінің, тыныс мүшелерінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, ас қорыту мүшелерінің, бүйректің зақымдануы бірінші орында тұрады.
Орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы көптеген заттармен уланғанда (мысалы, ұйықтататын, иісті газбен, фосфорорганикалық қосындылар және т.б.) болады және бас ауруымен, бас айналумен, жалпы әлсіздікпен, қозумен немесе тежелумен, ал кейбір ауыр кезде елеулі психикалық бұзылыстармен – кеңістік пен уақытты сезінуінің бұзылуымен, галюцинациялармен, тырысулармен, естен танумен өтеді.
Уланулар кезінде тыныс алу мүшелері қызметінің әр түрлі бұзылулары болады. Мысалы есірткі заттар, барбитураттар, ішімдіктің көп мөлшері тыныс орталығының қозғыштығын тежейді. Фосфорорганикалық инсоктицидтер тыныс бұлшық еттерінің қызметін бұзады, соның салдарынан кеуде клеткасының қозғалу экскурсиясы күрт шектеледі. Сондай-ақ, есірткі заттармен уланғанда тілдің түсіп кетуі, сілекей мен бронх бездері секрециясының күшеюі, көмекей мен бронх бұлшық еттерінің тарылуы салдарынан тыныс долдарының өткізгіштігі бұзылады. Көптеген химиялық заттар (хлор, амияк булары, өткір қышқылдар) өкпенің токсикалық ісінуін туғызады. Уланулардың жедел сатысында тыныс алу қызметінің бұзылуы кейінен трахеобронхит пен өкпе қабынуының ауыр түрлерінің дамуына әкеледі.
Уланулар кезінде жүрек-қан тамыр жүйесінің зақымдануы артериялық қысымның жоғарлауымен, жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігімен, ырғақтың бұзылуымен және т.б. сипатталуы мүмкін. Артериялық қысымның көтерілуі, кей кезде анағұрлым көбірек, кейбір уланулардың (фосфорорганикалық қосындылармен, амиякпен, хлор буларымен) ертерек сатыларында байқалады. Жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі қан тамыр қозғалыс орталығының белсенділігінің тежелуінің, сондай-ақ айналымдағы қан млшерінің азаюының салдарынан барбиураттармен, қорғасын, сірке суымен және т.б. уланғанда болады. Жүректің жиырылуы ырғағының әртүрлі бұзылыстары жүрек бұлшық етіне улы заттардың тікелей әсер етуінің, сондай-ақ ағзадағы электролиттік баланс бұзылуларының салдарынан болады.
Асқазан ішек жолдарының зақымдануы уланулар кезінде жиі кездеседі, төс етегіндегі немесе бүкіл іштегі ауырсынумен, диспепсиялық бұзылыстармен, ең алдымен құсумен, өңештен, асқазан, ішектен қан кетумен сипатталады. Қан кетулер, мысалы, қышқылдармен және сілтілепмен, дихлорэтанмен, сынап тұздарымен уланғанда болады және ол өңнш, асқазан, ішек қабырғаларының терең зақымдануымен, сондай-ақ қанның ұю жүйесінің бұзылуымен байланысты. Көп жағдайда, атап айтқанда бензолмен, улы саңырауқұлақтармен, құрамында мыс жәнеқорғасын қосындылары бар ядохимикаттармен уланғанда жедел бауыр жетіспеушілігінің дамуына дейін әкелетін бауырдың зақымдануы дамиды.
Этиленгликольмен антифпиз, сsнап және қорғасын қосындылармен, сірке суымен улану бүйректің ауыр зақымдануына, кейде жедел бүйрек жетіспеушілігінің дамуына дейін әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет