«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет85/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Қуықты катетерлеу
Ер адамдарда несеп шығару жолдарының және қуық асты безінің жағдайына байланысты қуысының диаметрі әр түрлі, ұзындығы 25 см-ге дейін резеңке, пластмасс немесе металл катетерлер қолданылады. Металл және резеңке катетерлер сабынды жылы сумен жуылғаннан кейін 30-40 минут қайнатылады, ал кіргізер алдында залалсыз вазелин майы немесе глицерин жағылады. Катетерлеу урутер аймағын қарағаннан кейін және сыртқы жыныс мүшелерін мұқият жуғаннан соң жүргізіледі. Қандайда бір өзгерістер болса, катетерлеуді дәрігер жүргізеді.
Әйел адамдарды катетерлеу: катетерді ұшынан 4-5 см алшақ жерінен қысқышпен қысады да несеп шығару жолына 4-5 см тереңдікке енгізеді, содан кейін қысқышты алады немесе тағыда 4-5 см жерге ауыстырады. Қалған ағын несеп шығару жолын шайып өту үшін катетерді барлық зәр шықпай тұрып алады.
Ер адамдарды катетерлеу: катетерді кіргізілетін ұшынан 8-10 см жерден пинцетпен ұстап, аса қатты баспай жайлап енгізеді, басқа ұшын несеп жинайтын ыдысқа салады. Болуы мүмкін асқынулар: зәр шығару жолы қабырғасының жыртылуы, аталық ұрық безі қосымшаларының қабынуы және т.б. Болуы мүмкін асқынулардың қатерлігін ескере отырып, ер адамның қуығын катетерлеуді дәрігер жүргізген жөн. Жұқпалы асқынулардың алдын алу үшін қуықты катетерлегенен кейін, әсіресе қайталанған , қуықты 0,05% риванол ерітіндісімен немесе 0,02% фурацилин ерітіндісімен жуу керек.
Қуықты катетерлеуді жүргізудің реті:

  1. Науқасты шымылдықпен басқалардан бөлу.

  2. Науқастың астына клеенка және дәрет ыдысын қою.

  3. Қолдарды гигиеналық өңдеу, кептіру, спиртке батырылған салфеткамен өңдеу.

  4. Асептикалық ертіндінің бірін (фурацилин, пливасепт және т.б.) қолдана отырып, несеп жыныстық мүшелерін мұқият жуу.

  5. Катетерге жақсы енгізілгенде вазелин жағу.

  6. Катетердің ұшын несеп шығару жолына жайлап енгізу: әйелдерде 3-6 см-ге, ер адамдарда 10 және одан көп см-ге.

  7. Катетер жақсы енгізілгенде оның екінші ұшын дәрет ыдысына немесе зәр жинауға арналған басқа бір ыдысқа салу.

  8. Қажет болса қуықты асептикалық ерітіндімен 5-7 рет жуу.

  9. Іс шара аяқталғаннан кейін катетерді несеп жолынан абайлап шығару.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет