«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы


Гипертермия, күн өту, ыстық өту кезіндегі алғашқы көмек



бет92/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Гипертермия, күн өту, ыстық өту кезіндегі алғашқы көмек


Гипертермиялық синдром әртүрлі ауруларда ғана емес сонымен қатар нәрестені аса қымтауда, хирургиялық операциялардан кейін, қан құюдан соң дамуы мүмкін. Гипертермиялық синдром терінің бозаруымен жалпы жағдайдың төмендеуімен басталады. Нәрестенің дене қызуы 38,5 С жоғары болатын жағдайда, гемодинамиканың бұзылысымен орталық нерв жүйесінің қызметінің бұзылысы байқалады. Қимылдық қозу және сөзшеңдік байқалады, галлюцинация, құрысу болуы мүмкін, ауыр жағдайда естен тану, тыныстың бұзылуы, асфекция болкы мүмкін.
Гипертермия екі түрге бөлінеді: бірінші-шеткі қан тамырларының тарылуымен сипатталып, жедел жүрек жеткіліксіздігі (артериялды қан қысымының төмендеуі, пульстің әлсіздігі) дамиды; екіеші-нерв жүйесінің зақымдануымен сипатталады.
Алғашқы көмек. Физикалық және химиялық әдістер қолданылады. Дене қызуын 37,5 С төмен түсіру қауіпті екенін есте сақтау қажет.
Нәрестенің денесін ашып, басына және шап аймағына суық басып, денесін спритпен сүртіп, желдеткішпен денесін желдету қажет. Гипертермиялық синдромның медикаментозды еміне литикалық қоспа қолданылады: анальгин (50% - 0,1 мл ерітінді бір жасқа), аминазин (2,5% – 0,1 л ерітіді бір жасқа), димедрол (1%-0,2 мл бір жасқа).
Ыстық өту дегеніміз қоршаған ортадағы температура өте жоғары ьолған кезде ағзаның қатты ысуынан пайда болған патологиялық жағдай. Ыстық өтудің негізінде жылу түзілудің жоғарлауымен жылу бөлудің қиындауы салдарынан ағзаның жылу реттейтін үрдістерінің бұзылуы жатады. Бұл өзгрістер сұйықтықты көп жоғалтуға, қанның тұтқырлануына, ағзаның қышқыл-сілтілік тепе-теңдіктің бұзылуына, тіндердің гипоксиясына әкеледі.
Ыстық өту ыстық цехтарда жұмыс істегенде, әсіресе ауыр қол жұмысын, жылдың ыстық мезгілінде серуендеу және алыс жолға шығу кезінде дамуы ықтимал. Бұл кезде ауа өткізбейтін жылы және қалың киім кию, ішімдік ішу демеуші факторлар болып табылады.
Тікелей күн сәулелерінің әсер етуінің салдарынан ағзаның қатты ысуы күн өту деп аталады. Күн ыстықта, әсіресе бас киімсіз, ұзақ уақыт далада болу күн өтуге жағдай жасайды.
Ыстық өтудің жеңіл түрі жалпы әлсіздікпен, бас ауруымен, лоқсумен, тыныс пен тамыр соғуының біршама жиілеуімен сипатталады. Неғұрлым айқынырақ кезде есеңгіреу, сандырақтау, галлюцинация, тырысулар, қатты бас ауруы, лоқсу, құсу, дене қызуының 39-40 С дейін және одан жоғары көтрерілуі, жиі үстірт дем алу, минутына 100-120 ретке дейін тахикардия байқалады. Ыстық өтудің ауыр түрінде науқастың өліп кетуіде ықтимал. Күн өту кезінде көрсетілетін алғашқы көмек: науқасты салқын әрі жақсы желденетін, күн түспейтін жерге жатқызу, сырт киімін шешу, беті мен кеудесін суық сумен сулау, басына мұзды қабық немесе суық компресс қою. Жылу бөлуді күшейту мақсатында суық су немесе шай береді. Тыныс пен жүрек қызиетінің бұзылуы кезінде камфора, кофецн, енгізеді, оттегімен ингаляция жасайды. Жалпы қозуда антигистаминді препараттар (димедрол, супрастин), тыныштандыратын заттар (седуксен, реланиум және т.б.) қолданылады. Ағза сусызданғанда және ағзаның қышқыл-сілтілік жағдайының бұзылуы дамығанда натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін, 5% глюкоза ерітіндісін көк тамырға тамшылатып құю жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет