АВС жүйесі Алғашқы қарау – науқастың өміріне қауіп төндіретін синдромдар анықталатын процесс. Оған 30 секунд беріәледі. Алғашқы қарау кезінде өмірге өте қауіпті парамерлер анықталады. Белгілі америка медигі Питер Сафар реанимацияны үш кезеңге бөлді:
A- Air wai open – тыныс жолдарының өткізгіштігін қымтамасыз ету; В – Breathe for victim - ӨЖЖ –ді бастау; С – Сirculation his blood – жүрек массажына кірісу.
А кезеңі-тыныс жолдарын қалпына келтіру әдістері:
- Науқасты шалқасынан жатқызу?
- Науқастың жанына тұрыңыз
- Сафардың үш тәсілі жүргізіледі – науқастың басын шалқайтыңыз, артыңғы жақ сүйегін итеріп шығарыңыз, аузын ашыңыз.
Содан кейін ӨЖЖ – ді бастаймыз, В кезеңі жоғары тыныс алу жолдары арқылы ауыздан ауызға немесе ауыздан мұрынға тәсілдерімен, Амбу қабымен , S – тәрізді ауа жібергіш, интубациялық трубка арқылы науқастың өкпесі ауа үрлеу шұғыл жағдайда ӨЖЖ – дің таңдап алынатын тәсілі болып табылады. Екі рет дем салып , кеуде клеткасының тыныс алуға тән қозғалыстары бар ма екен деп, науқастың кеуде клеткасына қараймыз, егер алғашқы талпыныстар нәтижесіз болса, онда бұл тыныс жолдарының бөгде нәрсемен бітеліп қалуымен байланысты болуы мүмкін. Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру керек (ер адамдар тыныс алғанда кеуде клеткасы көк ет тұсында, ал әйел адамдарда – бұғана аймағында қозғалатынына көңіл бөліңіз). Тыныс алуды бақылау 4-5 секундтан аспауы керек.
Тілдің түсіп кетуі тыныс жолдарының бітілуінің неғұрлым жиі себебі болып табылады, әсіресе бұлшық ет тонусы төмендеген наукас шалкасынан жатса және есінен танган науқастарды. Сонымен қатар көмеи үсті төмен түседі де тыныс жолдарынан одан сайын бітейді Тілдің түсіп кетуінің алдын алу және жою ушін Сафардың уш тәсілін жургізу керек. Мундай шаралар дұрыс және дер кезінде жүргізілсе, тыныс жолдарының өткізгіштігі жұтқыншақ деңгейінде тез қалпына келеді. Сондай-ақ, тілдің түсіп кетуінің алдын алу үшін S - тәрізді ауа жібергішті қолдануға болады. Оны енгізер алдында аспираторды қолдану арқылы немесе дәкелік салфетканың көмегіиен науқастың ауыз жұтқыншағын жылдам тазалау қажет. Ауа жібергішті енгізу үшін науқастын аузын ашады, түтікті, оның тесігі таңдаймен “сырғитындай” қылып, тілдің түбіріне қарай жылжытады.
Бөгде заттар – тамақ , құсық, шырыш, қан, тістің, протездің сынықтары. Бөгде нәрсенің болуы тамақ, сұйықтық қабылдаумен байланысты болуына күдіктену көрсетуі мүмкін. Науқас мойнын ұстайды, сөйлей алмайды, терісі көкшіл тартады, жөтел пайда болады. Күдіктену негізді, толық сенімді кезде ғана бөгде затты алуға болады. Өздік тыныс алуы сақталған тжәне есінен танбаған кезде науқасты қатты жөтелуін өтініңіз, мүмкін, тыныс шығару кезінде кеуде клеткасының артқы ортаңғы бөлігінен алақанмен ұрғылаңыз. Саусақпен алуды қолдануға болады. Науқастың бетін жоғары көтеріңіз, оның тілін астыңғы жақ сүйегімен бірге үлкен саусақ пен басқа саусақтардың арасына қысып тұрып, аузын ашыңыз, астыңғы жақ сүйегін тартыңыз. Екінші қолдың сұқ саусағын тілдің түбіріне қарай жұтқыншаққа тереңірек енгізіңіз. Бөде затты іліп алып, ауыз қуысына шығаруға талпынып көріңіз. 1-2 талпыныс қана жасалады. Егер саусақпен алынбаса, онда Геймлих тәсілі қолданылады.
А) Есінен танбаған науқасқа Геймлих тәсілін қолдану.
Науқастың артына тұрыңыз, бір аяғыңызды науқастың аяқтарының арасына қойыңыз егер науқас тәсілді қолдану кезінде есінен танса, сіздің аяғыңызбен төмен сырғиды. Қолдарыңызбен науқастың іш деңгейінен ұстаңыз. Оң қолдың саусақтарын жұдырыққа түйіп, басқа қолдың саусақтарымен оны қысыңыз да шеміршектен анағұрлым төменірек іштің ортаңғы сызығы бойымен кіндіктен жоғары жерден ұстаңызда бөгде зат шыққанша алдыдан артқа және жоғары қарай қатты сілкілеңіз (бөгде затты саусақпен алуға талпынып көруге болады), науқас тыныс алып, сөйлей алады.
Б) есінен танған науқасқа Геймлих тәсілін қолдану.
Науқасты арқасына жатқызып, басын шалқайтыңыз, астыңғы жақ сүегін тартыңыз, аузын ашыңыз. Еденге тізелеріңізді тіреп, науқастың сандарына мініп отырыңыз. Қолдарыңызды айқыстырып ұстап, іштің ортаңғы сызығымен кіндіктен сәл жоғары жерге қойыңыз да төмен және бас жаққа қарай 8-10 рет, бөгде зат шыққанға дейін, соққы тәріздес қозғалыстар жасаңыз, науқас тыныс алып, сөйлей алады.
В) Толық адамдарға немесе жүкті әйелдерге Геймлих тәсілін қолдану.
Науқастың артына тұрыңызда кеуде клеткасын қолтық астынан құшақтаңыз. Оң қолыңызды жұдырыққа түйіп, төстің ортаңғы бөлігіне қойыңыз, оны екінші қолдың саусақтарымен ұстаңыз да бөгде зат шыққанша ішке қарай қысатын қозғалыстар жасаңыз.
Г) Егер толық науқас немесе жүкті әйел есінен танса, қолданылатын Геймлих тәсілі.
Егер науқас есінен танып қалса, оны қатты дерге арқасына жатқызыңыз. Басын шалқайтыңыз, астыңғы жақ сүйегін тартыңыз, аузын ашыңыз. Науқастың жанына, кеуде тұсында, тізерлеп отырыңыз, қолдарыңызды айқастырып ұстап, төстің төменгі бөлігіне шеміршектен жоғары жерге қойыңыз, ішке қарай 8-10 рет қозғалыс жасаңыз.
Егер Геймлих тәсілі нәтижесіз болса, онда тікелей лариноскопияның көмегімен трахеяны интубациялау бөгде затты алудың және тыныс жолдарының өткізгіштігін демейтін неғұрлым нәтижелі тәсіл болып табылады, оны дәрігер орындайды.
Көмекей тұсында тыныс жолдары өткізгіштігінің бұзылуы салдарынан болған жедел тыныс жетіспеушілігінің ауыр түрінде, және абсолютті көрсеткіштер болғанда (бас сүйегінің ауыр мертігулерінде, жүзік тәрізді шеміршек сынғанда, бөгде зат тұрып қалғанда, әртүрлі себепті көмекей мен тілдің ауыр ісінулерінде) коникотомия немесе трахеостомия жүргізіледі.