«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет96/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
ЖӨР екі құтқарушы 1:5

  1. Бір құтқарушы науқастың бас жағына орналасады, сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясын тексереді, тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіреді және өз бетімен тыныс алудың бар жоғын тексереді.

  2. Егер сыртқы тітіркендіргіштерге реакция, тыныс алу болмаса, екі толық тыныс алдыруды жасайды, содан кейін ұйқы артериясындағы тамыр соғуын тексереді.

  3. Егер ұйқы артериясында тамыр соғуы болмаса, екінші құтқарушы кеуде тұсына орналасады да 5 компрессия жасайды, “и-1, и-2, и-3, и-4, и-5” деп дауыстап санайды.

  4. Бас жақта тұрған үлкен құтқарушы бір рет үрлейді (бірінші мен екінші құтқарушының қимылдарының үйлестігі болуы керек), екінші құтқарушы компрессия жасайды да “и-1, и-2, и-3, и-4, и-5” деп дауыстап санап дем сал деп команда береді

  5. 4 кешеннен кейін (дем салу-компрессия 1:5) реанимацияның нәтижелігі тексеріледі. ЖӨР ұзақтығы – 30 минут.

Реанимацияның нәтижелілігінің белгілері

  1. Ұйқы артериясының соғуының пайда болуы

  2. Көздің қарашығы жарыққа тарылады

  3. Терінің түсі жақсарады

  4. Өз бетімен тыныс алу пайда болады

ЖӨР асқынулары

  1. Қабырғалардың сынуы

  2. Төстің сынуы

  3. Бауырдың, өкпенің, жүректің жыртылуы



Жанталасу кезінде науқасты бақылау және күту. Мәітті қарай білу ережелері

Реанимация жайында түсінік және реанимация бөлімшесіндегі жұмыс.


Ағзаны тірілтудің түрлі аспектісі және жанталасу кезін емдеу әдістерін және алдын алуын зерттейтін клиникалық медициналық бір саласы реаниматология болып табылады. Реанимациялық шаралар түрлі ауруларда және түрлі жағдайларда: жүрек қызметінің кенеттен тоқтағанда, жедел тыныстың тоқтауы, түрлі улармен улану, ауыр жарақаттану, қан жоғалту, жедел бүйрек және бауыр жеткіліксіздігінде жүргізіледі.
Өмір мен өлімнің арасындағы жағдай терминалды немесе жанталасу деп аталады. Өлім процесі бірнеше кезеңдерден тұрады:
Жанталасуға дейінгі жағдай ішкі органдардың ауыр гипоксиясына байланысты біртіндеп науқастың есі ауытқиды, тыныстап қан айналым бұзылады. Бұл кезең 5-10 секундтан 3-4 минуттық терминальды үзіліспен бітеді.
Жанталасу (агония) қысқа уақыттық ҚҚ мен тыныстың жоғарлауымен, кейде қысқа уақыттық естің келуімен сипатталады. Содан соң кенеттен ҚҚ төмендеп, жүрек соғуы сиреп, тынысы бәсеңдейді, есін жоғалтады. Ауру сезімталдығы жойылып, рефлекстер жойылады, көз қарашығы кеңейеді, зәр мен нәжісі еріксіз шығып, дене температурасы төмендейді.
Клиникалық өлім ұзақтығы 5-6 минуттық қалпына келтіруге болатын кезең, бұл кезде организмнің қызметінің сыртқы белгілері жойылады, бірақ ішкі органдардың қызметі қамтамасыз емес. Реанимациялық шаралар көмегімен организмнің қызметін толық қалпына келтіруге болады.
Биологиялық өлім кезінде барлық органдардың қызметін (ең басы бас миының қызметі) қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Реанимациялық шаралар арнайы бөлімшелерде жүргізілсе тиімдірек болады. Ірі ауруханалардағы ұйымдастырылған реанимациялық бөлімшелер жалпы профильдік болып табылады. Бұл жерде түрлі аурулар және жағдайлар: операциядан кейінгі наркозда жатқан науқасты бақылау және емдеу, т.б.
Арнайы реанимациялық бөлімшелер белгілі бір аурулары бар науқастар үшін (токсикалогия, кардиореанимация және т.б.) құрылады. Әрбір палатада арнайы бақылаушы мейірбике, жедел көмек көрсететін керекті заттар болады.
Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.
Реанимациялық шаралар тез арада жасалынады.клиникалық өлім болса, науқасты тез арада қатты жерге жатқызу қажет.
Жасанды дем беру қалыпты тыныстың жеткіліксіз кезінде немесе тыныс болмаған жағдайда газ алмасуды ұстап тұру мақсатпен науқастың өкпесіне түсетін ауаны алмастыру үшін жасанды түрде жасалынады. Алдын-ала тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету керек, ол үшін науқастың басын шалқайтып, төменгі жақты алға қарай жылжыту қажет. Науқасты жатқызып, арқасын, мойнын, кеуде торын, ішін киімін босату керек. “Ауыздан мұрынға” әдісін қолдана отырып көмек көрсету үшін науқастың мұрнын жабады, ал тыныс шығару науқастың аузын және мұрнын ашады, ары қарай науқас әлсіз дем шығарады. Көмек көрсетуші бұл уақытта 1-2 қалыпты дем берк қажет. Жасанды дем беруді дұрыс жасаудың белгісі жасанды дем беру мен әлсіз дем шығару кезіндегі кеуде клеткасының экскурсиясы болып табылады. Жасанды дем беру Амбу қапшығының көмегімен жасалынады. Жасанды дем беру минутына 12-18 жиілікте жүргізіледі.
Жүрекке тікелей емес массаж жасау дегеніміз қан айналымды қалпына келтіру мақсатпен төс сүйегімен омыртқа арасындағы жүректі ырғақты басу. Асистолия болғанда жүректің ырғағын қалпына келтіру үшін массажға қосымша төс сүйегінен 1-2 рет соққылау қажет. Жүрекке тікелей емес массаж жасағанда қолды төс сүйегінің төменгі үшінші бөлігіне қолды тігінен қойып, оның үстін екінші қолды қояды. Екі қолдың да шынтақ буындары түзу болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет