Науқастың төсегін дайындау
Төсек орынды дұрыс дайындау және оның жағдайын қадағалау өте маңызды, әсіресе, ауыр хәлдегі науқастар үшін.
іс-әрекет реті:
Төсекке матрац салыңыз.
Зәр мен нәжісі тоқтамайтын науқастардың матрацының үстіне клеенканы бекітіңіз.
Матрацтың үстіне ақ жайма жабыңыз, оынң шеттерін матрацтың астына тағыңыз да матрацтың шеттеріне бекітіңіз.
Жастықтардың қабын кигізіңіз.
Астыңғы жастықты тура, ал жастықты төсектің арқалығына тірелетіндей қылып сәл жоғары салыңыз.
Көрпенің қабын кигізіңіз.
Төсек орынды аустыру
Төсек орын мен іш киім таза болуы қажет. Оларды 7-10күнде 1рет, қажеттілігіне қарай одан да жиірек ауыстырады. Төсек орын мен іш киімді ауытыру өте епті жүргізілуі керек. Төсек тартып жатқан ауыр халдегі науқастардың төсек орын ауыстырудың екі тәсілі бар.
І тәсіл:
Науқасты жайлап бір қырына жатқызыңыз, жастықты алып тастаңыз.
Босаған жақтағы кір жапқышты ұзына бойына бинт тәрізді шиыршықтаңыз.
Босаған жерге ұзына бойына бүктелген тазасын төсеңіз.
Науқасты таза жапқышты екінші қырымен жатқызыңыз.
Ұсталынған жапқышты алып тастаңыз
Тазасын төсеп, тегістеңіз.
Жастығын салып, науқастың үстін жабыңыз
Ұсталынған жапқышты қапқа салып, шаруашылық мейірбикесіне өткізіңіз.
Палатаны ылғалды тазалап, желдету керек.
II тәсіл: науқасқа мүлдем қозғалуға болмайтын жағдайда көмекшінің көмегімен жүргізіледі:
1.Таза жапқышты көлденеңінен шиыршықтаңыз.
2.Көмекші науқастың денесін әр тұсынан көтеріңкіреп, демеп тұрады.
3.Мейірбике төсек жапқышты бас жағынан бастап ауыстырады.
4.Ұсталынған жапқышты шиыршықтайды, оның орнына тазасын төсейді.
5.Таза жапқышты төсеп, тегістеңіз.
6.Жастығын салып, науқастың үстін жабыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |