«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет21/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   97
Ауызды шаю. Әрбір тамақ ішкеннен соң науқасқа аузын шаю үшін натрий гидрокарбонатының 0,5 % ерітіндісі (сода) немесе натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі (физиологиялық ерітінді) беріледі. Содан кейін тілді сүртеді. Бұл үшін тілдің ұшын стерильді дәке салфеткасымен орап, сыртқа шығарып және сол қолмен ұстап тұру керек, ал оң қолдағы пинцетке қыстырылған дымқыл домалақтанған мақтамен тілдің үстіндегі жұқа қабатты алып, тілді сүртеді және оған глицерин жағады. Ауыз қуысын жуу шприцтің, резеңке баллонның , резеңке түтігі және шыны ұшы бар Эсмарх кружкасының көмегімен жүргізіледі. Әлсіз ерітінділер: 0,5% натрий гидрокарбонаты , 0,9% натрий хлориді, 0,6% сутегінің асқын тотығы, калий перманганаты (1:1000) және т.б. Науқасты отырғызады немесе сұйықтық тыныс жолдарына ақпауы үшін басын алдыға сәл еңкейтіп жартылай отырғызады. Мойын мен кеудені клеенкамен жабады, ал иек астына шылапшын немесе шағын леген ыдыс ұстатады. Төсектік тәртіптегі науқастың басын бір жаққа бұру керек.Ауыз ұртын шпательмен тартып, аздаған қысымды су ағынымен алдымен ауыздың кіре берісін , содан кейін ауыз қуысы жуылады. Егер ауыр науқаста алынатын тістер, протез болса, онда ауыз жуар алдында оларды алып, мұқият жуып, құрғатып сүрту қажет. Протездерді суға салып сақтауға болмайды, өйткені дымқыл ортада протездің бетіндегі микробтар жақсы сақталады.
Ауыздың шырышты қабығының кейбір ауруларында ауыз қуысын майлау тағайындалады. Қайнатылған шпатель мен пинцетті және бірнеше стерильді домалақтанған мақта стерильді ыдысқа салынады. Жайпақ шыны ыдысқа аздаған мөлшерде дәрі құйылады. Науқастың аузын аштырып, пинцетпен дәрі жағылған домалақтанған мақтаны алып, ауыз шырышты қабығының жараланған жеріне басады, содан кейін жаңа домалақтанған мақта алып басқа зақымданған жерге басады.
Ауыз, жұтқыншақ, танау шырышты қабығынан жағынды алу. Бұл үшін стерильді металл жаққыш
(стерильді пробирканың тығыны арқылы өткізілген сымға бекітілген мақта тампоны) қолданылады. Бадамша безіндегі, таңдай имегіндегі немесе ауыз қуысы шырышты қабығындағы жара мен жұқа қабаттың шығарымдарын егу үшін науқасты жарыққа таман отырғызады, аузын кеңірек ашқызады. Сол қолдағы шпательмен науқастың тілінің түбірін басады, оң қолымен пробиркадан жаққышты абайлап алады, ешнәрсеге тигізбей жұқа қабатқа жетеді, жаққышпен бұл қабатты және оның шығаруларын сүртіп алады.
Жағындыны танаудан алу үшін жаққышты өте абайлап сыртқы жағына тигізбей, алдымен бір, содан кейін екінші танау жолына енгізеді де егуге материал алады. Жағындыларды алғаннан кейін науқастың аты-жөнін, жасын, палатасын, материалдың атын және тексеру мақсатын көрсетіп лабораторияға бірден жіберген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет