«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет15/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97
Іс-әрекеттің реті:

  1. Науқастың астына клеенка төсеу.

  2. Суға батырылған сүлгімен, науқастың денесін толық ашпай, жеке бөліктерін бірінен соң бірін сүрту. Содан кейін орамалмен құрғату, сол бөлікті көрпемен жабу. Дененің басқа бөліктерін де осылай ретпен сүрту.

  3. Сырқатнаманың сыртқы бетіне науқасқа санитарлық өңдеу жүргізілгені туралы белгілеу.



Тері күтімі және ойылудың алдын-алу

Тері қорғаныш, шығару, жылу реттегіш және аналитикалық (тері сезімталдығы) қызметтер атқарады. Тері, оның тер бездері арқылы су, мочевина, зәр қышқылы, натрий және басқа заттар шығарылады. Тыныштықта қалыпты температурада тәулігіне 1 литрге жуық тер бөлінеді, ал қызбасы бар науқастарда – анағұрлым жоғары. Тер бөліну ағзаның негізгі жылу реттегіші болып табылады. Кейбір аурулар кезінде тер бөліну күрт артады, ал буланғанда теріге зиянды алмасу өнімдері қалып қояды. Сондықтан тері таза болуы керек – мұндай науқастардың іш киідерін жиірек ауыстырып, терісін құрғақ таза орамалмен, одеколонмен, спирт қосылған сумен (1:1), ерітіндімен (1 стакан су+1 ас қасық сірке суы+1 ас қасық камфор спирті) сүртіп отырған жөн. Әсіресе шап аймағына, қолтық астына, әйелдерде – емшек бездері астындағы қыртысқа ерекше көңіл бөлу қажет.


Теріні мұқият күту әсіресе ұзақ уақыт төсек тартып жатқан науқастар үшін өтек маңызды. Қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда науқастар аптасына 1 реттен кем болмайтындай жиілікте гигиеналық душ қабылдайды. Төсектік тәртіптегі науқастардың тері жабындылары спирт, одеколон, асханалық сірке суы қосылған қайнаған жылы суға матырылған тампонмен күнделікті сүртіледі. Қолдары әр тамақ ішерде, ал аяқтары – аптасына 2-3 рет жуылады.


Науқасты жуындыру

Жылы су құйылған леген, сүлгі дайындап алу керек.


Іс-әрекет реті:

  1. Қолдарыңызды жуып, қолғап киіңіз.

  2. Сүлгіні суға матырып алыңыз.

  3. Дымқыл сүлгімен науқастың бетін, содан кейін құлақтарын, мойнын, қолдарын сүртіңіз.

  4. Екінші сүлгімен құрғатыңыз.

  5. Қолғапты шешіп, қолдарыңызды жуыңыз.

Сыртқы жыныс мүшелері мен шап аралығының терісі жиырылған жер күнделікті жууды қажет етеді. Өздігінен қозғалатын науқастар бұл үшін бидені пайдаланады. Ауыр хәлдегі науқастарды әр дәретке отырған сайын, ал нәжіс мен зәрі тоқтамайтындарды – шап қыртысы терісінің сызылуын және қабынуын болдырмау үшін күніне бірнеше рет шайып жуу керек. Әйелдерді тез тезден шаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет