«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет19/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Іш киімін ауыстыру


Іс-әрекет реті:
1.Қолдарыңызды жуыңыз.
2.Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін мүмкіндігінше көтеріңкіреп, қолдарыңызды арқасынан төмен ұстаңыз.
3. Көйлектің етек жағын қымқыра ұстап, оны жайлап желкесіне қарай ысырыңыз.
4. Науқастың екі қолын көтеріп басынан шешіп, қолдарын босатыңыз.
5.Киіндіргенде керісінше тәртіппен киіндіреді.
6.Науқастың бір қолы зақымданған болса, онда алдымен көйлекті сау қолынан, содан кейін зақымданған қолынан шығарады. Ал кигізерзе керісінше: алдымен ауру, содан кейін сау қолына, сосын басына кигізіп, арқасына жазыңыз.
7.Қатаң төсектік тәртіптегі науқастар үшін жырығы артында болатын көйлекті пайдаланыңыз.
8.Ұсталынған іш киімдерді арнайы қапқа жинаңыз да шаруашылық мейірбикеге өткізіңіз.


Зәр қабылдағыш пен дәрет ыдысын зарарсыздандыру

1.Дәрет ыдысын ағынды сумен шайыңыз.


2. Жөкемен жуыңыз.
3.1%хлорамин ерітіндісіне 1 сағатқа салыңыз.
4.Ағынды сумен шайып, құрғатыңыз.
5.Арнайы бөлмелерде сөрелерде немесе науқастың төсегінің астында орындықшаға қойып сақтайды.
Ауыр науқастарда ойылулар (decubitus) - тұрақты жаншылудың, жергілікті қан айналымы мен жүйке трофикасының бұзылуының салдарынан тері мен тері асты шел қабатының және басқа жұмсақ тіндердің семуі (некрозы) болуы мүмкін. Ойылулар көбінесе сегізкөзде, жауырын, өкше, шынтақ, мықын, тізе және т.б. аймақтарда болады.
Ойылулардың пайда болуының себептері:
1.Күтімнің нашарлығы.
2.Салдану.
3.Тері сезімталдығының бұзылуы.
4.Қан айналымының бұзылуы.
5.Дене қызуының көтерілуі.
6.Қоректенудің бұзылуы.
7.Зәр мен нәжістің ұсталмауы.
8.Анемия.
9.Наркоздың немесе наркотиктердіңәсерінде болу.
10.Егде жас.
11.Жайылған ісінулер.
12.Ыңғайсыз төсек, онда тамақтың, дәрілердің ұнтақтарының, дөрекі тігістердің болуы.
13.Науқастың ұзақ уақыт бір қалыпта болуы.
14.Төсек орын мен іш киімдерінің таза болмауы.
15.Науқастың ессіз болуы.
16.Зат алмасу үрдістерінің айқын бұзылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет