Науқастарды қабылдау және санитарлық өңдеу Қабылдау бөлімінің құрылымы мен негізгі қызметтері Науқастарды қабылдау және тіркеу Медициналық құжаттарды толтыру Белсенділік тәртібі, төсектік қалпы
Қабылдау бөлімі аурухананың өте маңызды бөлімшесі болып табылады. Аурухананың орталық қабылдау бөлімінің негізгі міндеттері:
науқастарды қабылдау және тіркеу;
науқастарды қарау, алғашқы тексеру және диагностика;
жаңадан түскен науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеу;
Қабылдау бөлімінде түскен ауруларды тіркеу және керекті құжаттарды толтыру жүргізіледі.
Барлық медициналық құжаттарды қабылдау бөлімінің мейірбикесі толтырады: Науқастарды ауруханаға жатқызу және жатқызудан бас тартуды тіркейтін журнал – ф. №001/у
ф. №003/у
ф. №066/у
ф. №058/у
ф. №060/у
Мейірбике науқасты қабылдау есебі журналына (001/у формасы) науқастың дене жылуын, аты-жөнін, туған жылын, күнін, қайдан және кіммен әкелінгенін, жіберген мекеменің диагнозын, қабылдау бөлімінің диагнозын, қай бөлімшеге жіберілгенін белгілейді. Сонымен қатар, ауруханалық науқастың медкартасының сыртқы бетін (003/у формасы). Сырқатнаманың төлқұжат бөлімін, ауруханадан шыққан науқастардың санақ картасының сол жақ (066/у) жартысын, педикулез немесе басқа да жұқпалы ауру анықталғанда СЭС-ке шұғыл хабарлама (058/у формасы) толтырады.
Ауруханаға туушы әйелдер мен жұқпалы аурулардан басқа науқастардың барлығы орталық қабылдау бөлімі арқылы түседі. Инфекциялық бөлімшеге және туу үйіне орталықтанбаған түрде осы ғимараттардың арнайы бөлінген бөлмелері (санитарлық өткізгіші немесе қабылдау-қарау боксы) арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ, шұғыл көмекті қажет ететін науқастар кейде қабылдау бөліміне апарылмай бірден реанимация бөлімшесіне жеткізіледі. Қабылдау бөлімі күту залынан, мейірбикенің кезекшілік бөлімінен (тіркеу орны), бір немесе бірнеше қарау бөлмелерінен, емшаралық бөлмеден, таңу, ал кейде кіші операция бөлмесінен, изолятордан, санитарлық өткізгіштен, рентген кабинеттен, зертханадан, санитарлық бөлмеден тұрады. Күту залы жүретін науқастар мен оны алып келген туыстарына арналған. Мұнда үстел және жеткілікті мөлшерде орындықтар болуы керек. Қабырғаларда емдеу бөлімшелерінің жұмыс тәртібі, емдеуші дәрігермен сөйлесу сағаты, науқастарға әкелуге болатын тағамдар тізімі, аурухана анықтама қызметінің телефоны туралы деректер ілінеді. Сонымен қатар, науқастарға келуге болатын күндер мен сағаттар көрсетілуі қажет. Күту залының жанында кезекші мейірбикенің бөлмесі болады.
Қабылдау бөлімінде түскен ауруларды тіркеу және керекті құжаттарды толтыру жүргізіледі. Емшаралық бөлме, таңу (таза және іріңді), сондай-ақ кіші операция бөлмелері шұғыл көмек көрсетуге арналған. Сонымен қатар, қабылдау бөлімінде диагнозы түсініксіз науқастарды жатқызатын бірнеше палата болады. Бұл палаталарда жеке санитарлық бөлме болуы қажет. Ауруханаға түскен науқастарды санитарлық өңдеу үшін қабылдау бөлімінде санитарлық өткізгіш (булау, душ, киім ауытыратын бөлме және т.б.) бар. Науқасты санитарлық-гигиеналық өңдеуді мейірбике басқарады. Бұл өңдеу қабылдау бөлімінің санитарлық өткізгішінде жүргізіледі және мына төмендегілерден тұрады:
дезинсекция – науқасты қарағанда анықталған зиянды жәндіктерді (биттерді) құрту;
гигиеналық булау, душ немесе науқастың денесін сүрту;
Қабылдау бөлімінің санитарлық өткізгіші қарау, шешіну, булау-душ және киіну бөлмелерінен тұрады. Санитарлық тазалау кезінде науқастар қозғалуының бағытын қатал сақтаған жөн: қарау бөлмесінен науқастар киінетін «таза» бөлмеге қарай, яғни гигиеналық булау немесе душтан кейін науқас шешінетін жерге қайтадан бармауы керек.
Санитарлық өткізгіш науқасты санитарлық-гигиеналық өңдеуді жүргізуге қажетті заттармен жабдықталған. Бұл жерде кушеткалар, таза және кір киімдерге арналған шкафтар мен бөшкелер, санитарлық өңдеуге арналған заттар қойылған шкаф немесе үстел: клеенка, монша сабыны, «таза жөкелер» деген жазуы бар белгіленген ыдыстағы жеке жуынуға арналған жөкелер, шашты алатын машинкалар, қырынатын құралдар, қайшылар, сондай-ақ, судың, ауаның жылуын өлшейтін термометрлер, ваннаны санитарлық тазалауға арналған арнайы жөкелер мен щеткалар, санитарлық өткізгіштің бөлмелерін зарарсыздандыруға және жууға арналған шелек және т.б. заттар.
Қабылдау бөлімінің мейірбикесі санитарлық-гигиеналық өңдеуді бастамас бұрын педикулезді анықтау үшін науқастың шаш жабындыларын тиянақ -ты қарауы қажет. Бит табылған жағдайда (басқа жұқ- палы аурулар табылғандағыдай) науқасты толық (науқасты моншада немесе ағын судың астында сабын және жөкемен жуындырады, науқастың үстіндегі іш киімдеріндегі, сырт киімдеріндегі, аяқ киімдеріндегі және тұрғылықты жеріндегі төсек жабдықтарындағы микроорганизмдерді жою керек, яғни дезинфекция мен дезинсекция) өңдеу немесе жартылай өңдеу (тек нау- қасты жуындырады және киімдерін зарарсыздандыра- ды) жүргізеді.
Бас шашындағы биттерді жою үшін бұрындары жиі қолданатын әдіс – керосин мен өсімдік майы бірдей мөлшерде алып араластырып басқа жасқа шашты қырықпай аман алып қалуға болады. Бұрындары қолданылатын әдістердің бірі 20% бензилбензоат суспензиясынан дайындалған сабынды ерітінді, 5% бор майы, бутадион, метилацетофос, ниттифор, карбофос және т.б. Қазіргі кезде дехинсекциялық шараларды жеңілдететін арнайы су сабындар мен лосьонгдар («Педикулин», «Антибит», «Элко-инсект» және т.б.) бар.
Ауруханаға түскенде егер керек болса науқастар гигиеналық тұрғыдан моншада немесе ағын судың астында жуынады. Ол кезде монша алдын-ала 1% хлорамин ерітіндісімен өңделеді, сабынмен және ысқышпен жуылып ыстық сумен шайылуы керек. Судың температурасы шамамен 42 градустай болуы керек. Науқасты жуындыру реті: басы, денесі, қолдары, шап аймағы, бел тұсы, іші және аяқтары. Жуындыру ұзақтығы 30 минуттан аспауы керек. Гигиеналық монша мен ағын суда жуындыруды шындығына келгенде барлық науқастарға бірдей қолдана бермейді, оның себебтері түрліше. Жоспарлы түрде жатқызылатын науқастар жеке басының тазалығын үйлерінде реттеп келеді. Аурухананың арнайы киім кешектері қазіргі кезде нашар және көбіне жарамсыз болып жатады, сондықтан науқастар ауруханада үйлерінен әкелген киімдерін киіп жүреді.
Ауыз, жұтқыншақ, мұрын шырышты қабығынан жағынды алу қабылдау бөлімінде жүргізіледі. Бұл үшін залалсыз металл жаққыш (залалсыз пробирканың тығыны арқылы өткізілген сымға бекітілген мақта тампоны) қолданылады. Бадамша безіндегі, таңдай имегіндегі немесе ауыз қуысы шырышты қабығындағы жара мен жұқа қабаттың шығарымдарын егі үшін науқасты жарыққа қарай отырғызады, аузын кеңірек ашқызады. Сол қолдағы шпательмен науқастың тілінің түбірін басады, оң қолымен пробиркадан жаққышты абайлап алады, ешнәрсеге тигізбей жұқа қабатқа жетеді, жаққышпен бұл қабатты және оның шығаруларын сүртіп алады. Жағындыны танаудан алу үшін жаққышты өте абайлап сыртқы жағына тигізбей, алдымен бір, содан кейін екінші танау жолына енгізеді де егуге материал алады. Жағындыларды алғаннан кейін науқастың аты-жөнін, жасын, палатасын, материалдың атын және тексеру мақсатын көрсетіп лабораторияға бірден жіберген жөн.
Қабылдау бөілімінде науқастар мынандай тәсілдермен әкелінуі мүмкін:
Жедел-жәрдем көлігімен (сәтсіздік жағдайларда, жедел ауруларда және созылмалы аурулар өршігенде).
Басқа емдеу профилактикалық мекемелерден ауыстыру арқылы (әкімшіліктің келісімімен).
«Өздігінен» (ауруханаға жақын жерде жағдайының нашарлауына байланысты науқастың өзбетімен келуі).
Ауруханаға жатқызылмаған науқасты қабылдау бөлімінің дәрігері амбулаторлық ем немесе басқа емдеу мекемесіне жолдауды және апаруды анықтайды, немесе қабылдау бөлімінде бақылауға қалдырады, немесе үйіне қайтуға рұқсат береді.