16. Дәрілік заттарды енгізудің ингаляциялық әдісі Дәрілік заттарды тыныс жолдары арқылы оларды ішке жұтудың көмегімен енгізу ингаляция деп аталады. Дәрілік зат аэрозоль түрінде флакон-ингаляторда болады. Ингаляторлар стационарлық, шағын және калталық ингаляторлары болады. Ингаляторлардың көмегімен дәрілік затты ауыздан немесе мұрыннан енгізеді. Ингаляция саны мен олардың арасындағы уақытты дәрігер анықтайды.
Ингаляциялық жолмен енгізудің артықшылықтарына жатады: қолданудың қарапайымдығы; қол жетімділік; зақымдану ошағына тікелей әсер етуі: тыныс жолдарына, шырышты қабатқа. Тыныс жолдарына жергілікті және резорбтивті әсер етіп, қанға жылдам түседі.
Тыныс жолдарына дәрілік затты енгізу үшін қазіргі заманғы жабдықтар мен құрылғылар қолданылады. Оларға компрессор мен небулайзерден тұратын шағын ультрадыбыстық құрылғы жатады. Небулайзерге кез келген ингаляторға, оның ішінде қол ингаляторына да жалғауға болатын әр түрлі өлшемдегі камера болып табылатын Спейсер жалғауға болады. Спейсерлердің кейбір түрлерінің клапандары бар. Клапанды спейсерлерде клапан мундштук алдында орналасады. Тыныс шығару кезінде клапан жабылады және дәрі спейсерде қалады. Бұл дәрілік зат шығынын үнемдейді
Спейсерді қолдану арқылы ингаляциялық енгізудің артықшылықтары: ингаляция тиімділігі артады; енгізу техникасы қарапайым; емдеуге жанама әсерлердің жамуы азаяды, оның тиімділігі артады
Емшара алгоритмі:
Емшараға дайындық
1. Дәрілік заттың атауын, концетрациясын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін тексеру, дәрігермен белгіленген дәрілік затқа арналған нұсқаулықты оқу, дәрілік заттың дәрігердің тағайындауымен сәйкестігіне көз жеткізу
Ескерту. Небілайзердің көмегімен ингаляцияланатын бронхтарды кеңейтетін дәрілік заттардың арнайы ерітінділері қолданылады: беродуал, сальбутамол, беротек және басқалары
2. Қосымша нұсқаулыққа сәйкес, небулайзер құрылғысының жұмысын тексеру
3. Науқасқа емшараның мақстаы мен жүргізілу тәртібін түсіндіру
4. Емшара кезінде науқасты терең дем алуға үйрету
5. Қолды гигиеналық тәсілмен жуу және құрғату
6. Ерітінлінің қажетті мөлшерде бөлінуі мен енгізілуі үшін түсіргіш камераны дәрілік затпен толтыру
7. Науқасты отырғызу және аппарат алдында ыңғайлы орынға орналасуын өтіну
Емшараның орындалуы
1. Науқасқа небулайзердің мундштугын ернімен қамтып тыныс алуын, мұрын арқылы жай тыныс шығаруын өтіну
2. Ерітіндіні бөлу және енгізуге арналған аппаратты қосу
Ескерту. Науқастың жалпы жағдайын бақылау керек
3. Таймер қою немесе белгіді бір уақытқа сай келетін құмсағат арқылы емшара уақытының есебін жүргізу
Емшараның аяқталуы
1. Емшара уақыты аяқталған соң аппаратты өшіру
2. Небулайзер мундштугын залалсыздандырғыш ерітіндіге толық батыруәдісімен тазалау, дәрілік заттарды езуге арналған стаканлы жуу
3. Қолды жуып, құрғату
4. Медициналық құжаттаманы толытру
Қалта ингаляторын қолдану ережесі
1. Баллоншаны жоғарыдан түбіне қарай бұрып баллоншадан қорғаныш қалпақшасы алынады
2. Аэрозольді баллоншаны жақсылап шайқау
3. Терең тыныс алу
4. Баллонша мундштугын ерінмен қысу, басты сәл артқа шалқайту
5. Терең тыныс алу және бір уақытта баллонша түбін мықтап басу: осы кезде аэрозоль мөлшері беріледі
6. Демді 5-10 секундқа ұстап тұру, одан кейін баллонша мундштугын ауыздан шығару және жай тыныс шығару
7. Ингаляциядан кейін баллоншаға қорғаныш қалпақшасын кигізу
Есте сақтаңыз. Аэрозоль мөлшерін мұрынға енгізуде бас қарама-қарсы иыққа қисайып тұруы және сәл артқа шалқайып тұруы қажет екендігін есте ұстау керек. Оң жақ танауға дәрілік затты енгізуде мұрынның оң жақ қапталын ортаңғы аралыққа қысу қажет