10.Медициналық қалдықтарды жіктеу, қалдықтарды жинау, сақтау және жою бойынша жауапты тұлғалардың функционалдық міндеттері. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы 357 бұйрығында медициналық қалдықтар туралы айтылады.
Медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер ( ҚЖКЖК)- өткір және үшкір медициналық қалдықтарды жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған су өткізбейтін және тесілмейтін, бір рет қолданылатын сыйымдылықтар.
Әртүрлі санаттағы қалдықтарды шығаруға арналған пакеттер түстері
А сыныбы – қара
Б сыныбы – сары
В сыныбы – қызыл
Г сыныбы – ақ
Д сыныбы – түссіз
А сыныбындағы қалдықтар- қауіпті қасиеттері жоқ қалдықтар болып табылады. Сақтау ашық жерде немесе ерекше талаптары бар бөлек бөлмеде жүзеге асырылады
Б сыныбындағы медициналық қалдықтар – эпидемиялогиялық қауіпті медициналық қалдықтар. Қанмен және басқада биологиялық сұйықтықтармен әрекеттескен аспаптар мен материалдар. Мысалы: инфекциялық бөлімшелердегі құралдар, тағам қалдықтары. Пакеттер қақпақтармен тығыз жабылған арнайы ыдыстарға салынады. Оларды ашық жерге немесе арнайы талаптары бар бөлек бөлмеге орналастыруға болады . Б класына жататын медициналық қалдықтар сары түсті пакетке 3/2 толғанша жинақталады, кейін бөлімшедегі медициналық қалдықтарды жинауға жауапты қызметкер оларды байлайды. Пакетпен жұмыстарды бетперде және резеңке қолғап киіп жүргізіледі.
В сыныбындағы медициналық қалдықтар – төтенше эпидемиялогиялық қауіпті медициналық қалдықтар. Мысалы : туберкулез немесе ковидпен ауыратын науқастар қалдықтары жатады. Контейнерлер мекеменің ғимаратында орналасқан арнайы оқшауланған бөлмеде сақталады
Г сыныбындағы медициналық қалдықтар – токсикологиялық қауіптіі медициналық қалдықтар. Құрамаында сынап бар заттар , аспаптар мен жабдықтар. Сақтау қосалқы бөлмелерде орналасқан жабық контейнерлерде жүзеге асырылады
Д сыныбындағы медициналық қалдықтар – Радиоактивті медициналық қалдықтар. Радиоактивті изотоптарды қолданатын зертханалар мен құрылғылар қалдықтары. Оларды түссіз пакетте шығарады. Қысқа өмірлік циклы бар қалдықтар арнайы қоймаларда ыдырағанға дейін сақталады. Олардың қалған түрлері жабық ыдыста сақталады.
А санатты қалдықтарға қойылатын талаптар.
Жинау көп рет қолданылатын сыйымдылықтарда немесе бір реттік пакеттерді қолданады
Бір рет қолданылатын пакеттер арнайы – арбаларда немесе көп рет қолданылатын сыйымдылықтардың ішінде орналасады.
Қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылықтар мен арбаларда “Медициналық қалдықтар А – сыныбы ” деген тиісті жазумен таңбаланады.
Б;В санатты қалдықтар жинауға қойылатын талаптар.
Шанышпалы және үшкір заттар алдын ала бөлшектелмей және дезинфекцияланбай, тесілмейтін және суға төзімді ЖҚКЖҚ – ға жиналады. Көбінесе пластиктан жасалатын қорапшалар.
Б сыныбындағы органикалық, сұйық медициналық қалдықтарын жинау үшін олардың герметикалығын қамтамасыз ететін қақпағы бар суға төзімді контейнерлер пайдаланылады.
Қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылықтар мен арбаларда “Медициналық қалдықтар Б, В – сыныбы ” деген тиісті жазумен таңбаланады.
Медициналық қалдықтарды жоюдың бірнеше әдісі бар:
арнайы құрылғыларда өртеу;
зарарсыздандыру;
химиялық дезинфекция;
микротолқындардың әсер етуі.
Сақтау және жою бойынша жауапты тұлғалардың функционалдық міндеттері.
Қызметкерлерден В және С сыныптарындағы медициналық қалдықтарды ¾-ден аспайтын, тиісті түсті таңбаланған бір реттік қапшықтарға жинауға міндетті.
Әр түрлі сыныптағы қалдықтарды бір контейнерге араластыруға тыйым салынады.
Өткірлер бір реттік пластикалық ыдыста жиналады.
Жинау мен жоюға кім жауап береді?
Медициналық қоқыстарды тек контейнерді бекіту мүмкіндігімен мамандандырылған көлікпен шығаруға болады. Жүргізушінің кабинасы мен корпусы бір-бірінен алшақ тұруы керек. Ішкі беті тегіс, оңай тазартылатын және дезинфекциялайтын материалдардан жасалған. Сыртта «Медициналық қалдықтар» деген жазба қажет.
Медициналық қалдықтарды шығару үшін көлікке басқа талаптар қойылады:
механикалық тиеу-түсіру құралдарының болуы;
ыдыстың қысымын төмендету кезіндегі шұғыл дезинфекцияға арналған жиынтық;
қалдықтар төрт сағаттан артық тасымалданатын болса, тоңазытқыштың болуы.
Мұндай көлікті өз паркінде сатып алуға барлық ұйымдардың мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан медициналық қалдықтарды шығаруды стандартты автокөліктері мен салқындатылған фургондары бар мамандандырылған компанияларға тапсырған жөн.