Инфильтратдегеніміз егу жасаған жерінің қатаюы, ауырсынуыболып табылады.
Асқынудың себептері:
Егу жасау техникасын сақтамағанда,май ерітінділерді жылытпай енгізгенде;Бір жерге инъекцияларды көп жасағанда болады
Асқынудың алдын-алу:асқынуды тудыратын себептерді жою.
Асқынуды емдеу:қыздыру компресі,инфильтрат болған жеріне жылытқышты қою
Абсцесс-жұмсақ ұлпалардың іріңді қабынуы, қуыс пайда болып,оның ішіне ірің жиналады.
Асқындың белгілері: сол жері қызырыды,тығызданады, ауырсынады.Денесінің және қабынған жерінің қызуы көтеріледі.
Асқынудың себептері: инфильтрат туғызатын себептеріне ережелерді бұзған жағдайда жұмсақ ұлпаларына инфекция қосылу.
Асқынудың алдын-алу: инфильтратты және абсцессті туғызатын себертерді жою.
Асқынуды емдеу: хирургиялық жолмен емделедң.
майлы эмболия Асқынудың белгілері: көк тамырға түскен май-эмбол қанымен бірге өкпенің таырларына түседі. Кенеттен тыныс тарылу ұстамасы басталады, цианоз. Осы асқыну жиі өлімге әкеледі.
Асқынудың себептері: тері ішіне және бұлшық етке егу жасағанда иненің ұшы кездейсоқ тамыр ішіне түскенде немесе майлы ереітіндіні қателесіп көк тамырға енгізгенде.
Асқынуды емдеу: дәрігер нұсқауымен.
ауа эмболиясы Асқынудың белгілері: белгілері май эмболиясына ұқсас,бірақ өте тез уақытта белгіленеді.
Асқынудың себептері: шприцтің ішіне ауа түскенде және оны ине арқылы тамыр ішіне жібергенде.
Асқынудың алдын-алу: егу жасаудың алдында шприцтің ішінен ауаны ұқыпты шығару.
Асқынуды емдеу: дәрігердің нұсқауымен.
Иненің сынуы Асқынудың себептері: егу жасағанда инені канюлясына дейін енгізгенде, ескі инелермен қолданғанда,бұлшіқ еттері қатты жиырғанда пайда болады.
Асқынудың алдын-алу: инені толық енгізбей, терінің сыртыа шамамен 0,5-0,7 мм қалдыру. Ескі инелерді қолданбау. Егу жасаудың алдында психологиялық кеңесуді өткізу. Емделушіні жатқызып егуді жасау.
Асқынуды емдеу: иненің сынығын емделушіден шығарып алу, болмаса хирургиялық ем.