«Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Пациенттерді ішкі органдардың УДЗ жүргізуге дайындау



бет30/30
Дата03.05.2023
өлшемі108,48 Kb.
#89458
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
39. Пациенттерді ішкі органдардың УДЗ жүргізуге дайындау.
УДЗ кезіндегі пациенттің позициясы
Бүйректі УДЗ
Пациентті етпетінен жатқызып , басын төмен қаратып ( отырған күйде де ) өткізіледі . Құрылғыны ( тетік ) арқа жағынан немесе іштің бүйір жағынан денеге тақап тексереді .
Бауыр мен ұйқыбезді УДЗ
Пациентті шалқасынан , оң не сол бүйіріне жатқызған қалпында жасалады . Құрылғыны вазелин немесе арнайы гель жағылған жеріне зерттелетін органның топографиясына сәйкес тигiзin тексереді .
Әйелдің жыныстық сферасын УДЗ
Қуық толтырылған күйінде , пациент шалқасынан жатқызылып тексеріледі . Құрылғы вазелин жағылған ішперденің алдыңғы қабырғасына қойылады .
Ішперде қуысы ағзаларын ( бауырды , өтқалтаны , ұйқыбезді , көкбауырды ) ультрадыбыстық зерттеу және бүйрек УДЗ - сы
УДЗ мақсаты: ішперде қуысының әртүрлі органдарының күйін , пішінін , келемін , құрылымын анықтау .
Жабдықталуы : УДЗ аппараты.
Емшара барысы:
- Пациентке зерттеуге дайындықты үйрету және процедураның мақсаты мен жүргізілуі туралы әңгімелесу.
- Зерттеуге дейін 3 күн бұрын газды тудыратын тағамдар рационнан алынып тасталады ( көкөністер , жемістер , сүт тағамдары , ашытқылы тағамдар , қара нан , жеміс шырындары ) ; іш жүргізетін дәрілерді қабылдауға болмайды .
- Тексеріс болар алдында кешкісн тазартатын клизма қойылады .
- Метеоризм болған жағдайда дәрігердің тағайындауымен белсендірілген көмір қабылдайды .
- Тексеріс өткізерден 18-20 сағат бұрын тамақ қабылдамайды .
- Тексеріс болатын күні УДЗ кабинетіне ашқарын күйде келеді.
- Тексеріс алдында темекі шегуге болмайды .
- УДЗ - ны дәрігер өткізеді.
Кіші жамбас ағзаларын ( қуық , жатыр , анабез , простота ) ультрадыбыстық зерттеу
- Ішперде қуысы органдарының УДЗ кезіндегідей дайындық және қуықтың толық болғаны дұрыс .
- Тексерістен 2-3 сағат бұрын 1-1,5 л сұйықтық ішу қажет ( қайнатылған су ) .
- Несеп айдағыш препараттарды қолдану арқылы дайындалуы мүмкін . Ескерту . Әйелдің жыныстық сферасын ультрадыбыстық зерттегенде пациент шалқасынан жатады , қуық толық болуы керек . Құрылғы вазелин жағылған құрсақтың алдыңғы қабырғасына қойылады .
Бүйректі , жүректі , қантамырды ультрадыбыстық зерттеу
- Бұл тексеріс ерекше дайындықты қажет етпейді .
- УДЗ - ға жіберілген пациент өзімен бірге ауыстыратын аяқ - киім , сырқатнаманы ( амбулаториялык кітапшасын ) , сүлгі , төсек жайманы алып келуі керек .
Өт қабының жиырылғыштық қасиетін анықтауға арналған УДЗ
Бұған дайындық ішперде қуысы ағзаларының УДЗ - сының дайындығына ұқсайды .
УДЗ кабинетіне өт айдайтын таңғы ас әкелінеді ( 2 шикі жұмыртқанын саруызы ) .
Бірінші тексеріс аш қарынға өткізіледі , кейін өт айдайтын таңғы ас қабылданады .
Екінші тексеріс 50-60 минуттан кейін өткізіледі .
Ескерту . Тексерістер аралығында ешқандай тамақты қабылдауға болмайды .
40. Пациентті ЭКГ, спирография жүргізуге дайындау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет