Мейіргер ісінен неврология пәнінен дәрістер. Невропатиялар, полиневропатиялар. Бет жүйесінің невропатиясы



бет3/14
Дата28.12.2023
өлшемі67,54 Kb.
#144511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Медициналық емдеу: Симптоматикалық терапия:
Қан қысымының жоғарылауында тіл астына 10-20 мг нифедипин тағайындалуы мүмкін; Тахикардияны азайту үшін пропраналол қолданылады, бастапқы дозада күніне 3 рет 20 мг; содан кейін қан қысымын, жүрек соғу жиілігін, ЭКГ бақылауымен дозаны 2-3 дозада 80-120 мг-ға дейін біртіндеп арттырады;
Брадикардия кезінде - атропин, ересектер үшін: ЭКГ және АҚ бақылауымен IV болюс - 0,5-1 мг, қажет болған жағдайда енгізу 3-5 минуттан кейін қайталанады; ең жоғары доза 0,04 мг/кг (3 мг) құрайды.
Балалар - 10 мкг / кг; ауырсынуды азайту үшін анальгетиктер, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тағайындалады: Кеторолак, ішке бір рет 10 мг дозада немесе бірнеше рет, ауырсыну синдромының ауырлығына байланысты күніне 10 мг-ден 4 ретке дейін. Алдын алу шаралары: Аурудың нақты профилактикасы жоқ, дәрігерлер барлық жұқпалы ауруларды олардың дамуының ең басында емдеуді ұсынуы мүмкін, бұл патогендердің жүйке жүйесіне теріс әсерін азайтады.
Менингит, энцефалит.


Менингит - ми қабықтарының қабынуы. Мидың жұмсақ қабықтарының қабынуы- лептопенингит, ал қатты қабығының қабынуы- паxименингит деп аталады. Менингиттер аласуына байланысты церебральды (конвекситальды және базальды), жұлынды (спинальды) болып бөлінеді. Жұлын- ми сұйықтығының өзгеруіне байланысты іріңді және серозды болып, ағымына байланысты жедел, жеделдеу және созылмалы болады. Менингиттердің жіктелуі (М.Б. Цукер бойынша)
I. Біріншіреттік серозды менингиттер.
II. Екінші реттік сероздыменингиттер.
ІІІ. Бірінші реттік іріңді менингиттер.
ІV.Екіншіреттікіріңдіменингиттер.


Клиника: Инкубациялық кезеңі 1-4 күнге созылады. Ауру жедел басталып, дене қызуы көтеріліп, қалтырау пайда болады. Науқас мазасыз, тітіркенгіш келеді. Беті бозғылт болады. Мидың ісінуіне байланысты есінен танып, қалтырау, тырысу ұстамасы, кейде қалтырау статусы болады. Науқас басының ауыратынына шағымданады.
Тексергенде : менингеальдық синдром анықталады. Ошақты симптомдар болмайды, кейде бас ми жүйкелері зақымдалуы мүмкін, көбінесе есту жүйкесінің невриті болады. Менингококцемияның әсерінен теріде геморрагиялық дақтар пайда болады. Менингиттің негізгі клиникалық синдромы болып менингеальды синдром табылады. Менингеальды синдромға бастың ауыруы, құсу, жүрек айну, жалпы гиперестезия, өзіне тән менингеальдық поза, желке бұлшықеттерінің сiресуі, Керниг, Брудзинский симптомдары, Лессаж симптомы, Бехтерев- Iсимптомы анықталады. Бас ауруы жайымалы болады, кейде маңдай және шүйде аймағында болуы мүмкін. Менингит кезіндегі бастың ауруы нерв ұштарын тітіркендіруінен дамиды, сонымен қатар бас миын. Қабықтарын жүйкелейтін парасимпатикалық және симпатикалық талшықтарымен ядроларын тітіркенуіне байланысты. Науқас құсқан соң жеңілденіп қалады, басының ауырғаны азаяды. Менингиттің негізгі симптомдарының бірі болып жалпы тері гиперестезиясы және есту, көру тітіркендіргіштеріне жоғары сезімталдықтың болуы табылады (гиперакузия, жарықтан қорқу). Науқастың жатысы өзіне тән: басын шалқайтып, іші тартылып, аяқтары ішіне бүгіліп жатады. Бұл жатыс еріксіз, анталгиялы, яғни бұлшық еттердің рефлекторлы жиырылуына байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет