Мейіргер ісінен неврология пәнінен дәрістер. Невропатиялар, полиневропатиялар. Бет жүйесінің невропатиясы


Бет невропатиясы ауруы бар науқастардың күтімі



бет2/14
Дата28.12.2023
өлшемі67,54 Kb.
#144511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Бет невропатиясы ауруы бар науқастардың күтімі

Пациенттің проблемалары

Пациентті күтуде мейірбикенің ісі

Қалтырау
бет бұлшықетінің қисаюы
бетінің ісінуі
Дене қызуының жоғарылауы
Дәм сезуінің бұзылуы

1.Дәрігер тағайындаған тәртіпті сақтау.
2.Қалтырау және темтература жоғарылаған кезіндегі күтім.
3.Іш киімін және төсек жаймасын уақытында ауыстырып тұру
4.Тыныс алу жиілігін, пульсін, қан қысымын өлшеп қадағалау.
5.Дәрігер тағайындауын дер кезінде және бұлжытпай орындау.
6.Науқасты бет бұлшықет жаттығуларға үйрету
7.Науқастың физиологиялық бөліністерін қадағалау, жеке бас гигиена шараларын өткізу.
8.Ағарту жұмыстарын жүргізу.



Полиневриттер, полирадикулоневриттер.
Полиневриттер, полирадикулоневриттер - жұлынның жүйке сабақтары мен түбіршіктерінің көптеп зақымдалуы көбінесе жүйке жүйесінің жұқпалы-аллергиялық зақымдалуынан болады.
Кейде алкогольді, қорғасынды және т.б. уланулардан болатын полиневриттер болуы мүмкін. Нейроинфекция кезінде полирадикулоневрит синдромы кейде ми қабығының зақымдалуы синдромы бірігеді.
Клиникасы: Полирадикулоневриттің симптомдарына қозғалыстың бұзылуы, сонымен қатар сезімталдықтың субъективті және объективті бұзылулары жатады. Бұл кезде аяқ-қолдың дистальді бөліктерінде шеткері парез немесе паралич дамиды, сіңір рефлекстері төмендеп, бұлшық еттері кеми, ауру адамның жүрісі өзгереді, аяқ басының ілініп тұруы байқалады. Сезімталдықтың бұзылуы әр-түрлі болып келеді. Ең негізгісі - аяқ-қолдың дистальді бөлігінде жүйке сабақтарының бойымен немесе омыртқа жотасы бойымен ауырсыну сезімі гиперестезия, түбіршіктермен жүйкелердің керілуі симптомдары байқалады. Тексергенде аяқ-қолдардың дистальді бөлігінде сезімталдықтың «қолғап», «ұйық», «шұлық» тәрізді бұзылуы, терінің трофикасының бұзылғаны анықталады. Аурудың ұзақтығы шамамен 1,5-2 айға созылады. Науқастың бұзылған қызметтері толығынан қалпына келуі мүмкін. Кейде ауру белгілері жедел, ауыр өтуі мүмкін.
Жұлынның алдыңғы түбіршектерінің зақымдалуының бірі Ландридің өрлемелі параличі болып табылады. Ландридің өрлемелі параличі кезінде аяқтан бастап жоғары қарай бұлшық еттердің әлсіреуі дамиды. Бірнеше күннен кейін бульбарлы бұзылулар мен тыныс алудың бұзылулары дамиды, соның салдарынан адам өліп кетуі мүмкін. Бұл кезде жұлын-ми сұйықтығында белокты-клеткалық диссоциация пайда болып, белок саны өсуге бейімделеді.
Бірнеше реттік инфекциялы-аллергиялық полирадикулоневритке эпидемиялық ауру түрінде көрінетін Гийен-Барре ауруы жатады. Ауру жедел, дене қызуының аздап көтерілуінен басталады. Бастапқы кезеңде аяқтардың бұлшық еттері, кейіннен жоғары қарай екі жағында бірдей бұлшық еттер семеді. Ликворда белок құрамы жоғарылайды. Гейн-Барре синдромына күдік, тіпті ең аз симптомдар болса да, шұғыл госпитализациялау үшін негіз болып табылады, ал симптоматикалық емдеу амбулаториялық сатыда жүргізіледі, ал диагноз анықталған кезде олар ауруханаға жіберіледі, ал науқас және оның туыстары. жағдайының ықтимал тез нашарлауы туралы ескерту керек




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет