Мектебінде


Г.ИСКАКОВА, Әлімхан Ермеков атындағы



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата06.04.2017
өлшемі0,77 Mb.
#11179
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Г.ИСКАКОВА,

Әлімхан Ермеков атындағы

№2 ЖББОМ.

Қарағанды облысы,

Қарқаралы қаласы

 

ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ. «ТИМКА-



ДИМКА» ӘҢГІМЕСІ

Мақсаты: 

сабақта 

тәрбиелік-психологиялық 

жағдай  жасау.  Ғ.Мүсірепов  шығармашылығына  ана 

тақырыбына  жазылған  әңгімелері  ерекше    орын 

алатынына түсінік беру. Ғ.Мүсірепов шығармаларынан 

ана туралы үзінді оқу.

Міндеттері:  білімділік-  Ғ.Мүсіреповтің  «Тимка-

Димка» әңгімесін оқи отырып мазмұнын меңгеру, идеясы 

мен  тақырыбын  ашу;  дамытушылық-әңгімені  негізге 

ала  отырып,  оқушыларды  адалдыққа,  адамгершілікке, 

қарапайымдылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: қалыпты, аралас сабақ.

Әдісі: баяндау, сұрақ жауап, талдау, мәнерлеп оқу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, таныстырылым.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй жұмысына шолу.

Топқа бөлу.

Жаңа сабақ: оқушылардың қызығушылығын ояту, ой 

шақыру.

Мұғалім сөзі: -Біздің құрметтейтін адамымыз, өмірге 



алып келген бір жан бар. Ол кім? 

Балалардың жауабы: -Ана.

«Ана» тақырыбына балабақша бүлдіршінінен бастап, 

   


   

 


50

51

әйгілі қаламгерге дейін өз шығармаларын арнап келеді. 



Себебі не? (Балалардың жауабы, өз ойларын айтқызу).

Бүгін Біз сондай қаламгердің бірімен танысамыз.

Ол – Ғабит Мүсірепов.

Таныстырылым  арқылы  Ғабит  Мүсірепов  туралы 

түсінік беру.(34 минут)

Тапсырма: кітаппен жұмыс. Мәнерлеп оқу.

Берілген  үзінді  бойынша  жазушының  туған  күні, 

отбасы туралы не айтуға болады. 

Балалардың жауабы.

-Бүгін  біз  «Тимка-Димка»  әңгімесін  өтеміз.  

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. «Тимка-Димка» әңгімесін 

мәнерлеп оқу. 

1.  Әңгіменің мағынасын ашу «Тимка-Димка»  кім 

деген сұраққа мәлімет аламын.

2.  Сөздікпен 

жұмыс. 


Әңгіме 

мазмұнында 

кездесетін сөздердің мағынасын ашу.

Тыртиған артық

Денсаулығы қыл үстінде

Қызыға киініп көрмеген

Қарыз

Кезек

Сорлы

Жалтақтау

3. Топпен жұмыс.

I  топ.  Әңгіменің  мазмұнына  байланысты  жоспар 

құру.


II  топ.  Әңгіме  мазмұнына  байланысты  сұрақ 

дайындап, басқа топтардан жауап алу.

III  топ.  Әңгіме  мазмұнының  сюжеттік  құрылысын 

талдау.


4. Мәтінді меңгеру кезеңі.

I топ.


Әңгіме неліктен «Тимка-Димка» деп аталған?

II  топ.  Тимка-Димканың  портреттік  сипаттамасын 

беріңдер. 

«Тимканың  мінезі  адамгершілік  қасиеттері» 

топтастыру.

III  топ.  Қарапайымдылық  пен  қайырымдылық 

дегенді  қалай  түсінесіңдер?  Әңгімені  негізге  ала 

отырып, дәлелдеңіз.

5.  Сабақты қорытындылау.  

Рефлексия (интерактивті тақтада).

1.  Біз  бүгін  сабақта  қай  жазушы  туралы  түсінік 

алдық?


2.  Әңгімені оқи отырып қандай ой түйдік?

6.  Үйге: «Адалдық-адамзат сәні» әңгіме құрастыру.

7.  Бағалау.

 Тимка -Димка

     Әділдік

    

   


   

 


52

53

А.АСРЕПОВА,



№ 26 орта мектебі.

Қарағанды облысы,

Осакаров ауданы,

Молодежный кенті



АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 

И.А.КРЫЛОВТАН АУДАРҒАН 

«АҚҚУ, ШОРТАН ҺӘМ ШАЯН» 

МЫСАЛЫ

(6-сынып)

Мақсаты: 

білімділік-оқушыларды 

Ахмет 


Байтұрсынұлының  аударма  өлеңімен    таныстыру; 

дамытушылық:  ой-өрісін  кеңейту,  сөздік  қорын 

молайту,  тіл  байлығын  дамыту.  Ізденімпаздыққа  және 

топпен жұмыс істеуге үйрету; тәрбиелік: ауызбірлікке, 

татулыққа, ынтымақ-достыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік  құралдар:  интерактивті  тақта,  оқулық, 

суреттер.  Әдісі:  әңгімелеу,  түсіндіру,  оқу,  топпен 

жұмыс, «ой толғау», көрініс қою.

Түрі: жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы:

І.   Ұйымдастыру кезені: 

- Бүгін сыныпта кім кезекші?

- Қазанның нешесі?

- Аптаның қай күні?

- Сыныпта кім жоқ?

- Үй тапсырмасына не берілді?

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру: 

Мақал-мәтелдерді сұрау.

Тақырыбы: «Достық, бірлік, ынтымақ» 

ІІІ. Жаңа сабақ:

-  Балалар,  бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбын 

жұмбақ шешу арқылы анықтайтын боламыз.

Слайд ашу.

Жұмбақ шешу.

1.  Су бетін сызып,           2. Қомағайлық жасайды,

     Ақ құман жүр жүзіп.       Шабақтарды асайды.                           

                                (Аққу)                                                    (Шортан)

3.    Мойны жуан,

        Жұқалтаң қабақты.

        Тірсегі ұзын,

        Қоян тобықты.

        Іс тікпейді, бірақ

        Тастамайтын бізін, 

        Білесің бе ...?                     

                                                           (шаянды)           

- Ендеше, балалар, бүгінгі сабақта Иван Андреевич 

Крыловтың  Ахмет  Байтұрсынұлы    аударған  «Аққу, 

шорман һәм шаян» деген мысалымен танысамыз. 

 Сабақтың мақсаты:

    1. Мысалмен танысу.

    2. Топпен жұмыс істеуге үйрену.

    3. Ауызбіршілікке, татулыққа, ынтымақ-достыққа 

үйрену.


Сөздікпен жұмыс:

Мысал – басня;

Аққу – лебедь;

Шортан – щука;

Шаян – рак;


54

55

Һәм –және – и;



Ғибрат – пример;

Жүк – груз;

Бар күшімен тарту – тянуть изо всех сил;

Машақаты – хлопоты;

Ынтымақсыз іс – разобщенное дело. 

-  Ал,  енді,  балалар,  біз  бүгін  «Аққу,  шортан 

һәм  шаян»  мысалын  аударған  А.Байтұрсынұлының 

өмірбаянымен танысайық.

-  Слайд ашу (А.Байтұрсынұлының өмірбаяны)

Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1873 жыл, қазіргі 

Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылы – 

8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, 

әдебиет  зерттеуші  ғалым,  түркітанушы,  публицист, 

педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 

20  ғасырдың  басындағы  ұлт-азаттық  қозғалысы 

жетекшілерінің  бірі,  мемлекет  қайраткері,  қазақ  тіл 

білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы 

ғалым,  ұлттық  жазудың  реформаторы,  ағартушы, 

Алаш-Орда  өкіметінің  мүшесі.  1909  жылы  Орынбор 

қаласында  «Қырық  мысал»  атты  кітабы  жарыққа 

шыққан. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ 

тіліне аударған. Солардың бірі, И.А.Крыловтың «Аққу, 

шортан һәм шаян» мысалы.

Оқушыларды үш топқа бөлу.

-  Балалар, сендер 3 топқа бөлініп отырсыңдар.

Бұл:  1-топ-Аққу;

         2-топ-Шортан;

         3-топ-Шаян.

Топпен  жұмыс:  әр  топ  берілген  мәліметті  оқып, 

дәптерлеріне кластер құрастырады.

Құрастырған кластерлерін тақтаға шығып, жазады.

Слайд ашып отыру:

1топ  - Аққу; 

2топ – Шортан;

3топ - Шаян.

 1-топ.                        Аққу 

Аққу-өте  ірі  және  күшті  құстардың  бірі,  ол  сонау 

көне  заманнан  бері  сұлулық  пен  махабаттың  тазалық 

пен нәзіктің белгісі болып саналады. Оны көп халықтар 

киелі құс санап, ерекше құрметтеген. Аққулар аңыздар 

мен ертегілерде жырланды. 

  Аққу  түрлері:  сұңқылдақ  аққу,  қарақу  және 

сыбырлауық аққу.

  Аққулар – қалың қамыс арасында ұялайды. Олар 

ерекше  сезгіш  және  сақ  құс.  Балапандарын  ата-енесі 

бірлікте тәрбиелеп өсіреді.

2-топ.                   Шортан

      Шортан  -  еліміздің  өзен,  көлдерін  түгелдей 

мекендейтін  ірі  балық.Оның  ұзындығы  1,5  метрден, 

салмағы 35 килограмнан асып түседі.

   Әдетте ірі шортандардың салмағы 6-8кг тартады.

   Шортан –жыртқыш балық. Ол ұсақ шабақтарға да, 

ірі балықтарға да шабуылдай береді.Үйрек-қаздардың 

балапандарын  талғамай  жұтып  жібереді.  Шортан  ең 

алдымен  ауру,әлсіз  балықтарды  ұстап,  өзен-көлдерде 

ауру тарауына бөгет жасайды.

3-топ                       Шаян

  Шаян-өрмекші  тектес  буынаяқтылардың  көне 

топтарына жатады. Оның салмағы 50г-нан 200-ға дейін 

болады. Шаяндар кішкентай балықтармен қоректенеді. 

Тропикада  да,  шөл  далаларда  да  тіршілік  етеді.  Түнгі 

мезгіл де түрлі  жәндіктерді бір орнында қозғалыссыз 

тұрып, өз жемтігін ұлы  ұстап алады. Адам шаянның 


56

57

шаққанынан өліп кетпесе де қатты ауырып, шаққан жері 



ісіп, қалтырап тонады. Шаяндар ұзақ уақыт, бірнеше ай 

бойы тамақ ішпей жүре алады.

Тақтадағы  кластермен  салыстыру  және  өз 

жазғандарын толықтыру. Слайд ашу.

Киелі құс                                   Сұңқылдақ, қарақу,

                                                                                

сыбырлауық аққу 

     Сезгіш және сақ құс                        

                                       Жыртқыш балық 

        


 Ұзындығы 1,5 м                  

                                                               

 

    


Салмағы 35 кг 

Шаян


Салмағы 50-200г 

 

                                                    



Буынаяқты 

Тропикада, 

шөл  далаларда  тіршілік  етеді. 

ІІІ. Оқулықпен жұмыс: 

1. Мұғалім мәнерлеп оқып береді. 

Бейнебаянды көру.

Сұрақтар бойынша  жұмыс жасау.

 

- Мысалдың кейіпкерлерін атаңдар.



 

- Аққу, шортан, шаян.

 

- Аққу қандай құс? Ол қайда мекендейді?



 

- Аққу киелі құс. Ол көкте мекендейді.

 

- Шортан деген не? Ол қайда жүзеді?



 

- Шортан – ол балық. Ол суда жүзеді.

 

- Ал шаян ше?



 

- Шаян – жәндік. Ол Тропикада, шөл далаларда 

мекендейді.

2. Тізбектеп оқу.

3. Мысал бойынша көрініс көрсету.

- Балалар, осы көрініс арқылы біз нені байқадық? 

-  Аққу,  шортан,  шаянның  жүкті  үш  жаққа  тартып 

тұрғанын.

- Жүкті үш жаққа тартқан кезде бірлік пен ынтымақ 

бола ма?


- Жоқ. 

Яғни, әр істе ауызбіршілік, татулық, достық, бірлік 

болу керек. 

Қорытындылау:  «Ой толғау» стратегиясы.

  Мұғалім:  -  Балалар,  осы  мысал  арқылы  ақын-

жазушылар бізді неге үйретеді?

(ауызбірлікке, ынтымақ, достыққа шақырады)

Мұғалім:  -  Бірлік,  ынтымақ  достық  туралы  қандай 

мақал-мәтелдер  білесіндер?  

Мақал-мәтелдер.

1. Ынтымақ болмай, іс болмас.               

 2.Көп біріксе ел болар, көп тілегі көл болар.

3. Татулық –табылмас бақыт

4. Бірлігі жоқ ел тозады,

    Бірлігі күшті ел озады. 

Үй 


тапсырмасы: 

Ахмет 


Байтұрсынұлының 

И.А.Крыловтан  аударған  «Аққу,  шортан  һәм  шаян» 

мысалын мәнерлеп оқу, сурет салу.

Бағалау.


Аққу

Шортан

   Шаян

58

59

Әдістеме әлемінде: қазақ тілі



Р.ЖАҚСЫҒҰЛОВА,

№21 жалпы орта білім 

беретін мектеп.

Батыс Қазақстан облысы,

Орал қаласы

ОТБАСЫНДАҒЫ ӘКЕ МЕН 

БАЛАНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

(Жалғасы. Басы №11-санда)

1.  Оқылым.  Отбасы  –  адамның  алтын  ұясы, 

өйткені  адам  өз  отбасында  ұрпақтарын  тәрбиелеп 

өсіреді.  Отбасы  мүшелерінің  бірі  үлкен,  бірі  кіші 

болса да, олардың ортақ мақсаты, ортақ міндеті бар. 

     Отбасы – шағын мемлекет тәріздес, сол себепті 

де  әр  отбасының  өз  дәстүрі,  саясаты,  қаржысы 

болады. Қазақ отбасында әке – әулет басшысы. Ол – 

өз ұрпағының қамқоршысы, олардың тәрбиешісі.

     Әр бала өз отбасында тәрбиеленеді. Оның ақылы 

мен  ойы,  намысы  мен  ұяты,  адамдармен  қарым-

қатынасы қалыптасып отырады.

     Әке-шешенің үйі «қара шаңырақ» деген ұғыммен 

байланысты. Сондықтан балалары оны біздің «үлкен 

үйіміз»,  «қара  шаңырағымыз»  деп  атайды.  Ал  осы 

қара шаңырақтан тараған ұлдардың үйі «отау үй» деп 

саналады. 

          Қазақ  халқы:  «Әкеге  қарап  ұл  өсер,  шешеге 

қарап  қыз  өсер»,  -  деген.  Қазақ  отбасында  қыз 

бала  тәрбиесіне  ерекше  назар  аударады.  Қыздың 

тәрбиесіне анасы жауапты болады.

     Ал әкенің мінез-құлқы, оның өнері мен білімі, 

басқа  адамдармен  қарым-қатынасы  үнемі  ұл  балаға 

үлгі болған, сондықтан ол атасы мен әкесінің өнегелі 

ақылдарын  тыңдап,  олардың  ізгі  іс-әрекеттеріне 

қарап өскен.

Мәтінмен жұмыс.

1.  Мәтінді түсініп оқыңдар.

2.  Мәтін бойынша жоспар құраңдар.



2.  Айтылым. 

«Өз ойыңды ортаға сал». 

1.  «Ұрпақ», «отбасы», «әулет» деген ұғымдарды 

қалай түсінесіздер?

2.  Отбасының  ортақ  мақсаты  мен  міндеті  бола 

ма?


3.  Отбасы  –  шағын  мемлекет  пе?  Қалай 

ойлайсыздар?

4.  Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай?

Тірек сөздер:

Әулет

Қарым-қатынас



Ұрпақ

Қара шаңырақ

Отау үй

Дәстүр


Саясат

Қаржы


Тапсырма:  берілген  жаңа  сөздерді  оқыңдар,  сөз 

тіркесін  құраңдар,  мәтіннен  тауып,  мағынасын 

түсіндіріңдер.

3.  Жазылым.

1-жаттығу.  Берілген  сөздермен  сөз  тіркестерін 

құрап жазыңдар.


60

61

Әулет - 



Қарым-қатынас - 

Ұрпақ - 


Қара шаңырақ - 

Отау үй -

Дәстүр - 

Саясат - 

Қаржы – 

Грамматика. Синоним, антоним, омоним. 

     Синоним – айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары 

бір-біріне жақын сөздер. Синоним сөздердің белгілері: 

1) әр түрлі дыбысталады; 2) бір ұғымды білдіреді; 3) 

бір сөз табына қатысты болады; 4) сөйлем ішінде бір 

сөйлем  мүшесі  болады.  Мысалы,  ас,  тағам,  тамақ, 

ауқат.


     Антоним – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы 

сөздер. Мысалы, аласа – биік, ұзын – қысқа, жақын 

– алыс.

     Антоним қолданылатын орындар: 1) қос сөздер 



(жоғары  –  төмен,  ақ  –  қара);  2)  тіркескен  сөздер 

(құй да төк, ал да бер); 3) Антонимдер ойды әсерлі, 

бейнелі  жеткізу  құралы  ретінде  мақал-мәтелде  жиі 

қолданылады. Мысалы, Көз - қорқақ, қол  - батыр.

     Омоним – дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары 

әр түрлі сөздер. Мысалы, «Жақ» сөзінің омонимдік 

мағыналары: 1) адамның жағы; 2) от жақ; 3) оң жақ; 

4) маған жақ; 5) қара бояу жақ; 

    Омонимдердің жасалу жолдары:

1.  Жұрнақ арқылы: шығыс (шық + ыс), жастық 

(жас + тық);

2.  Кірме сөз арқылы: бақ (парсы. «бақт»);

3. Дыбыстық өзгеріс арқылы: біз (бігіз);

2 - жаттығу. Синонимдерді сәйкестендіріңдер:

әулет                                     өнеге

өсу                                          дүниеге келу

қалжың                                  көңіл аудару

туу                                          отбасы

үлгі                                         ер жету

назар аудару                           әзіл

3-жаттығу. Мақал-мәтелді аяқтаңдар.

1.Әдепті бала – арлы бала, ...        (бала – жапырақ)              

2.Жақсыдан үйрен, ...                 (ақыл басқа бітеді)

3.Ұлдың ұяты әкеге, ...            (ұшқанда соны іледі)

4.Ата – бәйтерек, ...                     (жаманнан жирен)

5.Қына тасқа бітеді, ...   (әдепсіз балы–сорлы бала)

4–жаттығу.  Берілген  сөздерден  сөйлемдер 

құраңдар.

1.  Бала, алады, әкеден, мейірім, анадан, ақыл.

2.  Асыраушысы,  отбасының,  әке,  қамқоршысы, 

тірегі.

3.  Ана,  ошағының,  бөлейді,  жылуы,  шуағы, 



жақсы,  ұйытқысы,  әкеліп,  ана,  береке,  отбасына, 

бақытқа.


4.  Қай,  білімді,  ата-ана,  парасатты,  болмасын, 

мәдениетті,  баласының,  қалайды,  тәртіпті,  болуын, 

әдепті.

4.  Тілдесім.  Жағдаяттық  сұрақтарға  жауап 

беріңдер.

І.  Әкең  саған  «Дүниеде  ақ  зат  асыл  ма,  қара  зат 

асыл ма?» десе, қалай жауап берер едің?

ІІ. Бүгін әкеңнің туған күні. Тілек айту кезегі саған 

да келіп жетті. Қандай тілек айтасың? Мына сұрақтар 

бойынша тілегіңді айт.


62

63

1.  Әкең қандай адам?



2.  Әкеңнен нені үйрендің?

3.  Әкеңе қандай өмір тілейсің?

4-модуль  бойынша  нәтиже  сабақ  «Қазақстанның 

белгілі ғалымдары».



1.  Оқылым.

   Қаныш Сәтбаев 12 сәуірде 1899 жылы дүниеге 

келді. Ол бала кезінен зерек болып өсті. Алты жасынан 

бастап  ауыл  мектебінде  оқыды.  Ауыл  мектебінде 

арабша  хат  танып,  араб  тілін  үйреніп,  парсы,  түркі 

әдебиетінің үлгілерімен танысады.

    1912  жылы  Қаныш  Павлодар  қаласындағы  екі 

кластық  орыс-қазақ  мектебіне  түседі.  Қаныш  бұл 

мектептің  жарық  жұлдызы  болып  көрінеді.  Ән 

салып,  гитара,  домбыра  тартып,  Абай  мен  орыс 

ақындарының жырынан қызықты үзінділер оқиды.

  1914  жылы  Қаныш  Семейдің  семинариясына 

түсіп, онда төрт жыл оқиды. Семинарияны бітірген 

соң 1918 – 1919 жылдары  Қаныш  Семей қаласындағы 

екі  жылдық  педагогика  курсының  оқытушысы 

болып 


тағайындалып, 

онда 


жаратылыстану 

пәнінен  сабақ  береді.  Бірақ  семинариядан  алған 

білімге  көңілі  көншімей,  жоғары  білім  алғысы 

келеді.  Біраз  дайындықтан  кейін  Қаныш  комиссия 

алдында  емтихан  тапсырып,  Томскідегі  Технология 

институтына түседі. 1921 жылы студенттер қатарына 

Қаныш Сәтбаев қосылды. Алғашқы күндерден бастап 

оның назары геологиялық-барлау мамандығына ауды. 

Екінші курстан кейін ол өз ұстазы М.А.Усовтың дала 

жұмыстарына қатысады. 

     Институтты бітіргеннен кейін Қ.И.Сәтбаев өзінің 

туған Қазақстанына оралып, бүкіл өмірін геологияны 

зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат 

базасын  жасауға  арнады.  Еңбек  жолын  Атбасар 

түсті металдар тресінде бастап, инженер-геолог, бас 

инженер-геолог болды. 

Қ.И.Сәтбаев  1943  жылы  Ұлттық  Ғылым 

академиясының 

көрреспондент-мүшесі 

болып 


сайланды,  ал  1946  жылы  толық  мүшесі  болып 

сайланды.

Қаныш  Сәтбаев  дарынды  адам  еді.  Ол  –  640-тан 

астам  ғылыми  еңбектің  авторы.  «Жезқазған  руда 

кеніші»  деген  ғылыми  еңбегі  үшін  Қ.И.Сәтбаев 

Ленин орденімен марапатталды.

 1964 жылы қаңтар айында ғұлама көз жұмды.

Қаныш  Сәтбаев  –  көрнекті  ғалым,  қоғам 

қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым 

академиясының тұңғыш президенті.

Мәтінмен жұмыс.

1.  Мәтінді түсініп оқыңдар.

2.  Мәтін бойынша жоспар құраңдар.

3.  Жоспар бойынша әңгімелеңдер.



2.  Айтылым.

«Ой қозғау» 

•  «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» 

мақалы кімдер туралы айтылған?

•  Бұл  мақалды  ұлы  тұлғаларға  қатысты  айтуға 

бола ма?


Тірек сөздер:

Тағайындалу. 

Жаратылыстану.

Геологиялық-барлау.

Ғұлама.


64

65

Шикізат.



Көз жұмды.

Тапсырма:  берілген  жаңа  сөздерді  оқыңдар,  сөз 

тіркесін  құраңдар,  мәтіннен  тауып,  мағынасын 

түсіндіріңдер.

3.  Жазылым.

1-жаттығу.  Берілген  сөздермен  сөз  тіркестерін 

құрап жазыңдар.

Тағайындалу – 

Жаратылыстану - 

Геологиялық-барлау - 

Ғұлама - 

Шикізат - 

Көз жұмды  – 

Грамматика.  Дыбыс  үндестігі.  Ілгерінді  ықпал. 

Кейінді ықпал. Біріккен сөз.

Дыбыс үндестігі – қатар тұрған екі дыбыстың бір-

біріне ықпал етіп үндесуі. 

1. Ілгерінді ықпал –түбір мен қосымшаның немесе 

сөздердің аралығындағы алдыңғы дыбыстың кейінгі 

дыбысқа  тигізетін  әсері..  (12).  Мысалы,  бала-лар, 

жол-дар, тұз-ға.

Ілгерінді  ықпал  сөз  тіркесінің  және  біріккен 

сөздердің аралығында да болады.

Жазылуы 


Айтылуы 

Алып бер


Алып пер

Ала кел


Ала гел

Алмасбек


Алмаспек

2.  Кейінді ықпал – түбір мен қосымшаның немесе 

сөздердің аралығындағы дыбыстардың соңғысының 

алдыңғы дыбысқа тигізетін әсері. Мысалы, түндік + 

і – түндігі, тәртіп + і – тәртібі.

     Біріккен сөз – екі немесе одан көп сөз бірігіп, бір 

ұғымды  білдіретін  және  бір  сұраққа  жауап  беретін 

сөз. 


Мысалы, Тасбақа (тас + бақа), Екібастұз (Екі + бас 

+ тұз).


2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны 

қойып  жазыңдар.  Кейінді  ықпал  емлесін  естеріңе 

түсіріңдер.

Әсет...  доп...

Әке ... тымақ ...

Айнұр ... қуыршақ ...

Әже ... көйлек ...

Ана ... жүрек ...

3-жаттығу.  Сөйлемдерді көшіріп жазып, ілгерінді 

және  кейінді  ықпалда  тұрған  сөздердің  астын 

сызыңдар.

Отырар  қаласының  кітапханасы  ірі  болған  екен. 

Ғалым жастық шағында сапарға шығуды, жол жүруді 

ұнатқан.  Ол  қыпшақ  елін  көп  аралаған.  Әл-Фараби 

ғылыми еңбектерін араб тілінде жазып қалдырған.

4-жаттығу.  Сөздерді  көшіріп  жазып,  қандай 

түбірлерден бірігіп жасалғанын үлгідегідей дефиспен 

бөліп көрсетіңдер.

Халықаралық, 

пәнаралық, 

жаратылыстану, 

ақсақал, ешқашан, әлдекім, шығыстану, көпқырлы.

5-жаттығу. Сызба бойынша мәтін құрыңыздар.

                          туды                         

қайраткер

тәрбиесі


оқу         

Белгілі 


тұлға:     

академик                                  



66

67

5-модуль  бойынша  нәтиже  сабақ  «Қазақстан 



мемлекеті және оның құрылымы».

1.  Оқылым.

1991  жылы  Қазақстан  өз  тәуелсіздігін  алды.  16 

желтоқсан Тәуелсіздік күні деп аталды. Н.Ә.Назарбаев 

Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті 

болды. Тәуелсіз еліміздің өз мемлекеттік рәміздері – 

Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.

 Қазақстанның аумағы өте үлкен. Қазақ елі Ресей, 

Қытай,  Қырғызстан,  Өзбекстан,  Түрікменстан 

мемлекеттерімен шектеседі. Қазақстанның шекарасы 

батыстан шығысқа дейін 2800 шақырымды алып жатыр.

Батысында  Каспий  теңізі  орналасқан.  Каспий 

теңізінде мұнай және газ кеніштері бар. Қазақстанның 

оңтүстігінде  көкөніс,  жеміс-жидек  көп  өседі. 

Солтүстігінде  егін  жақсы  өседі.  Ал  шығыс  аймағы 

түрлі-түсті  металға  бай.  Орталық  Қазақстанда  көмір 

шығарады.

  Астана  –  Қазақстанның  бас  қаласы.  Ол  еліміздің 

солтүстігінде орналасқан. Қазақстан халқының саны 17 

миллион. 

Мәтінмен жұмыс.

1.  Мәтінді түсініп оқыңдар.

2.  Мәтін бойынша сұрақтар құраңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет