Мектебінде



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата06.04.2017
өлшемі0,77 Mb.
#11179
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҰЛТТЫҚ  ТАҒАМДАР

(7-сынып)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік  -  қазақтың  ұлттық  тағамдары 

жайлы  біледі,  ұлттық  тағамдар  маңызды  екенін 

түсіне  білуге  және  түсінгендерін  айта  білуге 

дағдыланады.

Дамытушылық    -  оқушылардың  өзара  пікір 

алысу,  ортақ  ой  тұжырымдау,  оны  көпшілік 

алдында  айта  алу  дағдылары  жетіледі.  Ұжымда 

өзара  әрекеттестікте  жұмыс  істеу  біліктіліктерін 

дамытады.

Тәрбиелік  -  оқушы  бойында  ізгілік,  мейірім, 

адамгершілік  сапаларының  жетекші  сапалар 

ретінде 


қалыптасуына 

құлшыныс 

туады. 

Қазақ  халқының  ұлттық  тағамдарын  білуге, 



қонақжайлылыққа тәрбиеленеді.

Оқыту нәтижесі:

•  Сынып ұжымының қоғамдағы тіл мәдениеті 

жайын біледі.

•  Әр сөзді орнымен қолданады, сөйлемді әсерлі 

құрады, сөзді кестелі, бейнелі етіп құрады.

•  Тақырып  аясында  берілген  тапсырмаларды 

сауатты орындайды.

•  Әңгіме құруда сауаттылықтары   артады.

Негізгі идеялары:

•  Сыныптағы оқушылардың  іс-әрекеттері, 

тапсырмаларды орындаулары  олардың  ұлттық 

тағамдар жөнінде білімнің қалыптасуына ықпал 

етеді. 


Негізгі идеялары:

• Сыныптағы оқушылардың іс-әрекеттері, 

тапсырмаларды орындаулары олардың ұлттық 

тағамдар жөнінде білімнің қалыптасуына ықпал 

етеді. 

Мұғалім  жазбалары.



І. Ұйымдастыру. 

Сәлемдесу.

-  Сәлеметсіңдер ме? Отырыңдар. 

-  Біздің  әр  өткен  сабағымыз  қуаныш.  Ал  қуанышта  кеңпейіл 

халқымыз не істеген?

 ... Шашу шашқан. 

- Шашу дегеніміз не?....Ол тілек, береке. Біз де береке тілеп, шашу 

шашайық. (Шашу шашылады).

- Кәмпитті жай  ғана жемей, менің сұрақтарыма жауап беріңдер.

- Бүгін кім  кезекші?

- Сыныпта кім жоқ?

- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай  күні?

Оқушыларды 2 түсті стикер арқылы екі топқа бөліп отырғызамын.                                                                                               

1-топ: Ас атасы-нан, 

2-топ: Ас-адамның арқауы. /Әр топтан топ басшысын сайлап алу, әр 

топқа бағалау парағын беру/

-  Сендердің  білімдеріңді  топ  басшысы  сабақтың  әр  кезеңінде 

бағалап, бағалау парағына баға қояды, сабақ соңында бағаларын айтады.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

-  Балалар,  мен  сіздерге  үйге  тапсырма  ретінде  ұлттық  тағамдар 

жайлы  презентация жасап келуге берген болатынмын. Орындап келген 

жұмыстарыңызды ортаға шығып қорғаңыздар.

/әр топтан оқушы шығып, жасаған презентацияларын қорғайды./

  –  Балалар!  Көздеріңді  жабыңдар.  Мен  сендерге  бір  азық–түлік 

беремін, оның иісінен, бұл не екенін анықтаңдар. (Қымыз).

 - Қымыз туралы кім біледі?

-  Қымыз неге жатады? ...(Қазақтың ұлттық тағамдарына).

- Ендеше, бүгін біз ұлттық  тағамдар тақырыбын өтеміз.

Сабақтың  мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Қызығушылықты ояту. 

1. Жазылым.  Әр топқа «Ұлттық тағамдар» және «Ұлттық сусындар» 

сөздері  жазылған  ватман  беремін.  Оқушылар  топта  тақырыпқа  сай 

білетіндерін ортаға салып топтастырып жазады. Әр топтан бір оқушы



84

85

шығып тапсырманы оқып береді.



ІV. Мағынаны тану.

2. Оқылым. 2 топқа екі мәтін беру. (Топ  ішінде  берілген  мәтінді  

оқып, әр топ өздеріне берілген мәтіннің  мазмұнын айтып береді.)

3.  Жазылым.  Тақтаға  әр  топқа  2  сөйлем  жазылады.  Сөйлемдерде 

дауысты, дауыссыз дыбыстар түсіріліп жазылады.

1-топ: «Ас атасы - нан» тобына:

*Қаза...та  ұлт...ық  та...амдар ал...ан түрлі.

*Дастар...андағы д...м, та...амнан   а...уыз  тимей кетуге болмайды. 

2 – топ: «Ас – адамның арқауы» тобына:

* Тамақ ішуге шақыр...анда, тама...ты к...п күтт...руге болмайды.

* Қазақта дастар...аннан, д...мнен  үлкен н...рсе жоқ.

4. Жеке жұмыс.

Топтың әр мүшесіне  тапсырма жазылған кәртішке беріліп, 2 минут 

уақыт беріледі. 

1 минуттан кейін  әрқайсысы жауап береді.

5. Тапсырмалар жазылған кәртішкелер:

1. Мына сөйлемді аудар:

Из мяса конины готовят казы, карта, жал. (Жылқының етінен қазы, 

қарта, жал дайындайды).

2. Мына сөйлемді аудар:

Творог, курт, масло молочные блюда.(Сүт тағамдары -рімшік, сүт, 

құрт, май).

3. Мақал-мәтелдің аудармасын дұрыс айт:

Когда в семье лад, все вкусно подряд. (Тату үйдің тамағы тәтті).

4. Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі бар. 

Оларды ата? (ет, сүт, нан тағамдары).

5. Мына сөздерді аудар:

      еда, пища- (дәм)

      не попробовав- (ауыз тимей)

     гость-(қонақ)

    гостеприимство- (қонақжайлылық) 

6. Мына сөйлемді аудар: 

В  Казахстане  есть  санаторий  где  лечат  кумысом.  (Қазақстанда 

қымызбен емдейтін санаторий бар).

6. Бұл қандай тағам?

1.  Қаймағы  алынған  немесе  алынбай  пісірілген  сүтке  азырақ  су 

қосып ұйытылады. Ол- жеңіл және сусындық тағам. /Айран/

2.  Кез  келген  малдың  етінен  жасала  береді,өкпе-бауыр  қосып 

жасайды. Түрлері көп: соғым, өкпе-бауыр, қарын /Қуырдақ/

3. Шай дастарханының басты асы. Ең жоғары сапалы ұннан май, 

ашытқы  қосып  жасалады.  Әр  түрлі  пішінде,  үш-төрт  бұрышты, 

сопақша, домалақ болады. Түрлері көп. Мысалы: бармақ, жол, ақ, той 

т.б. /Бауырсақ/

4.  Сүттен  жасалған  ұлттық  тағам.  Мағынасы  да  құрғатылған, 

кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіріліп майы алынған айранды 

қайнатып  кенеп  дорбада  сүзіп  алып  тұздап  өреде  кептіріп  сақтайтын 

тағам түрі./ Құрт/

5.  Аса  кәделі  дастарқан  дәмі.  Ол  қыста  қатпайтын,  жазда 

бұзылмайтын  өте  дәмді  тағам.  Оған  құмшекер,  ұнтақталған  ірімшік, 

мүйіз салып араластырады. /Жент/

6.  Жылқы  етiнiң  деликатесi.  Онша  семiз  емес  салқындатылған 

жылқы етiнен не салқындатылған немесе мұздатылған майдан әзiрлейдi. 

/Шұжық/

7. Сергіту сәті 



Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

 8. Мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі аудармасымен сәйкестендіру.

      Досыңның үйінде, су берсе де ішіп кет.              

      Где пища водится, там болезнь не заводится.

     Ынтымақты үйдің асы тәтті.                                 

     Не шагай через блюдо с едой.

     Ат–адамның қанаты, ас-адамныңқуаты.            

     Пример хозяина за столом вкус еде прибавляет

     Ас үстінен аттама, астанүлкенемессің. 

     В гостях у друга и воду подадут – пей. 


86

87

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды. 



Конь –крылья человека, а в хлебе-его сила

Ас- иесіментәтті.                                                   

Хлеб  и пшеница –пища, золото и серебро-хлам.

Алтын, күміс-тас екен, арпа, бидай-ас екен. Когда в семье лад, все 

вкусно подряд.

9. 2 топқа  ортақ тапсырма: «Менің сүйікті ұлттық тағамым» атты 

тақырыпқа әңгіме құрастырып, оқу.

10. Топтық жұмыс.

І  топ:  Асқа байланысты жұмбақ, мақал жазу.

ІІ  топ:  Тамаққа байланысты ырымдар мен тыйым сөздер жазу.

11. Мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастыру.

Ұлттық  тағамдарға,  сусындарға  байланысты  білетін  мақал-

мәтелдерін айтып, екі топ жарысады. Жеңімпаз топты марапаттау.

V. Бағалау. 

   Бағалау үшін топ басшыларына сөз беріледі.

VI. Қорытынды.

Сабағымызды  «Дастархан» халық әнімен  аяқтайық.

Сөзі: Ж. Боранбаевтікі. Әні: М.Ілиясовтікі.



Бүгінгі ел ішінде,

Дәстүрді жалғастырған.

Татулық белгісімен,

Жағалай малдас құрған.

                     Қайырмасы:

                    Ей, менің асқар тауым,

                    Қазақы дастарқаным.

                   Өзіңсің бақ-берекем,

                  Ақ қайнар бастауларым.

Дәм татар талай ғасыр,

Ұрпақтар абайласын.

Кірлетпей таза ұстасын

Қазақтың шар айнасын

VII. Рефлексия.

-Балалар, бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар? Сабақтан 

алған әсерлеріңді  смайлик арқылы көрсетіңіздер.



Н.ТАСТАНБЕКОВА,

«№5 орта мектеп мектепке

дейінгі шағын орталығымен»

мемлекеттік  коммуналдық  мекемесі.

Алматы облысы, 

Қапшағай қаласы

НӘТИЖЕ САБАҚ 

    


(5-сынып)

Мақсаты:  тарау  бойынша  өткен  білімдерін 

пысықтау.  Тақырып  бойынша  сөйлесе  білу,  сауатты 

жазуға    және    сөйлеуге    үйрету.  Тест    сұрақтарына 

толық жауап беру.

Қызығушылығын  арттыра  отырып,  танымдық 

көзқарастарын  қалыптастыру. Ойын жағдаяттарында 

қазақ  тілін  қолдану  арқылы  оқушыларды  жаңа 

әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру.

Оқушылардың  коммуникативтік    дағдысынының  

қалыптасуына  диалогтік  оқытудың  әдістерін 

пайдалануға қолғабыс көрсету.

А, Б, В оқушыларының көрсеткіштері: А-тақырып 

бойынша  өзара  сөйлесуге  қатысады.  Сөздік  қоры 

жеткіліксіз.  Б-Тест    сұрақтарына    жазбаша  жауап 

береді, бірақ  тапсырманы түсінуде біраз қиналады.  

В-баяу жазады. Тест тапсырмаларын түсінбейді.

Күтілетін  нәтижелер:  сан  есімнің  мағыналық  

ерекшелігін біледі. Сан есімнің  түрлерімен сөйлем 

құрады. Жағдаят бойынша сөйлем құра алады.

Түйінді идея: Білімді мыңды жеңеді.

Әдіс-тәсілдер:дамыта оқыту технологиясы

I. Кіріспе бөлім.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық  оң ахуал туғызу (2 мин.)

   


   

 


88

89

Оқушылардың  топқа  бөлінуіне  көмектесу.



Мақалдардың жалғасын табу арқылы топқа бөлінеді.

1-топ.Білім туралы.

2-топ.Еңбек туралы.

3-топ.Отан туралы.

4-топ. Денсаулық туралы мақалдардың  жалғасын 

табу  арқылы  топқа  бөлінеді.  (Бір-біріне  сәттілік 

тілейді.)

Нәтиже сабақтың тапсырмаларымен  танысу.

1. Сұрақтарға  жауап береді. 

2-тапсырма.  Тест  сұрақтарына    жазбаша      жауап  

береді.

Оқылым әрекеті.(Өзін-өзі бағалау)



Тапсырмаларды  орындауларына  байланысты 

бағыт беру.

2. Серпіліс.

3. «Ыстық орындық»(СТО).

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Сөздік жұмыс.(АКТ)

-«қара-жаз-айт-жаз-тексер»техникасы mp3

Тапсырмаларды жазбаша орындау.

1-тапсырма.Сұрақтарға жауап жазыңдар.

2-тапсырма.Тест сұрақтарға жауап беріңдер.

«Ойланамыз  бірге» стратегиясы (ДО)

Сергіту сәті.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты бекіту. «Сұрақты қағып ал» әдісі (ДО)

Жоғары  және төменгі деңгейлі  сұрақтарға  жауап 

береді.


Рефлексия.  «Даналық  ағашы»  Оқушылар  кері 

байланыс жапырақтарын толтырады.

   

   


 

    

      

А.ДОБАРОВА,                       

               №32 жалпы орта 

               білім беретін орта мектебі. 

                            Қарағанды қаласы

 КӨЛІК ТҮРЛЕРІ

Мақсаты:  оқушылардың  тілдік  дағдысы  мен  ойлау, 

жазу қабілеттерін дамыту.

Міндеті: білімділік-тақырып бойынша көлік түрлері 

туралы қазақша сөйлеуге жағдай туғызу, оқушылардың 

білім-білік  дағдыларын  қалыптастыру;  дамытушылық   

Сөздік  қорын  молайтып,  сұхбат,  жұмбақ,  мәтінмен 

жұмыс  істеп,  үстеудің  түрлерін  практикалық  жолмен 

дамыту; тәрбиелік-бірін-бірі сыйлап, білімділікке деген 

сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеуге баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: интерактивті әдіс,  сұрақ-жауап, түсіндірмелі, 

талдау, әңгімелеу.

Сабақтың 

көрнекілігі: 

интерактивті 

тақта, 

презентациялар.



Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу, оқушыларды түгелдеу. Оларды сабаққа 

бейімдеу.

- Сәлемесіңдер ме. Көңіл-күйлерін қалай?

2. «Жылы лебіз» тренингі.

-Балалар,  сабақтың  басында  біз  қол  ұстасып, 

шеңберге тұрып, бір-бірімізге жылы лебіз айтамыз.

 - Сабағымыз сәтті өтсін.

 - Деніміз сау болсын. 

 - Сабақтан көп білім алайық.

 - Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жетейік.



90

91

3. Кезекшімен сөйлесу.



- Бүгін сыныпта кім кезекші?

-  Мен-кезекшімін.(Оқушылар  кезекшіге  өздерінің 

сұрақтарын қояды, кезекші жауап береді.)

ІІ. Үй тапсырмасы.

Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

1. Үстеу-ереже.

2. Көлік түрлері туралы жұмбақтар.

-Үстеу деген не?

-Қандай сұрақтарға жауап береді?

-Үстеу мағынасына қарай қандай болады?

-Үстейдің әр түріне сөйлем құрастырыңдар.

3.  1-тапсырма.  «Артығын  алып  таста»  (Е-learning. 

Е-кітапханадан. ЦОР)

4. 

2-тапсырма. 



«Дұрыс-бұрыс». 

(Е-learning. 

Е-кітапханадан. ЦОР)

5.  Жұмбақтар.  «Ыстық  орындық»  тәсілі  бойынша 

орындау.

 ІІІ. Жаңа сабақ.

1. - Ал енді, балалар, бейнеороликті көріп, сабақтың 

тақырыбы  қандай  екенін  маған  айтындаршы? 

(Бейнеролик «Көліктер-2» қойылады.)

-Дұрыс, балалар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-

Көлік түрлері.(Презентация. 3-слайд)

- Сабақтың мақсаты:

1.  Тілдік  дағдысы  мен  ойлау,  жазу  қабілеттерімізді 

дамыта  отырып,  көлік  түрлері  туралы  қазақша 

сөйлеуге  үйреніп,  білім-білік  дағдыларымызды  

қалыптастырамыз.

2.  Сөздік  қорымызды  молайтып,  сұхбат,  жұмбақ, 

мәтінмен жұмыс істеп, үстеудің түрлерін практикалық 

жолмен дамытамыз.

      3. Бір-бірімізді сыйлап, тыңдап,  көп білім алуға 

тырысамыз.(4-слайд)

-Қазіргі  заман  көлік,  техниканың  дамыған  заманы. 

ХХІ  ғасыр  көлігіне  әуе  жол  көлігі,  темір  жол  көлігі, 

су  көлігі,  жер  және  жер  асты  көлігі  жатадыАлматы 

қаласында жер асты көлігі(метро) салынды.(5-9-слайд)

-  Бүгін  біз  сендермен  «Көлік  түрлері»  деген 

тақырыппен  жұмыс  істейміз.  Одан  бұрын  «Пазл 

құрастыру» арқылы үш топқа бөлінеміз.

І топ-Темір жол көлігі.

ІІ топ-Әуе көлігі.

ІІІ топ-Су көлігі.

Спиккер мен тайм-менеджерді таңдау.

Топпен жұмыс ережесін еске түсіру.

2. Жаңа сөздер.

   Көлік-транспорт                  

   Жолаушы-пассажир

   Жүк-груз                             

  Өнім- продукция    

  Шетел-зарубежье, заграница 

  Тиімді-выгодный            

Тасымалдау-перенести, 

перевозить, 

перевозка                                                                                                                                        

      Мұнай –нефть

Тасу- перенести, перевозить                            

Қызмет көрсету-оказывать услугу     

А) Мен қазақша- орысша оқимын.

Ә)Мен орысша оқимын, оқушылар қазақша айтады.  

3.  Мәтінмен  жұмыс.  Топтық  жұмыс.  1-тапсырма. 

(12-слайд)

А) Оқу.

Ә) Аудару.



Б) «Карусель» тәсілі бойынша жұмыс.

4. Диалог құрастыру. 2-тапсырма (13-слайд)



92

93

-Осы тақырып бойынша күнделікті өмірде болатын 



көрініске диалог құрастыру. Құрастырады, оқиды.

І топ-Темір жол вокзалында.

ІІ топ-Әуежайға телефон соғу.

ІІІ топ-Өзенде.

5. Сергіту сәті.

6. Дәптермен жұмыс. (Жазбаша)

№1-грамматикалық тапсырма. (14-слайд)

А) Мәтіннен үстеулерді табу.

Ә) Үстейдің түрін анықтау.

Б) Үстеуге синоним, антоним табу.

7. №2-грамматикалық тапсырма.  (15-слайд)

  І  топ-«Пойыз»  сөзіне  фонетикалық  талдау  жасау, 

септеу.

ІІ топ- көлік сөзін жекеше, көпше түрде тәуелдеу.



ІІІ топ- жолаушы сөзін жекеше, көпше түрде жіктеу.

ІV. Қорыту. Шығармашылық жұмыс.

-Ал,  енді,  балалар,  бүгінгі  сабақ  бойынша  осы 

тақырыпты  қорыту  үшін  мен  сендерге  ватман  мен 

маркерлерді  беремін.  Сендер  онда  өз  ойларыңды 

тұжырымдап, қорытындылап жазыңдар.

(Оқушылар  кластер  бойынша  жазады,  тақтаға 

шығып, жұмыстарын қорғайды.)

V. Тұжырымдау.

Оқушылар  стикерге  сабақ  бойынша  өз  ойларын 

жазады. САБАҚ  ҰНАДЫ  МА, ҰНАҒАН ЖОҚ  ПА. 

Жұмыстың қай түрі ұнады?    

VІ.  Бағалау.  Оқушыларды  білім  деңгейлеріне 

байланысты бағалау.

VIІ. Үй тапсырмасы. Деңгейлік тапсырма.

«А»-«Көлік түрлері» тақырыбына эссе жазу.

«Б»- «Көлік түрлері тақырыбына диалог құрастыру.

    «С»- Жаңа сөздерді жаттау.



Г.ТҰРСЫНОВА,

№90 мамандандырылған 

мектеп-лицейі.

Алматы қаласы



ШАЙ. КОФЕ ІШУ

Мақсаты:


Шай, 

кофенің 


шығу  тарихы  мен 

аңыздарға  мән  беріп, 

мәтіндердің 

мән-


мазмұнын ашу.

1. Білімділік:  жаңа сөздердің айтылуын, 

жазылуын  үйрету,  мәтіндермен  жұмыс 

жасауда  тілін  жаттықтырып,  сөздік 

қорын байыту.

2.  Дамытушылық:  оқушылардың  ой-

өрісін,  тіл  байлығын,сөздік  қорын 

дамыту.


3.  Тәрбиелік:  тарихта  болған  елеулі 

оқиғаларды  есте  сақтауға,  құрметтеуге 

тәрбиелеу.

Әдіс -тәсілдері:

Сыни  тұрғысынан  ойлау,  АКТ, 

диалогтік  оқыту,  дарынды  және 

талантты  балалармен  жұмыс,оқытудағы 

жаңа  тәсілдер,оқу  үшін  бағалау  және 

оқыту  үшін  бағалау,  жас  ерекшеліктері 

бойынша оқыту.

Түрі:

Аралас 


Типі:

Интербелсенді 

Пәнаралық байланыс: Сурет, орыс тілі, әдебиет, тарих

Сабақтың 

дидактикалық 

қамтамасыз етілуі:

Фишкалар, мақал, қара жәшік, суреттер, 

таныстырылым, кестелер, видео

Өлшемдік 

ойлау 


қабілеті:

 7 «Б»


Уақыт

Сабақтың барысы:



94

95

5  



мин.

I. Ұйымдастыру 

кезеңі:

1. Амандасу.



2. Топқа бөлу.

(кесе мен 

стақандар 

арқылы 2 топқа 

бөлу)

3. 


Психологиялық 

ахуалын 


жақсарту.

Ойын: Есіміңнің 

басты әріпі 

«қандай?» деген 

сұраққа жауап 

беріп, өзін 

сипаттау.

4. Фонетикалық 

жаттығуды  

орындау:


Мақал:

Сыйлап берсе, 

суын іш.

Мұғалімнің рөлі:

1. Амандасады

2. Оқушыларға 

фишкаларды 

таңдауға 

мүмкіндік 

береді. Фишка 

суреті  бойынша 

екі топқа бөліп 

отырғызады.

3 Оқушыларға 

ойын ойнауға 

ұсынады. Әр 

оқушы өз есімін 

атап, бірінші әрпі 

бойынша өзін бір 

сын есім арқылы 

сипаттайды. 

Мысалы: Ажар-



ақылды.

Оқушының рөлі:

1. Амандасады.

2. Оқушылар 

фишкаларды 

таңдап, топқа 

бөлінеді.

3. Ойын арқылы 

өздерін 

сипаттап, 

қызығушылығын 

танытады.

4. Фонетикалық 

талдауды 

орындайды.

5. Ережелерді 

оқып шығады.

6. Топ басшылары 

бағалау 

парақтарын 

алып, сабақ 

бойы белсенді 

оқушыларды 

белгілеп отырады.

4. Фонетикалық 

жаттығуды 

орындайды:

1. Мақалды 

оқушыларға оқытып, 

аудартады.

2. Дауысты 

дыбыстармен жұмыс.

3. Морфологиялық 

талдау: суын

4. Мақалдың 

мағынасын қалай 

түсінесіздер?

5. Топқа қойылатын 

ережермен 

таныстырады. 

Оқушыларға 

оқытады. 

Түсіндіреді.

Бағалау парақтарына 

назар аударады. 

мин.



II. Үй тапсырмасын 

тексеру кезеңі:

1.  Жуан 

және жіңішке 

сұрақтармен жұмыс.

«Қара жәшік» 

ойыны.

2. Оқушылардың 



диалогтарымен  

жұмыс


3. Дәптерлерімен 

жұмыс.


Бағалау.

1. Мұғалім қара 

жәшікке грамматикалық 

тақырыптар бойынша 

сұрақтарды дайындап 

ұсынады:


-Сын есім дегеніміз не? 

қандай сұрақтарға жауап 

береді?

-Сын есім тұлғасына 



қарай неше топқа 

бөлінеді? Ата.

- Есім сөзден сын есім 

тудыратын жұрнақтарын 

ата. Мысал келтір.

- Етістіктен сын есім 

тудыратын жұрнақтарын 

ата. Мысал келтір.

- Күшейткіш үстеу қандай 

сұрақтартарға жауап 

береді? Қандай сөздер 

жатады?


Тәуелдік жалғау дегеніміз 

не? Тәуелдік жалғауларын 

ата.

- Өткен шақ дегеніміз не?



Неше түрі бар? Ата.

-Туынды сөздердегі түбір 

мен қосымшаның үндесуі 

неге байланысты?

1. «Қара 

жәшіктен» 

өткен ережелер   

бойынша 


сұрақтарға жауап 

береді.


2.  О/О

3. Дәптерлерін 

тапсырады.

Өздерін 


бағалайды.

- Лепті, сұраулы 

сөйлемдер  дегеніміз  

не?


- Біріккен сөздердің 

емлесі, неше топқа 

бөлінеді, әр тобына 

сипаттама бер.

2. Оқушылар үйде 

дайындап келген 

диалогтарын 

мазмұндайды.

3. Дәптерлерін жинап 

алады. 


96

97



мин.

III. Оқушылар-

дың білімдерін 

жан-жақты 

тексеру кезеңі.

Сыни 


тұрғыдан оқыту 

стратегиясы.

АКТ.

Таныстыры-



лыммен жұмыс:

«Суреттер мен 

сұрақтар» 

Мұғалім жаңа тақырыппен 

байланыстыру үшін 

сұрақтар қояды:

- Оқушылар мына 

суреттерге қарап не 

айта аласыңдар? Бүгін 

біз сендермен қандай 

тақырыппен танысамыз, 

қалай ойлайсыңдар?

Оқушылар 

суреттерге   қарап, 

сұрақтарға   жауап 

бере   отырып, 

жаңа  тақырыпты 

анықтайды.

мин.


IV. Жаңа білімдерін 

игеру   кезеңі:

1. Сөздікпен жұмыс.

Аңыз, ойнақ 

салу, арамза 

күш,бақташы, 

беймәлім, дән, 

сергек, көпес, 

қою, шығарылу,

 құрғақ,сіңіру.

2 Мәтіндермен  

жұмыс


1-топ

«Кофенің шығу 

тарихы»

2-топ


«Шай»

3 Топтық жұмыс

Сұрақтармен мен 

ДЖИГСО2


 кестесімен жұмыс:

ДЖИГСО2  кестесі

V (білемін)

  -(білмеймін) 

 + (мен үшін жаңа 

ақпарат 


? (мені 

таңғалдырды)

1.Мұғалім жаңа сөздердің 

айтылуын үйретеді,

  жазылуына  назар  

аударады. Жаңа 

сөздермен сөз 

тіркестерін,сұраулы,лепті, 

хабарлы   сөйлемдерін 

құратқызады. 

Жаңа сөздерді кестеге 

жазып тапсырады.

2. Әр топқа мұғалім бір-бір 

мәтіннен ұсынады, 

оқушыларға оқуға уақыт 

беріп, ДЖИГСО

 кестесін толтыруды 

ұсынады.


3. Мәтін бойынша 

сұрақтарды құрап,

қарсылас топқа сұрақтар 

қойғызады.

4. Мәтіндер бойынша үш 

деңгейлі 

тапсырмаларды 

орындатқызып, әр 

оқушыға өз бетінше 

орындатқызып, 

тексереді. 

1. Оқушылар жаңа 

сөздерді қайталап,

сөздікке жазып, 

сөз тіркестерін,

сөйлемдерін 

құрайды.кеспе 

қағаздарын

 сөздікке 

жабыстырады.

2. Оқушылар 

іштей бір оқып 

шығып, 

кестені толтырады.



Толтырып болған 

соң топтан бір 

оқушы мәнерлеп 

мәтінді оқиды, 

және 

қалғандары 



Джигсо бойынша 

айтып шығады.

3. Оқушылар мәтін 

бойынша сұрақтар 

құрап 

қарсылас топқа 



қояды,өздері де 

жауап береді.

4. Оқушылар 

үш деңгейлі 

тапсырмаларды 

орындап, оқып 

шығады.



мин.



мин.


8 мин

4 Үш деңгейлі тапсырмалармен жұмыс:

ІІІ деңгей

1-тапсырма

Сөйлемдерді мәтін бойынша аяқта.

Септеулік шылаулар қандай 

сөздермен байланысып тұрғанын 

нықтаңдар, септік жалғауларын 

ажыратыңдар.

1 Ешкілер беймәлім бұтаның 

жемісін жегеннен кейін,............................

2 Кофенің шығу туралы..............................

3 XVII ғасырдан кейін ..............................

4 Молда бұл жемісті жеп көрген соң,......

2-тапсырма

Сұрақтарға ауызша жауап бер:

-Шайдық Отаны қай ел?

-Шай нешінші ғасырдан бастап 

пайда болды?

ІІ деңгей

1-тапсырма

Төменде берілген сөздер мен сөз 

тіркестерімен сөйлемдер құра:

Беймәлім бұта,ойнақ салу, дән , 

сергек ,тәтті шай, ыстық сумен.

2-тапсырма

Ауызша сұрақтарға жауап бер:

-Аңыз бойынша молда жолда келе 

жатып нелерді көреді?

-Молда ағаш жемістерімен не істейді?

-Қою шығарылған шай қалай әсер етеді?

-Шайға арналған ыдыстарды 

қалай күту керек?

І деңгей


1-тапсырма

Мәтіндегі  шайды  дұрыс  шығару 

ережелерін 

әрі қарай жалғастырыңдар.

1 Шай қайнататын арнайы ыдыс болуы 

керек.


2 Шәйнекті алдын ала ыстық сумен шаю 

керек.


3.................................................................

...........

4.................................................................

...........

2-тапсырма

Шай  мен  кофенің  адамға  пайдасы  бар 

ма?

 Неде? Өз ойыңды айт.



 

98

99



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет