Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері


Балалардың геометриялық фигураны қабылдау ерекшеліктері



бет9/55
Дата19.02.2023
өлшемі209 Kb.
#69273
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Балалардың геометриялық фигураны қабылдау ерекшеліктері
Геометриялық фигуралар эталон болып табылады, бұларды пайдаланып ненің формасын анықтайды. Формада, өлшем сияқты, бір нәрсені кеңістіктегі екінші нәрседен бөліп шектеп тұрады. Нәрселердің формасы геометриялық фигураларда жалпыланған бейнеге ие болды. Мектеп жасына дейінгі балалар нәрсенің формасын қандай жолмен игереді және де геометриялық фигураны қабылдау оларда қалайша жүзеге асады? Форма жайындағы түсінікті дамыту ісі сенсорлық тәрбие проблемаларының бірі болып табылады. Нәрсенің формасы жайлы нәрселер мен айнала кеңістіктің арасын бөлетін шекара ретіндегі ұғым балаларда өте ерте білінеді. Тәжірибеге қарағанда, өзі сүт ішетін бөтелкені формасына қарай тани біледі екен. Сол ерте кезден ақ балалар өздеріне таныс нәрселерді, олардың кеңістікте қалай тұрғанына қарамастан, тани біледі. Алайда мектеп жасына дейінгі бала көз алдында әдеткі қалыпта өзгеше,мысалы 45 градусқа бұрылып жатқан квадратты тани алмайды екен. Ондай жағдайда форманың тікелей ұқсастығы білінбей қалады. Квадратты тани білу үшін, оны ойша бұру керек болатын сияқты, ал олардың мұндай нәрселермен іс әрекеті аса шектеулі ғана. Бұдан шығатын қорытынды: бала сирек кездесетін әртүрлі нәрселер формаларының теңбе-теңдігін әлі көре білмейді, сондықтан оларды форма белгісіне қарап қорытындылай алмайды.
Нәрселердің формасын тани білуде геометриялық фигураның атқарар рөлі едәуір, ол фигуралармен өмірде кездесіп жүрген нәрселер салытырылады. Сондықтан балаларды негізгі геометриялық фигуралар мен таныстыру, оларды айыра білуді үйрету, өлшемдерінің шамасына байланысты атай білуді үйрету аса маңызды. Зерттеулерге қарағанда, бастапқы кезде 3-4 жасар балалар геометриялық фигураны кәдуілгі ойыншық деп және жақсы таныс тұрмыстық нәрселерге ұқсатып қабылдайды, әрі бұл нәрселерді солардың атымен атайды: цилиндірді – стакан баған дейді, үш жақты призманы-шатыр, конусты-мұнара, қатар жатқан екі дөңгелекті-көзілдірік, тік төртбұрышты – терезе, овальды-жұмыртқа дейді т.с.с(С.Н. Шабалин)
Үйрету жүрген ересек адамның ықпалымен балалардың геометриялық фигураны қабылдауы біртіндеп өзгеше қалыптасады. Балалар оларды нәрселермен теңестірмейді. Тек салыстыра ғана, бұны олардың айтқан сөзінен байқаймыз: цилиндр стакан сияқты, үшбұрыш – пионер галутігі сияқты т.с.с. және ақтығында, геометриялық фигураларды балалар өмірде тұрмыста кездесетін нәрселерді салыстырылатын нәрселер ретінде қабылдайды. Геометриялық фигура үлгі рөлін атқарады, онымен сәйкестендіріп нәрселер сұрыптап алынады. Үлгіге қарап балалар сәйкес геомериялық фигураларды да сұрыптай алады. Геометриялық фигураны қабылдағанда,сйкестеп сұрыптау үшін қойылатын үлгінің атқарар рөлі қандай? Зерттеулерге қарағанда екі аяқ басқан балалар оларға көрсеткен үлгіге қарап фигураның еркін сұрыптап ала береді, алайда сұрыптау үшін қойылған екі фигура форма жағынан кереғар болуы тиіс. Тіктөртбұрышпен квадратты, квадрат пен үшбұрышты айыра бөлу екі-үш жасар балаларға едәір қиын тиеді, өйткені форманың аса нәзік ерекшелеіктерін бөліп көрсеті талап етіледі.
Сұрыптап алу деген не? Бұл жерде екі процесс ұштасады:1 үлгімен таныстыру, яғни оның құрылысына мұқият анализ жасау, 2 осы аталған үлгіні фигуралардың ішінен салыстыру жолымен тани білу, яғни таңдауға түскен обьектілерден сол елеулі белгілерінің барлығын таба білу, бұл, әрине, әліде кішкене балалар үшін күрделі мәселе және де оны шешу үшін оқыту қажет.
Алайда геометриялық фигураны тани білу әліде ол жөнінде ұғым болып табылмайды.
Геометриялық фигуралар жайындағы жеңіл-желпі ұғым 6-7 жасар балалар үшін ғана әбден түсінікті бола алады. Ұғымды анықтау деген – сәйкес обьектілер класын дәл бөліп көрсете білу және олардың елеулі белгілерін атау болмақ. Аталмыш обьект жатқызылатын текті көрсете отырып, ұғымды анықтауды жәнеде сырт көрінісін айыруды ересек топтың балалары оқыту барсында біртіндер меңгереді. Сонымен бірге 6-7 жасар балалар геометриялық фигуралардың қарапайым қасиеттерін, сондай-ақ геометриялық фигуралардың кейбір түрлерінің арасындағы қатынастарында түсіне алатын болады. Геометрияда бір ұғым екіншісі, анағұрлым көлемділеуі арқылы анықталатын жағдай жиі кездеседі. Мысалы, былай дейді «квадрат дегеніміз-тіктөртбұрыштың дербес жағдайы» алайда тіктөртбұрыштың қай – қайсысыда квадрат бола бермейді, өйткені квадраттың барлық қабырғалары тең ал тіктөртбұрышта – тек екі қабырғасы тең болады.
Квадрат пен тіктөртбұрышты олардан кеңірек паралелограмм, төрбұрыш ұғым арқылы, тіпті оданда гөрі кеңдеу көп бұрыш ұғымы арқылы анықтауға да болады. Осылайша күрделене беретін бағыныңқы ұғымдардың тұтас жүйесін елестетуге болады. Ал зерттеулерге қарағанда, балалар мұңдайға аса қызығатын көрінеді. Бұл тектес байланыстар мен бағынушылықтарды тағайындау болса, балалардың ойын дамытып әрі тереңдете түседі, айнала қоршаған болмысты қабылдай білуге үйретеді, ойлау жүйелілігіне, байланыстылылығына тәрбиелейді.
Бұдан шығатын педагогикалық қорытынды: балаларды алуан түрлі геометриялық фигурамен таныстыра отырып, олардың қарапайым қасиеттеріне біртіндеп назар аудару қажет, сондай-ақ балаларды геометриялық фигураларды белгілеріне қарай топтастыра білуге үйрету, мұнымен формалардың инвариянтылығы атап көрсетіледі.
Балаларды геометриялық формамен таныстыру тәсілдері қандай және де сөздің атқарар рөлі қандай?
Көптеген психологиялық және педагогикалық еңбектерде нәрселердің структурасын тану, олардың формасы мен өлшемдерін тану қандай болмасын форманы көріп қабылдау процесінде ғана емес, сондай-ақ өзі сипап сезу,ұстап көру арқылы және сөзбен атап айту арқылы да жүзеге асырылады. Осы анализаторларды қатар қолданып жұмыс істегенде нәрсенің формасын дәл қабылдау мүмкін болады.
Нәрсені тек көріп қана қабылдау кішкене баланы қанағаттандырмайды. Оны тәуірірек тану үшін, балдырған да, ересектеу бала да сол нәрсеге қолын тигізгісі келеді, тіпті кейде бұрыпта қойғысы келеді: мұнымен қоса, қарау мен сипап көру деген нәрсенің формасы мен конструкциясына қарай әр басқа болмақ.
Сондықтан нәрсені қабылдауда және оның формасын анықтауда маңызды, дәлірек айтсақ, негізгі роль атқаратын-көру және сипап сезу анализаторларымен жүзеге асатын жан-жақты тексеру болмақ, кейін сол сөзбен түсіндірілетін болады.
Алайда, көптеген авторлардың айтуына қарағанда мектеп жасына дейінгі балаларда нәрселер формасын тексеру деңгейі өте төмен: көп жағдайда олар көо жүгіртіп қана қарайды екен, сондықтан форманы дәл анықтацй алмайды, тіктөртбұрышпен квадрат формасын толық айыра алмайды.
Формасы күделі нәрсені қабылдағанда оның тек жекелеген қасиеті ғана – ұзындық, бұрыштар, ойықтар, шеңбер т.б көзге түседі, ал фигура тұтастай танылмай қала берді.
Зерттеулерге қарағанда, балалар өз бетімен нәрсенің ерекшеліктерін тани алмайды, оның формасын бөлшектей білмейді, әсіресе бұған біз балалардың бейнелеу іс әрекетіне қарап көз жеткіземіз. Сонымен, форманы танып білуде көзбен қол бір біріне көмектесіп өзара әрекеттеседі, ал танылатында сөзбен айтып бекітеді.ъһ

Балалардың қол қимылының генизейсін бақылау нәтижесі көрсеткендей 3 жасар баланың қимылы ұстағанға ғана емес сипағанға ұқсайды. 4 жасар балалардың қол қимылдарында енді алақанымен саусақтарының ұшымен сипап көру пайда болады. Ондай да бір қолымен ғана сипайды,саусақтың ұшы сипап – сезу прцесіне қатыспайды. 6-7 жасар балалар нәрсені екі қолымен ұстап көреді. Қимылы біріне-бірі қарама-қарсы келеді немесе екі жаққа қарай қазғалады. Алайда обьектінің контурын жүейлі түрде бақылап шығу дегенді әзір білмейді. Ақтығында, 6 жасар балалар фигураның бүкіл контурын саусақтарының ұшымен байқап шығатын болады,байқау қимылдары нәрсенің формасын модельдейтін іспетті.


Көз қимылдарының генезисі мынаған көз жеткізеді: фигураның контур бойымен көз жүгіртудің өзі де оның формасын модельдейтін сияқты және де оны дәл танып білуге септігін тигізеді. Алайда мұндай қимыл тек 6-7 жасар балаларға тән. Ертерек кезеңде көз қимылы фигураның тек ішкі облысын ғана қамтиды: алдымен оның өлшемін байқайтын сияқты тек 5 жасқа таман баланың көзі форманы анағұрлым сипаттық бөліктерін қамти бастайды,мұны өзі қабылданатын обьектіні белгілі бір дәрежеде тани білуге септігін тигізеді. Бұдан шығатын қорытынды: балаларға мүмкіндігінше геометриялық фигураның формасын немесе контур бойынша нәрсені тексеру тәсілдерін ерте үйрету қажет.
Форманы бұл сияқты практика жүзінде моделдеу қажеттігі біртіндеп жойылады. Оның орнына фигураны көзбен көріп зерттеу келеді,сүйтіп идеал модель және пертцепциялық бейне жасалады.
Форманы қабылдай білуге үйреті методикасында тағы да бір ерекшелік сол, балалар дамуының дара ерекшеліктері қайсыбір бір балалар қарастырылып отырған обьектіге көбірек қызығады көріп отырғандарын сұрап білмек болады,оның қасиеттерін атамақ болып йқындамақ болады,ал бағзы біреулері- өздері қарастырмайды,тек ересек адамдар айтқанын тыңдап ғана отырады: олар үшін айтылған сөз негізгі саналады.Қабылдаудың әр түрлі сапасы олардың түсініктерінің толықтығын және айқындығын анықтайды да. Зерттеулерге қарағанда баланың сенсорлық тәжірибесі неғұрлым жадау болса, обьект жөніндегі оның түсінігі де соғұрлым үстірт болады, оның нақтылы бейнесі схема түрінде ғана болмақ. Кіші балалардың бұл тектес қабылдау айырмашылығы ілгеріде алған тәрбиесінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан ерте кезден бастап балалар асықпай сөзбен қорытынды жасай отырып бақылауға үйрету керек.
Алайда тікелей қабылдау кезінде дұрыс және уақытылы айтылған сөз,бақылап отырған обьектіні есте қалдыруға себепші бола отыра,оны тереңдете түседі. Сөз деген сезімдік қабылдауды,обьект қасиеттерімен танысуды төмендетпейді, қайта қорытынды дәрежесіне дейін жоғары көтереді. Сөз деген сезімдік қабылдаудан тысқары алаңда нақтылы бейне жасай алмайды, ересек адам әңгімесінен бала білгенін тек қана еске түсіре алады. Ал нақтылы бейне болса, сол айқын емес, сол схема түрінде қала береді. Бұдан шығатын педагогикалық қорытынды: айтылған сөзден кейін нақтылы мазмұны бай сезімдік бейне келегін болуы қажет.
Сонымен кішкене балалар үшін геометриялық фигуралар олардың ойыншықтарымен қатар қойылады, басқа ойыншықтар сияқты олар еріксіз көз тартады, сонымен олардың формасы ойын әрекетінен әліде болса бөлінбейді.
Одан әрі балалардың танымдық іс әрекеті біртіндеп жіктеліне бастайды, геометриялық фигуралар формасын сипап көріп және көзбен көріп зерттеу тәсілдері пайда бола бастайды, және оларда алдымен тұрмыста кездесетін нәрселермен салыстырса, кейін, керісінше, тұрмыстық нәрселерді геометриялық формалармен салыстыратын болады. Ақырында, зерттеу ісі жүйелі түрде жоспарлы болып шығады әрі фигураны контур бойымен орындалады: фигура қабырғаларының қатысын кейін қойып қарап шығады, оларға қайта есептейді, арақашықтықтарды, фигураның қабырғаларын өлшейді.
Зерттеудің көрсетіп отырғанындай балалардың танып білу әрекеті ересек адамның басшылығымен едәуір шапшан дамиды. Бұдан шығатын қорытынды сол,балаларға геометриялық фигуралар формаларын дұрыс зерттеу тәсілдерін ерте жастан үйрету қажет: олардың қарапайым қасиеттерін көре білу қабілетін дамыту: айтылған сөзге және үлгіге қарай әр түсті және өлшемдері де әртүрлі фигуралардың арасынан таңдай білуді үйрету:геометриялық фигураларды алуан түрлі белгілері бойынша топтай білуге айнала қоршаған нәрселерден белгілі геометриялы фигуралармен ұқсастығын таба білуді уйрету: фигуралардан нәрселердің моделдерін құрастыра отырып олардың түрін өзгерте білуге үйрету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет