Байланысты: Мектеп жасына дейінгі балаларды арапайым математикалы ымдар
Нәрселердегі үш өлшемді балалардың бөліп көрсетуі. Көптеген нәрселер үш өлшеммен сипатталады (ұзындығы,ені, биіктігі ). Әрбір өлшемнің шамасын бағалай отырып, біз өзіміз үшін аталып отырған нәрсені сипаттап шығамыз (жалпақ, бірақ тапалтақ шкаф, кітап қоятын шкаф буфеттен тарлау, барлық үстелдердің биіктіктері бірдей т.с.с.).Көптеген нәрселер жөнінде біз жуан –жіңішке дегенді қосып айтамыз, сонда біз диаметрді ғана ескеретін боламыз.
Алайда ондай сипаттама берер алдында нәрселерге талдау жасай білу қажет, яғни әрбір жекелеген нәрсенің сәйкес өлшемдерін айырып алып, олардың өлшемдік қатынастарын тағайындай білу қажет.
Нәрселердің үш өлшемділігін мектеп жасына дейінгі балалардың аңғару ерекшеліктері қандай болмақ?
Мектеп жасына жеткен тұста да балаларда үш өлшемділік деген ұғым қалыптаспайды деген пікір жоқ емес, бар.
Алайда көптеген зерттеулер қазіргі кезде естиярлар мен даярлық тобындағы балаларды оқытатын болсақ, олар нәрсенің ұзынығын, енің және биіктігін айырып көрсетіп бере алатынын көрсетіп жүр (Р.Л.Березина).
Мысалы, Сережа Қ. (6 жыл 11 ай) мынадай тапсырманы “Мына қорапты мұқият қарап шығып, оның биіктігін көрсет” тыңдап болып қорапты бар жағынан қарап алып, айырым саусақтарымен биіктігін нұсқап “Ол аласа”, - депті. –“Ал енді ұзындығын көрсете ғой”. Бала солдан оңға қарай қораптың алдыңғы жағы бетімен саусағын жылжыта отырып “Міне, мынау ұзындығы”-деген. Енін көрсете ғой деген тапсырманы есіткен Марат қораптың жоғарғы бетінің көлденеңін көрсеткен.
Сонымен, бала қорапқа толықтай ұзындықтың үш түрі бойынша талдау жасай білген. Оларды айырып көрсету оған айтарлықтай қиындық тудырмаған да. Осы іспетті іс-әрекетті естиярлар мен даярлық тобындағы балалардың қимылдарынан жиі кездестіруге болады, алайда алуан түрлі нәрселердің биіктігін көрсету үшін олар біраз қиналып қалады. Мәселен, аласа қораптың биіктігі болмайды дегенді балалардан жиі естиміз: «Мына қораптың биіктігі жоқ», -дейді 6 жасар балалар. Ал кейбір балалар биіктігі деп нәрсенің жоғарға бетін қолымен сипап көрсетеді.
Үш-төрт жасар балалар үш өлшемді қалай қабылдайды екен? Үш жасар балаларға өздеріне көрсеткен нәрселердің арасынан биігін немесе ең ұзынын табыңдар дегенде, олар әдетте ең үлкеніне (оның жалпы өлшемдеріне қарай) көз тоқтады; ұзын, биік деген сөздерді үш жасар балалар үлкен деген сөздің синонимі ретінде қабылдайды.
Төрт жасар балалар, егер нәрсенің ұзындығы оның енінен артық болса, оларды артықтау ұзындығы немесе ені бойынша сұрыптап алу жөнінде дифференциялды тәсіл қолданады. Балалар нәрсенің биіктігін сұрыптағанда көбірек қиналады. Мәселен балалар биік мұнараны бірден таба алады, бірақ өлшемдері әр-түрлі қораптары ішінен, әсіресе биіктігі бірден көзге түсе қоймайтын болса, олар: «Мұның ішінде биігі жоқ» деп олардың ең биігін ылғи да таба бермейді. Сол ересек топтың балалары да осындай тапсырманы орындағанда әжептәуір қиналып қалады.
Алайда бұл аталған қиыншылықтардың барлығы да салыстыру жөнінен ұзындықтың әрбір түрін айыра білу жөінен және сәйкес атаулардың мәндерін балаларға ашып айтып бере білу жөнінен атқарылған педагогикалық жұмыстың кемшілігінің нәтижесі ғана (ол атаулар: ұзынырақ-қысқарақ, ұзын-қысқа, кеңірек-тарырақ, кең-тар, жалпақ-жіңішке, жоғары- төмен, биік-аласа, жуандау-жіңішкелеу, жуан-жіңішке)
Тәжіребиенің көрсетіп отырғанындай, естиярлар мен даярлық тобының балалары тік бұрышты паралелепипед формалы денелердің барлық үш өлшемін де айырып көрсете білу де аз-ақ уақыттың ішінде игере алады. Оқыту нәтижесінде нәрселердің, ойыншықтардың кеңістікте тұрған қалпына қарай әр түрлі параметрлерін іздестіру балаларды қызықтыра түседі. Балалар әсіресе нәрселердің ұзындығы мен енін шапщаң әрі дәл табады, тек биіктігін көрсету керек болғанда ғана қиналады. Нәрсенің өлшемдерін тапқанда оның ұзындығы бойымен немесе ені бойымен көлденеңінен және сондай –ақ нәрсенің биіктігін көрсеткенде вертикаль бойымен сипап өту үлкен роль атқарады; осының бәрі нәрсенің ұзындығын; енін және биіктігін анағұрлым дәл, айқын білуге көмектеседі. Балалар болса, нәрселердің тұрған қалпын өзгерте отырып және ұзындық параметрлерін анықтай отыры, «эксперимент жасағанды» тәуір көреді. Сөйтіп, балалар үстел үстінде тұрған қораптың (қарындаш салынатын) биіктігін ұзындығын және енін табады. Осыдан кейін оны горизанталь жатқызып қойып, қайтадан оның осы өзгерген жаңа қалыпта ұзындығын, енін және биіктігін табады. Осылайша іздестіру жолдары қызғылықты ойынға айналады. Бұндай қызығушылық балаларды нәрселерді көзмөлшерімен салыстыруға және салыстыруға (қайсысы биігірек және қайсысы аласарақ, қайсысы жуандау және қайсысы жіңішкелеу.) жетелейді.