74
Күз алдымен сарғайды,
Күлімсіреп алдайды.
«Сары алтынсың, сары күз!» -
Дедік сонда бәріміз.
Қоңырайды күз енді,
Былай дедік біз енді:
“Қоңыр күз-ай, коңыр күз,
Түрің неге көңілсіз?”
Күз күрсініп үн қатты,
Қиналыпты тым қатты:
«Барам», – деді қарайып,
Қыс келеді алайып.
Өлеңдегі сарғайды, қоңыр күз, қарайып, т.б.
сөздердің
мәнін ашып түсіндіріп, осы сөздерден сөйлем құрату.
в) Күздегі саябақтың жаздағы саябақтан айырмашылығы
туралы әңгімелету (Жазда бүкіл жер жап-жасыл. Күн ыстық.
Құстар көп жүреді. Адамдар суға шомылады. Суда қайықпен ой-
наймыз. Күз салқын. Су бетіне мұз қатады, т.б.).
ІІ.
Балаларды көлшік суға апарып, су бетін бақылатып,
әңгімелету (Күн желді. Жапырақтар суға ұшып, түсіп жатыр. Су
бетіне мұз қата бастаған, т.б.).
Балаларға күн
суыта бастағандықтан, су бетін басқан
жұқа мұзды «мұз қабыршықтары деп аталатынын түсіндіріп,
үйрету.
ІІІ. Жұмбақ шешу арқылы балалардың ойын дамыту:
Әйнектей көгілдір,
Теңіздей тым мөлдір. (Аспан)
Жұмбақтың мағынасын түсіндіру.
Сонан соң балалардың
назарын аспанға аудартып, бақылату (сұр бұлт, тұман, торлаған,
т.б.). Осы байқағандары бойынша сөйлем құратып жаттықтыру.
Аспан сұрғылт. Қара бұлтты. Тұман торлаған. Күн бұлттанса,
жаңбыр жауады, т.б. Аспанды қара-сұр бұлт қаптаса,
жаңбыр
болатынын, күздегі жаңбыр салқын, суық болып жауатынын тү-
сіндіріп, олардың өздері білетін табиғат құбылыстары жайында
мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар айтқызу.
75
ІV. Қимылды ойын. Алтын күз бізге не береді?
Топсаяхат соңында М. Әлімбаевтың«Алтын күз» өлеңін
орындау. Өлең сөздерін қайталап жаттықтыру.
Балалар парктен қарағай жаңғағын, күзгі әдемі жапырақ-
тарды алып бақшаға оралады. Кейін әкелген жапырақ, жаңғақта-
рынан күзгі буклет жасатып, әңгімелету.
Достарыңызбен бөлісу: