Зерттеу мақсаты: ересек мектеп жасына дейінгі балаларда ойын іс-әрекетінде көшбасшылық қасиеттерінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарды қолданудың тиімділігін теориялық тұрғыдан негіздеу және тәжірибелік жолмен дәлелдеу.
Жоба нысаны: ересек мектеп жасына дейінгі балаларда тұлғаны қалыптастыру процесі.
Жоба пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінде көшбасшылық қасиеттерін дамыту процесі.
Жоба болжамы:ересек мектеп жасына дейінгі балаларда позитивті көшбасшылық қасиеттер қамтамасыз етіледі, егер:
ересек мектеп жасына дейінгі балаларда көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру психологиялық-педагогикалық мәселесі анықталса
мектеп жасына дейінгі балалардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырудағы ойынның рөлі нақтыланса, қимылды ойындарды қолданатын арнайы сабақтар кешені мектеп жасына дейінгі балалардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жоба міндеттері: мектеп жасына дейінгі балаларда көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру педагогикалық- психологиялық мәселесін ашу.
Мектеп жасына дейінгі балалардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырудағы ойынның жетекші рөлін анықтау.
Мектеп жасына дейінгі балалардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру деңгейінің тәжірибе түрінде тексеру
Жобаның әдіснамалық негізі:көшбасшылық теориясы(А. Адлер, К. Арджирис, Ф. Гальтон, В. Зигерт, М. Ланг, Р. Лайкерт, Д. Макклеланд, С. Митчелл, Ф. Фидлер, Р. Эванс ); тұлғаны дамытудың тұлғалық-бағдарлы тәсілінің жалпы ғылыми принциптері (К.А.Албуханова, И.С.Кон, А.В.Мудрик, А.Б.Орлов, К.Роджерс, В.Франкл); мектеп жасына дейінгі тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы сензитивті кезең ретіндегі теориялық және әдістемелік негіздеу(Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, А.В. Запорожец, А.И. Леонтьев, Н.А. Менчинская, С.Л., В.А. Смирнов, Д.Б. Эльконин).
Жобаның ғылыми зерттеу әдістері:
теориялық деңгейде зерттеу әдістері (философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, оқу және бағдарламалық құжаттама, зерттеу нәтижелерін жалпылау);
эмпирикалық әдістер (тікелей және жанама бақылау, әнгімелесу, сауалнама, көшбасшылық қасиеттерді кешенді диагностикалау, педагогикалық эксперимент)
алынған мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдісі.