«Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру»


Жобаның ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы



бет3/13
Дата22.10.2022
өлшемі182,95 Kb.
#44889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Жоба

Жобаның ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы
- мектеп жасына дейінгі балаларда көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру педагогикалық- психологиялық мәселесі нақтыланды.
- мектеп жасына дейінгі балалардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырудағы ойынның жетекші рөлі анықталды.
Жобаның практикалық маңыздылығы: мектеп жасына дейінгі балаларда ойын процесінде көшбасшылық қасиеттерді дамытуға арналған зерттеу материалдары балабақша тәрбиешілеріне, тәрбиелік психологтарға және ата-аналарға арналған семинар-тренингтерде қолдануға болады
Жобаның базасы: Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Білім басқармасының №15 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің «Заңғар» шағын орталығы мен Қызылорда қаласы, «Еркем – Ай» балапан балабақшасы.

1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларда көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырудың педагогикалық –психологиялық мәселелері
Көшбасшылық қасиеттер балаларда мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап айқын байқалады. Олар балалардың өмірінде маңызды рөл атқарады. Өйткені баланың жеке басының қалыптасуына, өмірлік ұстанымдарына балабақша тобының әсері мол. Көшбасшылыққа ұмтылу – бала өмірінің әлеуетін сезінуден бастап, әдеттегі ортадағы адамдардан артықшылыққа ұмтылуы.
Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады (kk.wikipedia.org›wiki/Көшбасшылық.)
Ал көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы.
Көшбасшы болу – баланың жетекші қажеттіліктерінің бірі, ал ересек мектепке дейінгі жас – ұйымдастырушылық қабілеттерді дамытудың сензитивтік кезеңі.
Егер бала көшбасшы болмаса да, ұйымдастырушылық қабілеттер кез-келген қызметте пайдалы болады және оның кәсіби өсу үшін маңызы өте зор. Көшбасшылық мәселесі жалғыздық жағдайында ғана жоғалады, адам ерте балалық шақтан бастап айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста өсіп, дамитын болғандықтан, өзгелерден асып түсуге деген ұмтылыс оны бүкіл өмір бойы іздейді. Бұл тілек сөзсіз көшбасшылықты оятудың ынталандырушы факторы ретінде әрекет етеді: ол тұлғаны белсендіріп оған қиындықтарды жеңуге табандылық пенен қажыр-қайрат береді.
Педагогикалық -психологиялық- зерттеулерді талдау мектеп жасына дейінгі балалардың көшбасшылығының негізгі сипаттамаларын бөліп көрсетуге, және сол кезеңдегі көшбасшылықтың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар тұлғаның негізі қасиеттерін тұжырымдайды.
Жоғарыда аталған барлық авторлар балалар ұжымында, ересек адамдар сияқты қарым-қатынас негізгі жақтары айтрлықтай күрделі және екіұшты болатынын атап өтеді. Мектеп жасына дейінгі балалар кейбір құрдастарына жанашырлықпен қарап, оларға ұмтылады, ал басқалары аулақ жүруге тырысады. Кейбір балаларда құрдастары олардың дағдыларын, ұйымдастырушылық қабілеттерін бағалайды, ал енді бірулердің бұл қасиеттер иелерімен ескерусіз қалатын сияқты. Кейбір балаларға олардың қызбалық мінездері мен талапшылдықтары тіпті өктемшілдік үшін де кешірім жасалады, ал басқалардың кеңестеріне де жол бермейді.
Ересек мектеп жасына дейінгі балаларда тұлғалық дамуында өзгерістер байқалады, және бұл озбырлық деңгейімен өзін-өзі ұстау еркіндігінің айтарлықтай жоғарлауынан да көрінеді. Психолог А.Н.Леонтьевтің пікірінше әр түрлі қызмет түрлерінде мектеп жасына дейінгі балалар табыстың теңбе-тең бағасын, мотивтердің тұрақты арақатынасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде баланың озбырлығы мен еркі пайда болады.
Тұлғаның дамуы туралы айта отырып, А.В. Запорожец, Л.А. Парамонова, Л.А. Венгер, В.С. Мухина, Т.А. Куликова, С.А. Козлова, М.И. Лисина, Е.О. Смирнова сияқты психолог ғалымдар ересек мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін былай деп сипаттайды:
- моральдік қасиеттерін қалыптастыру мен әлеуметтік-адамгершілік сезімдерді қарқынды дамыту. Ойын кезінде ережелер сақтау шарты маңызды болады;
- мектеп жасына дейінгі баланың өзіндіктанымы мен өзіндіксанасының үйлесуі. Балалар өзгенің жетістігін өзінің жеңілісі ретінде қабылдамайды;
- өзін және басқаларды объективті бағалау, яғни өзінің еңбегін көрсету және оларды дәлелдеу.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді зерттеу барысында біз көшбасшылардың бірнеше жеке ерекшеліктерін анықтадық. Оларды былай топтастыруға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет