«Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру»



бет4/13
Дата22.10.2022
өлшемі182,95 Kb.
#44889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Жоба

Атқарушы: топтағы ең көрнекті бала,ол бәрін ережеге сай орындайды және басқа балалардың да бәрінің дұрыс жасайтындығына көзін жеткізеді. Мысалы, ойын әрекеті процесінде орындаушы бала ойынның барлық ережелерінің сақталуын қадағалайды.
Ұйымдастырушы: бала кімнің қандай рөл атқаратынын, қай жерде ненің тұратындығын алдын-ала бөледі. Ол тіпті кішкентай бүлдіршін ретінде де балаларды, немесе ересектерді қызықты ойынға қатыстыра алады.
Интеллектуал: шығармашылық жұмыс жасағанды ұнататын бала. Әдетте мұндай балалар ойынға арналған әр түрлі жабдықтармен түрлендіріп безендіреді , олар сүрет салғанды, дизайн жасағанды ұнатады. Өзімен бірге басқа балаларды да қызықтыруы мүмкін.
Сыншы: бұл бала айналасына сын көзбен қарайды. Өте эмоционалды, егер балалардың арасында келіспеушілік болса, оларды татуластырады.
алты жасар балалардың көшбасшылық қасиеттерін анықтап, қалыптастыру жолдарын ұсынғандығын И.В.Волкова мен И.Р.Колтуновтың енбектерінен де байқауға болады [8, 135].
Ал Н.Ж.Баримбеков өз зерттеулерінде балалардың арасындағы қарым-қатынасты зерттеу барысында мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалардың қарапайым бірлестіктерін құруға, кіші топтардың құрамына, жетекшілердің мақсатына (рөлі мен орнына) ерекше көңіл бөлді. Зерттеуші, сонымен қатар көшбасшы балалардың тәрбиешіден көрі басқа балаларға ықпалы ерекше екендігін байқайды. Автор топтағы көшбасшылардың басты айырмашылығы бастамашылығында деп санайды [20,51 б.].
А.В.Запорожецтің зерттеулерінде көшбасшылық мәселесі көшбасшылықтың генезисі ретінде қарастырылды. Көшбасшылықтың функциялары галымның пікірінше, ойындағы бастамалардан кіші топтың жалпы басшылығына дейін өзгереді. Мысалы, рөлдік ойындағы көшбасшы бала басынан аяғына дейін өзінің рөлін ойнайды (жүргізуші, сатушы, дәрігер т.б.), мектеп жасына дейінгі бала ойнау барысында топ құрып, оның ыдырамауын қадағалайды[12,13].
Көшбасшылық мәселесін А.С.Макаренконың енбектерінен, оның ұжым туралы ілімдерінен де көре аламыз. Барлық мәселелер ұжым арқылы шешіледі. Бұл тәсіл негізгі топтағы көшбасшылыққа қатысты. Көшбасшылық байланыстардың мәнін сипаттайтын келесі ұстанымдарға толығырақ тоқталайық.
А.С.Макаренко іскерлік қатынастардың тиімді бола алатын жағдайларын зерттеп ұсынды. Ең маңызды шарт – топтың әр мүшесіне көшбасшы рөлін сынап көру мүмкіндігі, яғни жауапкершілікті алу. Осылайша, рөлдердің өзгеруі топтағы біртектес қарым-қатынастан арылуға көмектеседі, сонымен бірге балалардың үйлесімді өзара әрекеттестігін қалыптастыруға, құрбы-құрдастарына рет-ретімен бағыну қабілетін дамытуға мүмкіндік берді. Педагог мұны «жетекші-бағынушы» топтар арқылы жүзеге асырды [24, 140].
Көшбасшылық мәселесін зерттей отырып, ғалым Б.Д.Парыгин бірлесіп орындайтын екі факторды бөліп көрсетеді:

  • объективті фактор, ол белгілі бір жағдайдағы топтың мүдделерін, мақсаттарын, қажеттіліктерін, міндеттерін қамтиды;

-топтық іс әрекеттің үйымдастырушысы және бастамашысы ретіндегі баланың жеке ерекшеліктерін қамтитын субъективті фактор.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, автор көшбасшы таңдалмайды, ол өздігінен көшбасшылық позицияны алады деген қорытындыға келді, көшбасшы баланы ұсыну барысында оның ережелері мен құндылықтары бір уақытта қабылданады, үміткер топтағы жағдайға байланысты ұсынылады.
Қазірдің өзінде мектеп жасына дейінгі балалар бірлестіктерінде балалардың бір-біріне деген сараланған қатынасын көруге болады, нәтижесінде көшбасшылар, артық көреді, қабылдайды, қабылдамайды, елемейді деген деңгей иерархиясы байқалады. Баланың тұлға аралық мәртебесі неғұрлым жоғары болса, оның топ мүшелеріне психологиялық әсері соғұрылым күшті болады [7]. Жоғары және төмен мәртебеге ие болған балаларға олардың құрдастары тарапынан қарама-қайшы көзқарас байқалады.
Құрдастар тобында жоғары мәртебеге ие мектеп жасына дейінгі балалардың жеке қасиеттері де бар: бірлескен іс-әрекетттегі сәттілік, шешімділік, жауапкершілік, тәуелсіздік; сонымен бірге адамгершілік қасиеттерді де атауға болады – ізгілдік, әділдік, бірге ойнау қабілет; эмоционалды және ерік қасиеттері: тазалық, кешірімділік, мойынсұну, сәйкестік, көмектесе білу.
Баланың сыртқы келбеті де беделдің маңызды факторы болып табылады. Мысалы, бала үшін құрдасының «ол жақсы» немесе «ол жаман» деп позитивті бағалау өте маңызды. Мектеп жасына дейінгі балалар әр түрлі қызмет түрлерінде өз құрдастары арасында сәттілікті байқайды (жақсы сүрет салады», «жақсы кезекші» т.б.), құрбысының сырттқы келбетінің ерекшеліктеріне де назар аударады[14, б. 24].
Көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мен дамыту үшін басты шарт – баланың көшбасшылық мінез-құлқын қабылдай алатын жағдайларды жасау. Бұл түрлі байқаулар, театрландырған ойындар, сахналау ойындары, рөлдік ойындар болуы мүмкін.
М.В. Кларин, В.Г. Маралов, В.В. Ситаров зерттеушілік әрекет танымдық және шығармашылық іс-әрекетті белсендіруге дербестікті, бастамашылықты, өзін-өзі бақылауды және жалпы іс-әрекеттегі жеке тұлғаның белсенділігін дамытуға ықпал ететіндігін дәлелдейді.
Зерттеушілер Т.А. Репин және Л.П. Бұқтиярова баланың танымалдығы оның түрлі іс-әрекеттегі сәттілігіне байланысты деп тұжырымдайды. Ал психолог В.С. Мухина жетістік жағдайында мектеп жасына дейінгі ересек балалар белсенді болатындығын, өз қажеттіліктерін еркін жүзеге асыратынын, ал сәтсіздік қайғыға, пассивті көзқарасқа, құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа деген ұмтылыстың жоғалуына әкелетіндігін көрсетті.
Алты жастың соңында жетістіктер сферасы өзіне деген көзқарас сферасымен қосыла отырып баланың өзін-өзі дамытуына түрткі болатын балалардың мақтанышының пайда болуына себебші болады. Балалар жолдастарының жетістіктеріне қызғана бастайды және кез-келген жағдайда олардың артықшылықтарын мойындағылары келмейді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасы балалар бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру барлық, бес білім салалары арқылы ерте жастан басталатынын көрсетеді. Бұл бағыттарға ересектер мен құрдастарымен қарым-қатынас жасау және өзара әрекеттесу мүмкіндігі кіреді. Өз іс-әрекеттерінің тәуелсіздігін, мақсаттылығын және өзін-өзі реттеуін қалыптастыру; эмоционалды жауап беру, эмпатия, құрдастарымен бірлесіп жұмыс істей білу, адамдарға деген сыйластық қатынасты арттыру; әр түрлі қызмет түрлерімен айналысуға деген құштарлықты қалыптастыру.
Сондаяқ, бірінші кіші топта белсенділік пен қарым-қатынастағы табысты бағалау арқылы баланың іс-әрекетінің әр түріндегі тәуелсіздікке, өзін-өзі тануға және өзін-өзі бағалауға жағдай жасалады. Балаға ересектермен және құрдастарымен ізгі ниет қарым-қатынас орнатуға, біздің қоғамда қабылданған нормалар мен құндылықтардың сіңірілуін қамтамасыз ететін әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды дамытуға бағыт береді.
Келесі жас топтарында балаларды болашақ көшбасшыға қажет сөйлеу этикетінің тиісті түрлерін дұрыс қолдануға уйретеді. Орта және ересек топтарда балаларды қазірдің өзінде баланың үйымдастырушылық қабілеттері қалыптасатын ұжымда жұмыс істеуге бейімдейді.
Мектепке дейінгі жаста қалыптасқан балалар ұжымында қажет болатын көшбасшының жеке қасиеттерін нақтылауға болады, олар: көпшілдік, жауапкершілік, мейірімділік, әділеттілік, достық т.б. Балабақшада көшбасшылық қасиеттер әр түрлі қызмет түрлерінде жүзеге асырылып қалыптастырылады. Олар: ойын (сюжеттік-рөлдік, қимылды, жарыс элементтері бар ойындар, құрылыс, құрастыру, дидактикалық), когнитивті-зерттеу (эксперимент), көркем шығармаларды қабылдау және т.б.
Жоғарыдағы аталған қызмет түрлерінде бір-бірімен жан-жақты қарым-қатынас жасау үшін балаларға бірқатар ұйымдастырушылық қабілеттер қажет. Олар: мақсат қою, мазмұнды жоспарлау, мақсатқа жету құралдарын таңдау, күтілген нәтижені жоспарымен байланыстыру, серіктестердің пікірін ескеру, жауапкершілікті бөлу, әрқайсысының мүмкіндіктері мен мүдделеріне сәйкес, ережелердің, тәртіптің сақталуын қадағалау, даулы мәселелер мен қақтығыстарды ересек адамның араласуынсыз шешу мүмкіндігі, серіктестердің тағайындалған іске қатынастарын бағалау және т.б.
Тәуелсіздік, қызығушылық, белсенділік, ұтқырлық, сенімділік, шешімділік, батылдық, эмоционалдық олардың сәтсіздіктеріне қанағаттанбау сияқты сипаттамалық ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады. Ересек мектеп жасына дейінгі балаларда өзін-өзі тану процесі туралы оның айналасындағыларға деген қатынасты дұрыс бағалау, болашақта өзінің сыртқы келбеті туралы алғашкы жағымды идеяны қалыптастыру қабілеті оның дамуының міндетті кезеңі болып табылады. Біз қарастыратын мектепке дейінгі жастағы бала осы жолмен ғана өзін сыни тұрғыдан бағалауға қалыптасқан кемшіліктерді анықтауға және тәрбиеші мен ата-ананың, ересек балалардың көмегімен оларды жеңуге мүмкіндік қалаптастыра алады. Мектеп жасына дейінгі балаларда өзін-өзі бағалау ғана емес, өзін-өзі сәйкестендіру және «Мен»сезімі дамиды.
Өзінің «Мен»сезімін қалыптастыру, деп атап өтеді А.А.Люблинская, бұл балалардың дамуындағы маңызды және шешуші сәт. Дәл осы адам – бұл белгілі бір жастағы мектеп жасына дейінгі балалардың барлық іс-әрекеттерінің сәттілігіне, достар табу қабілетін дамытуға, олардың кейбір қаисеттерін дұрыс бағалай білуге жағымды әсер етудің өзгермейтін факторы. Мектеп жасына дейінгі бала сыртқы дүниені тану арқылы тереңірек, жаңа сапалы деңгейде өзінің жеке тұлғасын менгереді [15,202]. Баланың өзін-өзі бағалауының денгейі көбіне ересектерге байланысты, олар бір қатар себептер бойынша әрқашан оъективті әрекет ете бермейді. Ересектердің басты міндеті – баланың жеке басын бағалауды қалыптастырмас үшін тұтастай алғанда баланың жеке басына қатысты жалпылама негативті қорытынды жасамау. Баланың жетістігін данышпандық дәрежеге дейін негізсіз асыра айтпау қажет. Осыған байланысты А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала ойын кезінде қандай болса, өскен кезде көп жағдайда енбекте дәл солай болады. Сондықтан болашақ көшбасшыны тәрбиелеу, ең алдымен, ойынан басталады.....» [24].
Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырудың маңызды факторларының бірі – бұл қарым-қатынас, өйткені тек ересектермен эмоционалды байланыста бала өмірлік маңызды мінез-құлық ережелерін үйренеді. Ойында, ең алдымен, бала құрдастарымен толық қарым-қатынас орнатуды үйренеді, ол өзінің ойын ережелеріне бағынуға үйренеді, оның адамгершілік бағалары жетілдіреді («жақсы»және «жаман» ұғымдары пайда болады). Мектеп жасына дейінгі балаларды бақылау олардың арасындағы қарым-қатынастың күрделі және түсініксіз екендігін көрсетеді. Кейбір құрдастары үшін жетекшілер ойындарда өнертапқыш, балаларға жаңашырлықпен қарайды ал басқаларды елемейді.
А.А.Люблинскаяның пікірінше мектеп жасына дейінгі балалар өздеріне көбірек көңіл бөлуді талап етеді, оларды өздеріне көбірек көңіл бөліп, сүйгенін қалайды, дос және серіктес ретінде қабылдағанын ұнатады [15, 133].
Ересектермен байланыс мектеп жасына дейінгі балалардың барабарлық өзіндік қабылдауын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Сондықтан баланың болашағы көбінесе оның балалықшағы қандай жағдайда өтетініне байланысты. Ата-аналардың өзара отбасылық қарым-қатынасы сияқты сәттер өте маңызды. Соның әсерінен олар әр түрлі білім жинақтайды, мінез-құлықтың белгілі бір моделдерін сіңіреді, өзін және қоршаған қоғамдағы рөлін тұтас қабылдауды қалыптастырады.
Балалардың қарым-қатынасын зерттей отырып А.С.Залужный кейбір балалардың «табиғатынан» көшбасшылыққа қабілетсіз екенін жоққа шығарды, тиісті жағдайда кез-келген бала казір жалғыз ал келесі сәтте көшбасшы болуы мүмкін [25, 133].
Көшбасшы балалар өз ұжымдарында жетекшілік жасай алады. Көшбасшының беделі мен оның ықпалының күші ересектердің ықпалынан асып түсуі мүмкін -дейді зертеуші С.А.Алифанов [26]. Көшбасшы балалар жоғары бастамашылықпен, серіктестікке деген байлықпен және бастамашылдықтың әр түрлілігімен, көпшілдігімен ерекшеленеді.
Сонымен, балалардың көшбасшылық сипаттамаларын талдау бізге мектеп жасына дейінгі көшбасшылық стильдерін анықтауға мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет