«Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру»



бет5/13
Дата22.10.2022
өлшемі182,95 Kb.
#44889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Жоба

Харизматик

Демократ

  • ұжымның көңіл-күйіне жауап береді;

  • әлеуетті бәсекелестермен қақтығыстарды баса алуға қабілетті;

  • өзінің маңыздылығымен шаттанбайды;

  • жалпы топ мәселелеріне алаңдаушылық білдіреді;

  • өз өклеттіліктерінің бір бөлігін алаңсыз басқаларға береді.

Диктатор

  • жалпыға бірдей сүйіспеншілікке ұмтылмайды, ол «қорыққан адам мені құрметтейді» деген қағиданы ұстанады;

  • іс әрекеттер тек өз пайдасына қолжеткізуге бағытталған;

  • құрдастарының өмірінің барлық салаларын басқаруға тырысады;

  • кім кіммен дос бола алады, кімді ойынға қосу керек т.б. мәселелерді өз бетімен шешеді;

  • ұжымда иерархия құрып ең тәуелді балаларды өзіне жақындатады.

Анархист

  • ешкімді ештеңеге мәжбүрлемейді;

  • белгіленген ережелерді бұзады, қалған балалар да соны көріп жасайды;

  • не болғанын талдауға алаңдамайды;

  • ол көңілді және шулы өмірді ұнатады;

  • ол зеріксе бірден келесі шоуды ұсынады;

  • креативті;

  • қуатты;

  • әр түрлі эксперименттерге бейімді;

  • эксперимент объектілері, әдетте, басқа балалар болады;

  • ол тек процеске қызығушылық танытады, ал оның әрекеттерінің салдары туралы ойламайды;

Бала көшбасшысының негізгі жеке қасиеттері А.С.Залужный белсендікті, тәжірибені және психикалық дамудың жоғары деңгейін қарастырды. Оқыл-ой дамуының жоғары деңгейлі баланы басқа балалар ойындар мен іс-шараларда серіктес және бастамашы ретінде таңдағандарын жөн көреді. («Ол ешқашан жалықтырмайды!», «Ол жаңа ойын ойлап таба алады және бәрі онымен ойнайтын болады! Кейде біз тіпті ойыншықсыз ойнай аламыз!», «Ол көптеген ертегілерді, әнгімелерді біледі» [25,51].
Көшбасшы балаларда ойын кезінде ең белсенді рөлдерді орындауға, құрдастарының іс-әрекеттерін басқаруға, нұсқаулар беруге деген ұмтылыстар пайда болады. Көшбасшы мен құрбылардың арасында ынтымақтастық, тәуелдік, кейде тіпті бәсекелестік қатынастары байқалады. Құрдастар көшбасшымен достық, мейірімдіқ қатынастарға қол жеткізуге тырысады. Ол үшін балалар көшбасшыға тәуелді бағынышты позицияны иеленуге мәжбүр болады, яғни олар көнуге, көшбасшының пікірімен келісуге, оның тілектерін ескеруге беім тұрып, дөрекіліктер мен қателіктерді кешіреді. Балалар көшбасшыға қызғанышпен қарайды. Бұның бірнеше себептерін байқауға болады: барлығы көшбасшыларды жақсы көреді, тек құрдастары ғана емес ересек адамдар да қызығушылық танытады, олардың бастамалары жиі қолдау табады және көшбасшылармен ынтымақтастық орнатуға тырысады. Мұндай көшбасшыларға балалар еліктейді, өйткені оларға қызғанып қарайды. Көшбасшы басқаларға идеал болып көрінеді.
Көшбасшылық қабілетті балалардың өздерінің басқа балалардан артықшылықтарын өте жақсы сезінеді, бұл олардың өз құрдастарына деген үстемдігіне сенім білдіреді. Бас тарту, бағыну оң немесе теріс болуы мүмкін. Позитивті, үстемдік, құрдастарына деген қайырымдылық қатынасымен, бірлескен тапсырманы орындау кезінде көмек көрсету қабілетімен сипатталады – егер досы бірдеңе істей алмаса мақтап, қолдап, түсіндіреді. Осы топтың балалары айқын ұйымдастырушылық қабілеттерге ие. Теріс үстемдігімен ерекшеленетін балалар төбелесқор, озборлық көрінісімен, басқаларды өз талаптарын қандай да болмасын орындауға мәжбүр етуге, бағындыруға деген ұмтылыспен байқалады.
Көшбасшылық қасиеттерді қалыптарсыру – бұл мектеп жасына дейінгі баланы тәриелеудің күрделі үрдісі. Осы мәселе бала тұлғасын қалыптастырудың біртұтас үдерісіндегі орны мен рөлін дәл анықтауды талап етеді.
Жоғарыда айтылғандардың бәрінен келесі қорытынды жасауға болады: тұлғаны және көшбасшылық қасиеттерді дамытудың барлық фаторлары өзара байланысты. Бұл мектеп жасына дейінгі балаларда көшбасшылықты қалыптастырудың сыртқы және ішкі жағдайлар болып табылады. Бала айналасындағы адамдармен қаншалықты оңай тіл табысып байланыс орната алса, оның көшбасшылық қасиеттері қаншалықты дұрыс қалыптасса, әрі қарай оқу және енбек қазметі, тағдыры мен өмірдегі орнына байланысты болады. Мектепке жасына дейінгі ересек бала үйренген қарым-қатынас ережелері мен нормаларын қалыптасқан жағдайларға қарамастан әрдайым және барлық жерде орындауға тырысады. Сөйлеу мен мәнерлі қарым-қатынас сипаты өмір бойы басқа адамдар арасындағы бостандығының өлшемі мен дәрежесін анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет