«Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру теориясы мен әдістемесі»


Дүниетануды оқыту әдістеріне сипаттама беру



бет25/32
Дата16.01.2023
өлшемі0,73 Mb.
#61457
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Байланысты:
коршаган.орта руп

Дүниетануды оқыту әдістеріне сипаттама беру
Оқыту әдістері дегеніміз-тәрбиешінің балабақша балаларының танымдық қабілетін дамытып, көзқарастарын қалыптастыратын және оларды өмір сүруге дайындайтын білім, іскерлік және дағды беру әдістері. Оқыту әдістері балаларға жаңадан білім беріп, бұрын алғандарын бекітуді қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде олар тәрбиешінің басшылығымен ңылым негіздерін игереді. Оқыту әдістері оқытудың мазмұнымен іріктей отырып, одан сабақ берудің белгілі бір фрмасын анықтайды. Балалардың міндеті тәрбиешінің берген білімін меңгере отырып, оны оқу және практикалық іс-әрекетке қолдана білу болып саналады. Дүниетану пәнінен сабақ беру барысында әрбір әдістерді тақырыптың мазмұнына, оқушылардың жалпы дамуына және тәрбиешінің шеберлігіне сәйкестендіре отырып, пайдалана білу қажет.

1

13

Көрнекілік әдісі
Көрнекілік әдісін жүзеге асыруда қолданылатын құралда да, көрнекілік түрлері де сан алуан. Көрнекілік әдісін қандай құралмен, қандай тәсілмен жүзеге асырса да оқушының өздігінен жұмыс атқаруына, ой қорытуына жағдай жасау міндеті бірінші қатарда тұрады. Көрнекілік әдісі арқылы балаларға жаңа ұғым берумен қатар олардың бұрын алған білімін де кеңейтеді. Көрнекілік балалардың эмоциялық көңіл-күйіне әсер етеді. Балаларды ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Көрнекілік әдісі тек жаңа білім беру барысында ғана емес, білім тексеру, қорытындылау кезінде де қолданылады. Көрнекілікті қолдану бірнеше кезеңде өтеді:
а) көрнекілік түрін тақырып мақсатына қарай сәйкестеу;
ә) көрнекілікті пайдаланудың жоспарын жасау;
б) көрнекілікпен жұмыс жоспарын балаларға түсіндіру, тапсырмалар беру;
в) балалардың жоспар бойынша атқаратын әрекеттері;
г) көрнекілік бойынша жұмыстың нәтижесін қорытындылау;

1

13



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет