Мектеп мұғалімінің негізгі міндеттері


Ізгілендіру принципінің шарттары



бет10/31
Дата07.06.2023
өлшемі71,26 Kb.
#99337
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Ізгілендіру принципінің шарттары:
- оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін жазалау әдісін қолданбау;
- оқушының өз міндетін орындауға деген ықыласын мақұлдау;
- үлгерімі нашар, жауапкершілігі төмен оқушыларды әдепті, бірақ қатаң түрде айыптау, оларға қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру;
- баланың өзі туралы жақсы бағасын, өзіне сенімін, сый-құрметін қалыптастыру;
- қол жеткен жетістіктерді бекітіп, тұрақты түрде талап қою;
- жеке тұлғаның іс-әрекетін дұрыс бағыттап, теріс қылықтардың көрінуіне жол бермеу;
- баланы түсіну, жақсы көру, бірақ талап та қою;
- оқушының табысына шынайы түрде қуану;
- баланың көңіл-күйін ескеру;
- баланың дене кемістігін сөз етпеу;
- балаларды басқа балалармен салыстырмау;
- баланың ар-намысына тиетін сөз айтпау.

  1. Жаңа типті мектептердің білім беру мазмұнының ерекшеліктері.

Жаңа типті мектептер әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде дамыта отыра білім беретін орта оқу орындары. Көпшілігі жаратылыстану, ғылыми, гуманитарлық, эстетикалық бағыт болып келгенмен техникалық, педагогикалық бағдарламалар да бар. Гимназия жастар талабына жол ашып, таланттарының жан-жақты жетілуіне толық мүмкіндік ашады, онда пәндер терең оқылады. Гимназиялардың материалдық негізі базасы жақсы болу керек. Оқушылар саны жоғары сыныпта 15-18, төменгі сыныпта 25. Гимназияға шәкірттерді қабылдаудың үш өлшемі:
интеллект;
білім іскерлігі және дағдыларын тәжірибеде күрделі мәселелерді шешуде пайдалана білу;
тыңғылықты және толассыз пайдалы еңбек етіп, өзін-өзі тәрбиелеп, жүйелі оқып үйренуге, ізденуге қабілет.
Жаңа типті мектептердің басқа мектептерден ерекшелігі, ол кейбір мектептердің кәсіптік бағдар беру.Мәселен физика-математика бағыты не болмаса гуманитарлы бағыт, тіпті кейде балалардың қабілеттері мен дарындылықтарына байланысты музыкалық, өнер бағытындағы спорттық бағыттағы мектептердің болуы.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет