Мектепке дейінгі балалық шақ республикалық орталығЫ Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата08.12.2022
өлшемі301,53 Kb.
#55744
1   2   3   4   5   6   7   8
 
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 
 
Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында, соның 
ішінде мектепалды даярлыққа баса назар аударылып, отандық және 
халықаралық озат тәжірибе негізінде тиімді жаңа тәсілдерді әзірлеу мен 
енгізудің қажеттілігі пайда болды. 
Әлемдік тәжірибе балаларды алты жастан бастап оқыту олардың 
интеллектуалдық және физикалық дамуы үшін кең мүмкіндіктер беретінін 
растады. 
Балаларды 5-6(7) жастан мектепалды даярлық сыныптарына (топтарына) 
қабылдаудың әдістемелік ұсынымдары Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 
жалпыға міндетті стандартына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 
үлгілік оқу бағадрламасының негізінде әзірленді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жаңғыртудың тұжырымдамалық 
негіздері Қазақстанның 2050 жылға дейін даму Стратегиясында, Қазақстан 
Республикасыда білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру және бастауыш 
мектеп арасындағы сабақтастық ұстанымын қамтамасыз ету мақсатында 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарты жаңартылды және аталған Стандарт негізінде Мектепке дейінгі 
тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы әзірленген. Осы аталған 
Бағдарлама негізінде Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарына 5-6(7) 
балаларды қабылдау бойынша ұсынымдар әзірленді.
Ұсынымның мақсаты: 5-6(7) жастағы балаларды мектепалды даярлық 
сыныптарына (топтарына) қабылдау бойынша ұсынымдар әзірлеу. 
Міндеттері:
 баланың жеке басын дамыту жағдайларын анықтау; 
 мектепте оқытуға дайындықтың жолдарын қалыптастыру; 
 мектепке жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ата-
аналардың қажеттіліктерін қанағаттандыру; 
 баланың мектепке дайындық деңгейін анықтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет