Мектепке дейінгі балалық шақ республикалық орталығЫ Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата08.12.2022
өлшемі301,53 Kb.
#55744
1   2   3   4   5   6   7   8
Күтілетін нәтижелер: 5-6(7) жастағы балаларды мектепке дейінгі 
сыныптарға (топтарға) қабылдау рәсімдерін жетілдіру. 
Бұл ұсыным 5-6(7) жастағы балалары бар ата-аналардың балаларды 
мектепке дайындауына және меншік нысанына, түрі мен типіне қарамастан
мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мектептердің басшыларына 
мектепалды даярлыққа талапқа сәйкес балаларды қабылдауға мүмкіндік береді.



БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУДЫҢ МАҚСАТЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІ 
Бес-алты (жеті) жастағы балаларға мектепалды даярлық Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес:
-отбасында;
-мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің
лицейлердің және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге 
асырылады.
Мектепалды даярлаудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 
-сапалы білім беруді қамтамасыз ету; 
-балалардың 
физикалық, 
интеллектуалдық, 
психологиялық 
жеке 
дайындығы үшін жағдай жасау; 
-мектепке баланы дайындау процесіне ата-аналарды тарту, оларға кеңес 
беріп, әдістемелік көмек көрсету. 
Білім беру мемлекеттік ұйымдарында мектепалды даярлық тегін және 
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік 
бюджеттен қаржыландырылады.
Мектепалды даярлық сыныптарын ұйымдастыру мектепке дейінгі және 
бастауыш білім беру сабақтастығын қамтамасыз етеді. 
Мақсаты балаларды мектепалды даярлық сыныптарында (топтарында), 
ересек жастағы баланың құқығын жүзеге асырып, сапалы мектепалды білім 
беру. 
Міндеттері: 
 балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту; 
 мектепте оқуға дайындығының негіздерін қалыптастыру; 
 сөйлеу тілі, ана тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамытып, сауат ашуға
даярлау; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет