Мектепке дейінгі балалық шақ республикалық орталығЫ Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚҚА БАРАТЫН 5-6(7) ЖАСТАҒЫ



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата08.12.2022
өлшемі301,53 Kb.
#55744
1   2   3   4   5   6   7   8
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚҚА БАРАТЫН 5-6(7) ЖАСТАҒЫ 
БАЛАЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ 
Мектепалды даярлық сыныбында (тобында) білім беру үдерісінің мазмұны 
1 оқу жылына есептеліп, мектепке дейінгі жастағы баланың негізгі даму 
бағытын іске асырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы
13 мамырда № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 
сәйкес жүзеге асырылады.
Стандартта мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар 
айқындалған. 
Балалардың мектепке оқуға дайындығының негізгі бағыттары: 
1)тілдік-сөйлеуді қолдана білу, тілдік-сөйлеу құралдарын ойын қызметінде 
сыртқы бақылаусыз қолдана білу; 
2)әлеуметтік 
қарым-қатынас дағдыларын дамыту, біліктері мен 
дағдыларын қалыптастыру үшін қажетті қарым-қатынас жүйесінде «ересек-
бала», «бала-бала» қолдану; 
3)мектептегі оқу процесіне қалыптастыру және дамыту, іс-әрекетте 
мотивация, бақылау, жоспарлау және дербестік секілді компоненттерді 
жандандыру. 
Мектепалды даярлық 5-6(7) жастағы балалардың дайындық деңгейінің 
мазмұны: 
Тұлғалық дайындық 
5 жас
- ересектермен және құрадастарымен еркін қарым-қатынас жасай алады; 
- өзінің әрекеттерін бағалауға тырысады;
- ересектің көмегімен үлгі бойынша тапсырманы орындайды. 
6 жас 
Баланың психологиялық қабілеттері
- қоғамда «Мен... істей аламын» деген мәртебеге ие болуға ұмтылады
- өз әрекеттерін бағалауға тырысады; 
- 10 дейін тура және кері санайды;
- ересектердің көмегімен үлгі бойынша тапсырманы орындайды
- +,-,= таңбаларын түсініп үйренеді; 
- істі соңына жеткізуге тырысады. 
7 жас 
Баланың психологиялық қабілеттері
- қоғамда «Мен... істей аламын» деген мәртебеге ие болуға ұмтылады; 
- өз әрекеттерін бағалауға тырысады; 
- 10 дейін тура және кері санайды;
- ересектердің көмегімен үлгі бойынша тапсырманы орындайды; 
- +,-,= таңбаларын түсініп үйренеді; 
- істі соңына жеткізуге тырысады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет