Мектепке дейінгі балалық шақ республикалық орталығЫ Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата08.12.2022
өлшемі301,53 Kb.
#55744
1   2   3   4   5   6   7   8
Физиологиялық дайындық 
5 жас 
- негізгі қимылдарды игерген
- қимылды ойындар мен дене жаттығуларына қызығушылық танытады; 
- мәдени-гигиеналық шараларды орындайды; 
- салауатты өмір салты туралы қарапайым түсініктері бар; 
- таңғы жаттығудың пайдасы туралы біледі. 
6 жас 
Кеңістікті ұйымдастыру, қимылды үйлестіруі 
- үйдегі, 
көшедегі, қоғамдық орындағы қауіпсіздіктің қарапайым 
ережелерін біледі. 
Қолдың ұсақ моторикасының дамуы 
- жіпке моншақты, түймені өткізуді үйренеді; 
- дәптердегі торға өрнектер салады;
- жармаларды сұрыптай біледі (бұршақ, фасоль). 
Кеңістікті бағдарлауы
- қарапайым өрнектер салу біледі.
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері 
- жедел жәрдем, өрт және полиция қызметтерінің телефон номерлерін 
атайды;
- «жаяу жүргіншілер өткелінің», бағдаршам белгілерін түсінеді; 
- пайдалы тағам өнімдерін біледі. 
7 жас 
Кеңістікті ұйымдастыру, қимылды үйлестіруі 
- үйдегі, 
көшедегі, қоғамдық орындағы қауіпсіздіктің қарапайым 
ережелерін біледі. 
Қолдың ұсақ моторикасының дамуы 
- жіпке моншақты, түймені өткізуді біледі; 
- қарындашты, қайшыны сенімді түрде игерген, жұмыс дәптеріне, альбомға 
сызады, сурет салады;
- жармаларды сұрыптай біледі (бұршақты, күрішті, қарақұмықты). 
Кеңістікті бағдарлауы
- қарапайым графиктік бейнелерді - өрнекті, пішінді дәптерге дұрыс 
көшіре біледі. 
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері 
- өзінде және басқаларда алғашқы науқас белгілері байқалған кезде 
ересектерден көмек сұрайды, шұғыл көмек қызметін шақыруды біледі;
- пайдалы және зиянды тағам өнімдерін ажыратады. 
Әлеуметтік- психологиялық дайындық 
5 жас 



- қатынас құралдарын, ересектермен, құрдастарымен өзара қарым-
қатынастың тәсілдерін игерген; 
- туыстары, достары, 
көршілерімен қарым-қатынас жасау кезінде 
байсалдылық танытады; 
- жақындарына, айналасындағы адамдарға, туған еліне сүйіспеншілік 
танытады. 
6 жас 
Мінез-құлықтың адамгершілік нормалары 
- эмпатия мен төзімділік танытады
- ересектермен бірлесіп еңбек әрекеттерін орындайды; 
- жақындарына, айналасындағы адамдарға, туған үйі мен өлкесіне 
сүйіспеншілігін көрсете алады; 
- топтың мүддесін қорғай біледі. 
7 жас 
Мінез-құлықтың адамгершілік нормалары 
- жақын адамдарын жақсы көреді, өзінің туған өлкесіне деген 
сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін білдіреді; 
- қарым-қатынастың шиеленіскен жағдаяттарынан шығатын жол таба 
алады; 
- мектепке барғысы келеді;
- жаңа білімді меңгеруге айырықша қызығушылық танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет