Байланысты: «мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д
Экологиялық мәдениет негіздері Балаға алдына қойған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беру. Ұзақ мерзімге жоспар жасап беру (тұқым себу, оны өсіру, өсіп-өнуін бақылау).
Балаға бір күннен артық уақытқа жауапкершілік жүктеу (жануарларды қоректендіру).
Баланы себебі мен нәтижесі көрінетін іс-әрекетпен айналыстыру (тұқым сеуіп, өсіп-өнуін бақылау).
Балаға себеп-салдар байланысты көрсету, түсіндіру және анықтау мүмкіндігін жасау (гүлді өсіру үшін нені білу керек).
Баланың күш-жігерін жергілікті жердегі проблемаларға аударуға мүмкіндік беру (ластау, қоқысты шашып тастау).
Балаға серуенде айналаны бақылау нәтижесін көрсете білуге көмектесу (суреттер, заттар), өз бақылауларын суретке түсіруін мадақтау.
Қоршаған ортаны оқып-үйренуде барлық сезім мүшелерінің көмегіне сүйену мүмкіндігін жасау (табиғаттағы дыбыстарды тыңдау, жәндіктерді бақылау және т.б.).
Әр түрлі халықтың мәдениеттеріне бақылау жасау арқылы оқып-үйрену..
Жанды дүниеге қамқорлық жасауға мүмкіндіктуғызу.
Баланың өсімдіктердің тіршілігі, өсетіні, өзгеретіні, солатыны жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Тірі табиғат объектілерінің өсуі және олардағы өзгерістер жайлы әңгімелер оқып беру.
Балаға жануарлардың жыл мезгілдеріне байланысты түстерінің өзгеруі туралы әңгімелеп, суретін көрсету.
Тұқым сеуіп, балалрмен бірге болып жатқан өзгерістерді бақылау.
Балаларға топырақты бақылауға мүмкіндік беріңіздер.