Байланысты:
«мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д Жалпы әдістемелік тәсілдер
Бұл әдіс-тәсілдер баланың қажеттілігін бейнелеп, тәжірибе алуына кепілдік береді:
- балаларға тілді тереңдетіп үйретуде қоршаған ортадан алған әсерлерін қолданыңыздар ;
- балалардың не туралы айтып жатқанына көңіл бөліп, толығырақ тоқталыңыз ;
- дауыс, қатынас, ишара және бет-әлпет мәнерінен тұратын байланыстың мәдени және лингвистикалық түрлерімен қамтамасыз етіңіз;
- егер балаңыз телебағдарлама көргісі келсе , сапалы бағдарлама таңдап алыңыз және баламен бірге қарай отырып, балаға таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіріңіз;
- балаға қоршаған ортада жаңа сөздерді естіп , тыңдауға мүмкіндік беріңіз;
- отбасындағы күнделікті өмір жайлы баламен қарым-қатынас жасаңыз;
- баланың отбасында сөйлеген сөзі сауатты болуына жағдай жасаңыз ;
- қоршаған ортадағы жағдайлар мен объектілерді суреттеуге сөздер мен сөйлемдерді қолдану үлгілерін дайындаңыз;
- баланың ана тілімен қоса екінші тілді меңгеруін қолдаңыз ;
- балалармен күнделікті қарым-қатынасты қолданыңыз;
- сөз бен қимылды байланыстырыңыз ;
- тілдердің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды салыстыра отырып, әр тілдің құндылықтары туралы түсінік беріңіз;
- балаға отбасындағы қарыс-қатынас жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, талқылаңыз ;
- баланың айтқанын тыңдауға мүмкіндік беріп, баланы тыңдай білуді дамытуға жағдай жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: