«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет92/403
Дата06.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#12510
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   403
Негізгі қимылдар:

Допты қабырғаға лақтырып және қағып алу

Төрттағандап еңбектеу. Гимнастикалық орындық бойымен допты домалату.

Мақсаты: Қабырғаға доп лақтыруға, лақтыру күші мен қабырғаға соғылған допты ұстау мүмкіндігінің өлшемін салыстыруға үйрету.

Төрттағандап еңбектеу, қимыл бағытын сақтай білуді бекіту. Шектелген жазықтық бойымен допты домалатуға жаттықтыру.

Ойын: «Балапандар»

Педагогтің белгісі бойынша әртүрлі тапсырма орындау.

1





Барлығы

72


Әдістемелік тәсілдер
«ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Қатынас адамның тіршілік әрекетінің маңызды шарты болып табылады. Қатынас адамзаттың тарихи тәжірибесі болып табылады және байланыс жасау механизмі ретінде ерте заманда пайда болып, адам нәсілінің өміршеңдігімен шарттас екендігін дәлелдеді. Адам ақпаратты қарапайым аңдар тілімен жеткізуден анық сөйлеуге дейінгі даму сатысынан өтті.

Барлық қоғамдық қызмет түрлерінде тіл, байланыс және сауаттылық барлық индивидумдардың негізі болып саналады. Ерте жастағы балалардың қатынас жасау дағдыларын дамытуда мектепке дейінгі білім беру жүйесі маңызды рөл атқарады. 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалардың сенситивті дамуының орасан зор мүмкіндігін ескере отыра, оларды сауатты сөйлеуді дамыту, тіл байлығын кеңейту, көп тілді қарым-қатынас жасау ортасына енгізу қажет. Тілді және сауаттылық дағдыларын меңгеру — күрделі процесс, оның барысында балалар басылым материалдарын қолдануды және түсінуді, сөздерді қалай қолдану керектігін, сөз мағынасы мен құрылымын оқып-үйренеді. Тілді меңгере отыра, бала идеяларды анық тұжырымдау, басқалармен бөлісу, басқа адамдардың идеялары мен әрекеттеріне жауап беру қабілеттілігін меңгереді.

Тілді меңгеретін бала аса күрделі және қуатты жүйені меңгереді. Ауызша сөйлеу, жазбаша тіл және альтернативті құралдар арқылы байланыс жасау қабілеттілігі кең ауқымды әрекеттер үшін маңызды. Танымды, логиканы және дағдыларды дамытуда тіл өмірлік маңызды рөл атқарады. Тіл, сондай-ақ, әлеуметтік құзыреттіліктің дәнекері.

Балалар тілді өз пікірлерін, сезімдерін және басқа да ойларын білдіретін құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар басқа адамдармен қатынас жасап, түсіну және түсіндіру құралы ретінде де қолданулары тиіс.

Ата-аналар, тәрбиеші және оқытушылар кішкентай бала тілін қалыптастыруда және сауаттылығын дамытуда басты рөл атқарады.

ҰБА мәліметтері (2005 жыл) тіл, байланыс жасау және сауаттылық дағдыларын бөлек компонент ретінде белгілей отыра, әр компоненттің маңызды аспектілерін алдыңғы қатарға қояды.

Бұл үш компонент бір-бірімен өзара байланысты. Мысалы, сауат ашуды ерте дамытуда тілдің кейбір дағдыларын дамыту сөздік дағдылардың дамуына әсерін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   403




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет