Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жылдық перспективалық жоспары ортаңғы топ


ҚМҰҚ Заттарды ені бойынша өсу және кему ретімен орналастыруға үйрету. Құрастыру



бет29/37
Дата21.10.2022
өлшемі62,71 Kb.
#44696
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Байланысты:
KAZ Srednyaya gruppa-1-1

ҚМҰҚ
Заттарды ені бойынша өсу және кему ретімен орналастыруға үйрету.


Құрастыру
Балаларды қағаздан орамдар, жиектер, кесектер жасауға үйрету. Ұжымдық іс-әрекет дағдыларын бекіту.



Сурет салу
2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.
Аппликация
Элементтер реттілігін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып ұлттық ою-өрнекті пайдаланып, ұлттық ыдыстарды безендіру дағдыларын қалыптастыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Музыка.
Әуені бойынша әндерді танып, олардың мазмұны туралы баяндауға үйрету. Биде ойындық музыкалық қимылдарды қолдану біліктіліктерін дамыту.
Музыка.
Ұлттық музыкалық аспаптарында ойнай білуге үйрету. Әнді бірге бастап, бірге аяқтау біліктіліктерін жетілдіру. Музыкалық қабылдауды дамыту.

Экология негіздері
Көктем мезгілінде адамдардың іс-әрекетіне зейіндерін аудару дағдыларын дамыту. Ауа райын бақылау дағдыларын жетілдіру және бақылау нәтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілеу.




Нұр төккен, гүл көктем
(IV апта)

Дене шынықтыру
1. Сызықтар арасымен (10 см арақашықтық) жүру. Қатарға екеуден, үшеуден тұрып, сапты қайтадан құру, бағдар бойынша түзелу. Допты алысқа лақтыру.
2. Қарқынды өзгерте отырып жүру және жүгіру. Допты алысқа лақтыру. Бір шеңберден екінші шеңберге біртіндеп секіру.
3. Қолдарын беліне ұстап бірқалыпты жүру, жүгіру. Бір шеңберден екінші шеңберге біртіндеп секіру.
Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары және төмен кезектестірілген адыммен өрмелеу.

Сөйлеуді дамыту
Балалардың сөздік қорын көктем туралы және құбылыстары мен белгілері жайлы кеңейту. Біріккен сөздегі екпінді буынды таба білуге үйретуді жалғастыру.
Русский язык
Учить составлять словосочетания; простые предложения из 2-3 слов; использовать знакомые слова в повседневной жизни.



ҚМҰҚ
Цилиндрмен таныстыру.
Геометриялық денелерді (куб, шар) сипап-сезу арқылы ажырату. 1-ден 2-ке дейін тура және кері санау қабілеттерін арттыру.
Жаратылыстану
Көктем мезгілінде өсімдіктердің тіршілігі туралы түсінік беру. Шөптесін өсімдіктер (4-5 түрін), жидектер, саңырауқұлақтар туралы білімдерін қалыптастыру.

Сурет салу
Балаларға суреттерінде көктемнен алған әсерін бейнелеуге, суретінің мазмұнын өздігінен анықтап, ұжымдық композицияны құруға үйрету. Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет