|
Ас атасы - нан
(ІІ апта)
|
Дене шынықтыру
1. Аяқтың ұшымен жүру, жүгіру. Бір шеңберден екінші шеңберге екі аяғымен бірмезгілде екпінмен итеріліп біртіндеп секіру және ақырындап бүгілген аяқпен жерге түсу. Ұсақ заттарды бір қолымен алысқа лақтыру.
2. Заттардың арасымен жүру және жүгіру. Ұсақ заттарды бір қолымен алысқа лақтыру. Қысқа секіртпемен секіру (демалу үзілістері бар 2–3 реттен 10 секіру).
3. Аяқтың ұшымен белгі бойынша жүру, жүгіру. Қысқа секіртпемен секіру (демалу үзілістері бар 2–3 реттен 10 секіру). Аяғын бірге, аяғын алшақ қойып ырғақты секіріп, басынан асыра қол шапалақтау.
|
Сөйлеуді дамыту
Нанның дастарханға қандай жолдармен келетіні туралы түсінік беру. Ересектердің еңбегін құрметтеуге, нанды қадірлеуге тәрбиелеу. Тілдегі дыбыстарды дұрыс айту біліктерін жетілдіру.
Русский язык
Развивать голосовой и артикуляционный аппараты, речевое дыхание, четкую дикцию. Учить правильно произносить сонорные (р,л) звуки русского языка.
|
ҚМҰҚ
Кеңістікті бағдарлау қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортада геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды анықтау.
Құрастыру
Балаларды әртүрлі «пластик» түріндегі үлгілер жасауға үйрету. Шығармашылық қиялдарын дамыту.
|
Сурет салу
Қарындашпен салуда қарапайым қозғалысты нақты беру, түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіру. Эстетикалық сезімдерін қалыптастыру, әдемілкке, әдептілікке тәрбиелеу.
Мүсіндеу
Мүсіндеудің таныс тәсілдерін пайдалана отырып, ермексаздан нанның мүсінін бейнелу. Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Музыка
Таныс емес музыкамен оның негізгі көңіл-күйін бере отырып, қимылдау, билерді сахналау біліктіліктерін дамыту. Вокалдық-хордық, музыкалық-ырғақтық дағдыларды жетілдіру.
|
|