Сөйлеуді дамыту
Шағын әңгімелерді айтып беруге үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көркем әдебиет
Кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін көруге үйрету.
Драма
Достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.
|
ҚМҰҚ
Ұқсастық және ерекшелік қасиеттерін есепке ала отырып, жуан, жіңішке белгілерін салыстыру.
3 санымен таныстыру.
Құрастыру
Қағаз парағын көлемді пішіндерге қайта келтіру, қағазды кесекке, орамдарға, ілмекке айналдыра білу дағдыларын бекіту.
|
Сурет салу
Элементтердің реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты сақтауға үйрету. Бояу түстерін таңдай білуге үйрету.
Аппликация
Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге үйрету. Желімді, сүлгіні қолдану дағдыларын жетілдіру.
Музыка
Әннің мәтініне сәйкес ойын қимылдарымен сүйемелдей отырып, әнді көңілді және емін-еркін әндетуге үйрету. Музыканың кіріспесін ажырату біліктіліктерін дамыту. Музыканың көңілді би сипатын қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Музыка
Әуеннің кіріспесі бойынша таныс әндерді тануға, олардың мазмұндары туралы айтуға үйрету. Шеңбер бойымен жүре отырып хор айту дағдыларын қалыптастыру. Музыканың ырғағын дәл бере отырып, қимылды ырғақпен екі аяқпен еркін және жеңіл секіруге жаттықтыруды жалғастыру.
|