Драма Әңгіме желісін ретімен орындау дағдыларын қалыптастыру.
ҚМҰҚ Сандарды ретімен атау біліктерін дамыту. Сезім мүшелерінің (көру, есту, иіс сезу) көмегімен санау дағдысын дамыту.
Құрастыру Құрылыс материалдарының негізгі бөліктерін, олардың бөлшектерін атауға үйрету, оларды көлемі, түсі бойынша ажырата білуге баулу.
Сурет салу Пішіні дөңгелек заттардың суретін салу және пішінін ескере отырып, қарындашпен бояу дағдыларын бекіту. Құстың суретін салып, денесінің пішінін (сопақ), бөліктерін көрсетуге үйрету.
Аппликация Қайшыны дұрыс ұстау, кесу, бөліктерді мұқият жапсыру дағдыларын бекіту. Бөліктерді дұрыс орналастырып және оларды мұқият жапсырып, суретті құруға үйрету.
Музыка. Шығарманың бөлімдерін ажырата білуге үйрету. Әртүрлі сипаттағы әндерді орындау біліктілігін жетілдіру. Қозғалысты өзгерту, шапшаңдық пен ептілік таныту біліктіліктерін дамыту.
Музыка. Шеңбер бойымен хор айтып жүруге үйрету. Сөздер мен дыбыстарды таза және анық айтуға жаттықтыру. Би қозғалыстарын, ойындық музыкалық әрекеттерді орындау дағдыларын қалыптастыру.
Экология негіздері Құстарды ажыратып, атай білуді бекіту. Табиғат бұрышындағы құстарға қамқорлық жасау дағдыларын жетілдіру.
Ғажайып қыс (IV апта)
Дене шынықтыру 1. Қозғалыс бағытын «жыланша» ирелеңдеп өзгертіп жүру. 2 метр арақашықтықта допты бір-біріне төменнен лақтыру. Доғаның астынан еңбектеу (биіктігі 40 см).
2. Түзу бағытта біркелкі қадаммен жүру және бірқалыпты жүгіру. Доғаның астынан еңбектеу (биіктігі 40 см). Биіктігі 5-10 см 2-3 заттың үстінен кезектесе секіру.
3. Жетекшінің ауысуымен, қарқынды жылдамдатып және ақырын жүгіру. Биіктігі 5-10 см 2-3 заттың үстінен кезектесе секіру. Допты жоғары лақтыру, еденге ұру және оны екі қолымен қағып алу.
Сөйлеуді дамыту Қыс туралы түсінік беру. Сурет бойынша әңгіме құруға үйртуді жалғастыру. Балалардың айтылған ойды тыңдауға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту.